Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік


АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ



Pdf көрінісі
бет61/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ 
  ӘДІС-ТӘСІЛДЕР  ТҮРЛЕРІ 
 
                                                                                                      
Ержанова Б., 
                                                    «№7 жалпы орта білім беретін  мектеп» ММ 
                               қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 
 
Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке 
көтерілетін  білімді  де  мәдениетті,  денсаулығы  мықты,  парасатты  азамат  тәрбиелеп  шығару  – 
мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. 
Нағыз сабақ – әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе шәкірттер болашағын ойлай 
жасалған  еңбек  пен  тәжірибенің  бірлігі.  Педагогикалық  технологиялар  оқыту  мақсатына  жетудің 
тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.  
Осы  жолда  сабақтар сан  алуан  шығармашылық сипаттарда  құрылуы  тиіс:  мәтінді  зерттеу  – 
ізденіс сабағы, мәтін үзінділерінен белгілі бір түсінікті құрастыру сабағы, философиялық ойтолғау 
сабағы,  семинар  сабақ,  ақынмен  диалог  сабағы,  өзара  диалог  (пікірсайыс)  сабағы,  қиял  сабағы, 
конференция, дебат, қарама  -қайшылықтар сабағы, демонстрация, өлең мен қарасөздер мәтіндерін 
өзгерту  сабағы,  жағдаяттар  құру  сабағы,  оқушы  мұғалім  ретінде  өтетін  бинарлы  сабақ,  әртүрлі 
ойындар сабағы, шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы, топтық жұмыс сабағы, жоба қорғау 
сабағы,  рефлексия  сабақ,  рецензиялау  сабағы,  өзара  бақылау  сабағы,  спектакль  сабақ,  «дөңгелек 
үстел» сабағы, шығармашылық есеп сабағы, панорама сабағы (шолу сабақтарының орнына өтіледі) 
т.б.  Бұлардың  ішінде көп  қолданылатыны  –  көркем  мәтінмен  жұмыс  сабағы.  Себебі  абайтанудың 
кілті – ақынның өз шығармаларында.Мектепте Абайды оқушылар оның шығармаларын тікелей оқи 
отырып, өз көзімен, өз ойымен тануға тиіс.  
Мұғалімнің  мақсаты  –  оқушының  ізденіп,  өз  оқу  әрекетін  өзі  ұйымдастырып,  өзі  мақсат 
қойып, өзі  орындап, өзі  бақылап,  өзі  түзетіп,  өзі  бағалауға және осы  үдерістер  барысында өзіндік 
рефлексияға шығуына бағыттау жолдарын көрсету. 
Мысалы,  «Ұлылардың  үндестігі»  сабағында  сынып  оқушыларын  топтарға  бөліп  алдын  ала 
тапсырмалар  береді.  Олар  берілген    тапсырмалар  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді.  Гете 
тобы  «Вандрерс  Нахтлид»  өлеңінің  жазылу  тарихын  зерттейді.  Лермонтов  тобы      орыс  ақыны  
Гетеден өлеңнің  идеясы мен  негізін алып, өзінше өзгертіп, өлеңдегі жоқ сөздерді образды енгізіп 
өзінің  төл  туындысы  дәрежесіне  жеткізгені  туралы  әңгімелейді.  Абай  тобы  «Қараңғы  түнде  тау 
қалғып» өлеңінің аудармасына ақынның жасаған өзгерістері туралы әңгімелейді. 
Абайтану материалдары шеңберінде оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін, қабілеттерін дамыту 
–  негізгі  міндеттердің  бірі.  Мұнда  мұғалім  –  оқушының  әрі  кеңесшісі,  әрі  зерттеушілік  ізденісінің 
ынтымақтас әрекетшісі. Ол оқушыға өз бетімен айқындалған тапсырманы шешу жобасын жасауға, оны 
нақты өмір жағдайларымен байланыстыруға, әр түрлі дереккөздерден ізденіп білім жинау  (оқулықтан, 
мұғалімнен, құрбыларынан, қосымша әдебиеттерден, электрондық оқу құралдарынан т.б.) бағыттайды. 
Нәтижесінде  оқушы  Абайдың  берілген  белгілі  бір  көркем  мәтінін  түсіне  отырып,  ол  туралы  өз 
түсініктерін  байыта  отырып,  өзіндік  тұжырымдарын  өзгертеді,  жаңартады,  толықтырады,  өмірдегі 
жағдаяттармен  байланыстырады,  нәтижесінде  берілген  мәтінді  жаңа  өнімге  айналдырады.  Сабақта  өз 
бетінше  жаңа  бір  нәрсені  білуге  ұмтылу  бала  үшін  шаттық  сезіміне  айналады.    Оқыту  стандарттық 
оқуды  қайталамайтын  оқу  әрекеті  болып  табылады.  Сондықтан  оның  әдістемесі  де  өзіндік 
ерекшеліктерімен  айшықталады.  Мұнда  оқушылар  оқу  материалын  меңгеруді  ғана  емес,  сол  оқу 
материалдары  бойынша  өз  бетінше  оқу  әрекеттеріне  енуге,  ізденімпаздық  қабілеттеріне  үйренуге 
бағытталады.  Демек,  оқу  материалдары  өмірге  керек  ақпараттық,  коммуникативтік,  проблемаларды 


41 
 
шешу  сияқты  негізгі  құзыреттерді  қалыптастыру  үшін  де  қолданылады.  Өз  бетімен  жұмыс  істеу 
шарттарын оқушы бойында дағдыға айналуына қол жеткізсек – онда тұлғаның қалыптасуына, тұлғаның 
өзгеруіне, тұлғаның рефлексиясына қол жеткізгеніміз. 
Мысалы, Абай өлеңдеріндегі афоризмдер туралы оқушылардың ойын білу үшін   «Екі жақты 
күнделік»    стратегиясын  пайдалануға  болады.  Күнделіктің  бір  бөлігіне  Абай  сөздері  жазылады, 
екінші бөлігіне оқушы өз ойын жазады. 
 
                    Өлең жолы 
              Оқушының пікірі 
1.Ғылым таппай мақтанба, 
  Орын таппай баптанба. 
2.Болмасаң да ұқсап бақ, 
   Бір ғалымды көрсеңіз. 
3.Сөзіне қарап кісіні ал, 
   Кісіге қарап сөз алма. 
Адам  өмірін  босқа  өткізбей  ғылым 
үйренуі керек. 
Ғалымнан үлгі алу керек. 
 
Адамды  ақыл-ойына  қарап  бағалау 
қажет. 
 
Оқушылардың  алған  білімдерін  бекітуді    ойтолғаныс  кезеңінде  жүзеге  асыруға  болады.Бұл 
кезеңде  оқушылар  оқып  білгендерін,  үйренгендерін  топтайды,  белсенді  түрде  өз  ұғымдарын 
жаңамен  ұштастырып  қайта  құрады.  Нақты  осы  кезеңде  балалар  бар  білімдерінің  негізінде  жаңа 
білімді дұрыс пайдалана алады.Ойтолғаныс кезеңінің тағы бір сәті оқушылардың бір-бірімен өзара 
ой алмасуы.
 « 
Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы, эссе жазу тәсілдері т.б. өз нәтижелерін береді. 
Әсіресе, орыс сыныптарында Абай өлеңдерін талдауда  «Өлеңді сатылай кешенді талдау» кестесін 
пайдаланған өте ыңғайлы. 
 
Өл
еңді 
түс
ініп  
оқу 
Түсі
ніксіз 
сөзде
рмен 
жұм
ыс 
Өлең  
тақы
рыбы 
Ид
еяс
ы 
Өлең  
құрылы
сын 
талдау 
 
Көрк
емдег
іш 
тәсіл
дері 
Әр 
шумақтағы 
ой-
толғаныс 
мақ
сат
ы 
Тірек 
шума
қ 
Пайы
мдау 
Өл
еңді 
оқу 
Қана
ғат- 
довол
ьство 
асыл 
іс-
добр
ое  
дело 
Жаст
арды 
ғылы
мға 
шақы
ру 
Ғы
лым
-
үлк
ен 
қаз
ына 
Шумақ 
саны, 
тармақ 
саны, 
буын 
саны 
Бес 
асыл 
қасие
тті 
 бес  
асыл 
іске   
теңе
йді 
1 ш – 
Ғылым 
таппай 
мақтанба 
 2 ш- Бес 
асыл іс 
3ш- 
Ғылым-
үлкен 
қазына 
4ш- Сөзіне 
қарап кісіні 
ал 
Өмі
рде
н өз 
орн
ыңд
ы 
тап 

шума
қ 
шум
ақ 
шум
ақ 
Ғылы
м- 
үлкен 
қазына 
Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін мына кестемен талдауға болады: 
Тақырыптары 
Қыс 
Жазғытұрым 
Жаз 
Күз 
Кімге ұқсатады? 
 
 
 
 
Кімдерді бейнелейді? 
 
 
 
 
Табиғат суреттерін көрсететін сөздер 
 
 
 
 
 
Орыс  әдебиетінің  нәрімен  сусындаған  ақын  А.С.Пушкиннің,  М.Ю.Лермонтовтың, 
И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы қазақ әдебиетінің қорын байытып, жаңа 
бір  белеске  көтерді.  Абай  аудармаларының  ерекшеліктерін  оқушылармен  бірге  анықтаймыз. 
Өйткені орыс сыныбының оқушылары бұл ақындардың шығармаларымен таныс. 
 
Шығарма 
ның  аты 
    Кімнен    
аударылғаны 
         Абай аудармасының ерекшелігі 
1.«Евгений 
Онегин» 
А.С. Пушкин 
1.Бөлек үзінділер түрінде аударды. 
2.Көбіне хаттарына мән берді. 


42 
 
3.Абай  аудармасында  Онегиннің  Пушкинде  жоқ  ақырғы 
сөзі беріледі. 
4.Романдағы ой, сезім көркем бейнеленеді. 
2. «Демон» 
М.Ю.Лермонтов 
1.Демонның  мұсылманша  ұғымы  –  «әзәзіл»,  Абай 
«шайтан» деп алады. 
2.Діни аңызды қазақы түсінікке жақындатып аударады. 
3.  «Есек  пен 
бұлбыл» 
И.А.Крылов 
1.Крыловтың бір жолын Абай төрт жолмен береді. 
2.Ой түйіні басқаша беріледі. 
Венн  диаграммасымен  екі  ақынның  өлеңіндегі  ұқсастық  пен  айырмашылықты  анықтауға 
болады: 
Жыл  мезгілі  суреттеледі,  табиғат    көрінісі      Абай  «Желсіз  түнде  жарық  ай»,  Лермонтов 
«Гетеден» 
Қызығушылықты  ояту  сатысында  оқушылар  тек  тыңдаушы  ғана  емес,  өз  ойларын  белсенді 
білдірушілер болуы қажет. Бұл кезде мұғалім қажетті, мазмұнды сұрақтарды дұрыс қоя білуі 
керек.  
6.
 
Өлеңнің атауы саған қандай ой салады? 
7.
 
Абай  өмір сүрген заман қандай болды? 
8.
 
Абай      «  Мен  бір  жұмбақ  адаммын,  оны  да  ойла»  деген  өлең  жолы  арқылы  не 
айтқысы келген? 
Бұл сұрақтар ақынмен диалог сабағына әкеледі. 
Мәтінмен жұмыста INSERT стратегиясы әрбір баланың сөйлеуіне мүмкіндік береді. 
 V – маған бұрыннан таныс таныс ақпарат 
 +  – 
мен үшін жаңа ақпарат 
 ?  – түсінбедім 
 -  – менің бұрынғы білетініме қайшы 
Оқушылар әр сөйлемді белгілеп, мәтін мазмұнын түсіндіреді. 
Сыни  тұрғысынан  ойлаудың  стратегиясының  бірі  -  Блум  таксономиясы.  Блум 
таксономиясының  деңгейлері  төмен  деңгейден  басталып,  орта,  жоғарғы  деңгейге  дейін 
көтеріледі.  Бұлай  оқу  оқушылар  үшін  тиімді.Себебі  балалар  өздері  білетіндерінен 
бастап,бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра түседі. Сондай-
ақ берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын оятады, сыни 
тұрғыдан ойлауға белсенділігі артады. 
1-қадам: «Білу» 
1. Абай қашан, қай жерде туған? 
2. Абай білім алған үш арнаны ата? 
3. Халқына пайдалы болудың жолдарын Абай неден іздеді? 
4. Абайдың көп өлеңдері қандай тақырыптарға арналған? 
2-қадам. «Түсіну» 
1. Неліктен әкесі Абайдан үлкен үміт күтеді? 
2. Не себепті Абайдың көп өлеңдері мәдениет пен білімге арналған?  
3-қадам. «Талдау»  
Абай мен Шоқанды салыстырыңдар.( «Венн диаграммасы» бойынша) 
4-қадам. «Жинақтау» Абай туралы мазмұндаудың тірек сызбасын құрыңдар. 
5-қадам. «Қолдану» 
1.Абай туралы «Мен білемін», «Не білдім?»,  «Не білгім келеді?  деген сұрақтарға 
жауап беріңдер.(кестені толтыру) 
2. Абай туралы жаңа мәліметтер бойынша сұхбат құрыңдар. 
3. Берілген мәтін бойынша Абай туралы пікірлеріңді білдіріңдер. 
4.Хрестоматияда  берілген  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романынан  үзіндіні  түсініп 
оқыңдар, бала Абайдың бойынан байқаған қасиеттер туралы айтып беріңдер. 
6-қадам. «Баға беру» Бала Абайға хат жазыңдар.  
Өз  ойын  сараптай  отырып,берілген  тапсырмаларды  орындай  алады.  Оқушылар  арасында 
топтық  жұмыс  та,  жұптық,  жеке  жұмыс  та  орындалады.Әрбір  оқушы  өз  білімінің  деңгейін  көре 
алады,  сондықтан  алған  білімдерін  одан  әрі  шыңдай  түседі,  ойларын  қорытындылауға  үйренеді. 
Жалпы  Блум  таксономиясы  мен  сабақ  өткізудің  тиімді  жақтары  мол.Себебі:  тақырып  түгел 
қамтылады;  бір  сабақта деңгейлеп  бірнеше тапсырмалар орындалады; сабаққа оқушылар  белсенді 
түрде қатысып, өз ойын, пікірін дәлелдеуге дағдыланады; әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін-өзі 


43 
 
бағалап  отырады,  жұптық  бағалау,  ал  сабақ  соңында  топ  көшбасшылары  топты  критериймен 
бағалап отырады; мұғалім де оқушы да көп ізденуге машықтанады. 
Қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  барысында  сабақта  коммуникативтік-  танымдық мақсат  жүзеге 
асу  үшін  сөйлесім  әрекетінің  (речевая  деятельность)  бес  түрі  іске  қосылады.  Олар:  тыңдалым, 
айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет