ОҚЫЛЫМ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
БАСТЫ БӨЛІГІ
Набиева С.Ш.,
№17 ЖОББМ КММ
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда шет ел азаматтарына тіл үйретуді тиімді ұйымдастыру
және іске асырудың түрлі аспектілері қарастырылып, осы пәнді оқытудың мақсаты, принциптері,
мазмұны мен әдістемесі, мәселелері, тілдік әрекет түрінде оқыту талабы алға тартылады. Біз кеңінен
оқу үрдісінде қолданып жүрген қатысымдық технология негізінен оқу материалын меңгеруге, тіл
үйренушінің тұлғасына, оқытушы мен тіл үйренушінің ынтымақтастығына бағытталу арқылы оқу
мақсатының жүзеге асырылатынын білеміз.
Сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынады. Олардың барлығы сөйлеуді
меңгеруге тікелей қатысы бар жағдаяттар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |