Әдебиеттер
:
1.
Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. «Қазақ тілі сабағында оқушылардың
коммуникативтік құзырлылығын дамыту». Ғаламтор желісі
2.
Қазбекова Н.Т. «Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін
қолдану» // 12 жылдық білім, 2006-№1.
3.
«Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру». Ғаламтор желісі
«МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ»
Темірғалиева М.Ж.,
Орал қаласындағы эстетикалық
бағыттағы мектеп- гимназиясы
Орыс мектептерінде қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Мұғалімнің еңбегінің табысты болуы оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы
ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ
табысты да тиімді болады деп ойлаймын.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, сабақтың тақырыбына сай
нақты міндет қою – мұғалімнің шеберлігі. Өйткені оқушыларды терең әрі жүйелі біліммен
қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білім
алуына дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімге ой
салып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған
міндеті – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мәтінді оқып, оны өз бетінше меңгеруі әдіс-тәсілдердің тиімділігіне байланысты. Орыс
мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты- оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті
мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, ұлттық
құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең негізгі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта
мәтінмен жүмысты ұтымды үйымдастыру. Көбінесе мәтіннен оқушылар алғашқы ақпаратты ғана
алып жүр. Тиімдісі қосымша материалмен танысуы. Бірақ та оқушылар оқу үшін қосымша
материалдардың болмауынан, мұндай мүмкіндікке қолдары жетпей қалуы мүмкін. Ол үшін өз
тәжірибемде оқушыларға бір нәрсені оқуға берердің алдында оқылған мәтін негізінде құрылған
жаттығуларды орындауды тапсырамын. Мысалы, өз бетімен оқу, жұптаса оқу, топта немесе сынып
бойынша төменде берілген сұрақты талдау.
Сұрақ қойғанда жабық сұрақтардан гөрі ашық сұрақтардың қойылғаны тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |