Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет67/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

1. Дауыстап оқыту арқылы
 – тіл үйренушінің сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға 
болады, тағы да бір тиімділігі – тіл үйренушілер бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады. 
2. Іштей оқу
 – бұл жұмыстың мақсаты тіл үйренушілердің  шапшаң оқу дәрежесін анықтау. 
Мысалы:  тіл  үйренушілерге    іштей  шапшаң  оқу  үшін  бір  мәтін  беріліп,  қай  жерге  дейін  оқу 
керектігін  белгіленеді.  Әркім  белгілеген  жерге  келгенде  кітаптарын  жауып,  бітіргенін  байқатады. 
Осылайша тіл үйренушілердің  оқу шапшандықтарының мөлшерін оқытушы өзі белгілеп отырады.  
Оқылым  –  оқушының  оқу  сауаттылығын  қалыптастырудың  құрамдас  бөлігі.  Оқылым 
дағдыларын жақсартпайынша жазылым кезеңі жүзеге аспайды. Оны оқу үдемелігін қалыптастыру 


46 
 
кезеңдеріне  қарап  та  танып  білуге  болады. Ф.  Оразбаева  өз  зерттеулерінде  «оқылымның  берілген 
материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, 
қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігінің» маңызды екендігіне 
баса  назар  аударады.  Оқылым  кезінде  тіл  үйренуші  қажетті  ақпаратпен  танысады,  оны  өзінің 
тәжірибесінде  пайдалануды  негізге  алады.  Оқылым  арқылы  тіл  үйренушінің  танымы  кеңейеді, 
ойлау  жүйесі  дамитын  болады.  Оқылым  механизмдерін  қолдана  отырып,  мәтіндегі  өзіне  қажетті 
ақпаратты алатын болады [2].  
Оқылым процесі негізгі 4 компонент арқылы жүзеге асады: көру, ойлау мүшелері, тілдердің 
таңбалық  жүйесі,  коммуникативтік  қарым-қатынас.  Оқылымды  жақсарту  ол   жадағай  оқудан 
тұрмайды.  Оны  жақсартудың  жүйеленген  әдіс-тәсілдері  бар.  Солардың  ішінде  біз  жаңарған  білім 
беру бағдарламасы аясында оқылым әдіс-тәсілдерінің 3 кезеңді қамтитынын қарастырып жүрміз.  
«
Оқылым  алдындағы  кезеңде 
оқушылар  суреттерді  қалай  қолдану  керектігін,  мәтіннің 
мазмұнын табуды және зерттеуді үйреніп, өздерінің анағұрлым тиімді оқуына көмектеседі.  
Мәтінді  оқыған  кезде 
олар  маңызды  ақпаратты  қажет  емес  бөліктерінен  қалай  ажырату 
керектігін  үйреніп,  оқу  жылдамдығы  қаншалықты  артатынын  және  таныс  емес  сөздерге  қалай 
түсінік берілетінін үйренеді. 
Оқылымнан  кейінгі
 
кезеңде 
оқушылардан  қайтадан  оқып  шығып,  нақты  ақпаратты  табуды 
және оқығандарын қайтадан оқып шығып, нақты ақпаратты табуды және оқығандарын түйіндеуді 
сұрауға болады 
  
Оқылым стратегияларын  «Жылдам кездесу», «Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз», «Піспеген 
модель»,  «Белсенді  түрде  модельдеу»,  «Стоп  кадр»,  «Кітап  оқу  кезіндегі  саяхат»,  «Ақпараттағы 
олқылықтар»,  «Сен  білесің  бе?»,    «Графикалық  органайзерлер»,  «Жалғыз  құты»,  «Қос  құты», 
«Венн»,  «Уақыт  диаграммасы»  (уақыт  сызығы),«Оқиға  картасы»(Тарих  картасы),  «Торлы 
диаграмма» (Радиальді диаграмма), «Себеп салдарлы диаграмма» (Балық сүйегі немесе Фишбоун), 
« Тоғыз гауһар» ұсынамын. 
Мен  өз  сабағымда  төмендегедей  әдістерді  қолданамын.    Мәтінді  тыңдап  болғана  кейі  өз 
ойларын жеткізуде «ПОПС» формуласын пайдалануға  болады.  
«ПОПС» формуласы 
Бірінші сөйлем.  «Менің ойымша  ....................................» 
Екінші сөйлем. «Себебі мен оны былай түсіндіремін  ............................» 
Үшінші сөйлем. « Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын  .» 
Төртінші сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет