Байланысты: Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі
Менің оқушыларым үшін мәтін қиын болса, мен не істеймін?
Өз тәжірибемде шешімін былай таптым:
12.
Мәтінді оқу: дауыстап оқу-оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға
болады, тағы да бір тиімділігі оқушылар бірінің қатесін бірі естіп түзетіп отырады.
Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау.
Мәтінді қарап шығып, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін табу сұралады. Содан соң сол
сөздердің мәнін көршісінен сұрасын. Әлі де анықталмаса сынып бойынша талқылауға болады. Егер
де сынып болып бұл сөздерді білмесе, онда мұғалім көмекке келеді. Бұл
INSERT әдісімен іске
асырылғаны.
Мәтінді оқып, төмендегідей белгілермен белгі қойып отырады.
«V» - бұл маған белгілі;
«+» - бұл мен үшін жаңа;
«?» - түсінбедім;
«!»- өте қызықты, ол туралы сыныптастармен әңгімелесуім керек.
1.
Мазмұнына қарау: мәтінде қарастырылған бөлімнің негізгі идеясы қандай, нені
білгенін айтады. Олар мәтіндегі негізгі тірек сөзден бастайды. Тәжірибе барысында «Мені түсін»
оқыта үйрету ойыны пайдалы болды. 10 шақты тірек сөзді айтады. Одан кейін мұғалім өзі
дайындаған түйінді сөздерімен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келетін сөздері көп
болса, сол жеңеді.
2.
Миға шабуыл: оқушылардың қиын бөлімді түсінулері үшін, мәтінді оқудың алдында
миға шабуыл жасап алған тиімді. Сұрақ: «Бұл бөлім не туралы деп ойлайсыңдар?» Осылайша
оқушылар бір – бірімен сөздік қорларымен және білетін мәліметтермен ой алмасады.
3.
Сұрақ қою: өз көзқарастарымен сұрақ құрастырып, оған ойланып жауап нұсқаларын
ұсынады. Жауаптарын тексеру үшін қайтадан миға шабуыл жүргізуге болады.Сұрақтарды Блум
таксономиясына салу.
4.
Оқығанды айту: бөлімді сынып алдында дауыстап оқу, тоқтап мазмұнын және
мәтіннің мәнін талдау.
Тәжірибем барысында мәтінді түрлі әдіспен меңгерту нәтижелі болды. Мәтін бойынша
тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, тіл үйрету сабақтарында мәтінді,
мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып, тиянақты нәтижеге қол жеткізуге
болатынына көз жеткіздім.Қазіргі заман талабы бойынша
әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып
қана қоймайды, соны өзі игеріп, талдап, пікір алмасу деңгейіне жетіп, даму үстінде болуын
қалайды.