Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет62/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Айтылым 
–  адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір 
түрі.  Ол  –  тілдік  қарым-қатынас  барысында  адамның  өз  ойын  жарыққа  шығару  үдерісі,  өз  сөзін 
екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізуі. 
Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айт. 
Пікір. Оқыған мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз. 
Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. 
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір. 
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз. 
Абайдың  «Он жетінші» қара сөзі. 
1. Ақыл мен қайратқа жол сілтейтін жүрек. 
2. Таза жүректі адамдар өмірде өз жолын дұрыс табады. 
3.Адам    жүрексіз  қара  күшіне,  байлығына  сүйенуге  болмайды.  Мысалы,  «Ескендір» 
поэмасындағы Зұлқарнай сияқты мейірімсіз болмауы керек. 
4.
Осы
 үшеуің 
бір  кісіде  менің  айтқанымдай  табылсаңдар
,  табанының  топырағы  көзге 
сүртерлік 
қасиетті адам
  
сол

Сабақта  пікірлесудің,  ауызша  сөйлесудің  барлық  түрлері  қатарынан  қолданыла  береді. 
Мысалы,  хабарламалық:  әрбір  оқушы  өзінің  ойын,  идеясын,  көңіл-күйін,  көз-қарасын,  ұсыныс- 
пікірлерін айтады.
 
Мысалы: Абайдың « Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан!» деген өлең жолдары 
бойынша  ойталқы  өткізу.  Бұл  жұмыс  түрі  о
қушының  ой-өрісін  дамытады,іздендіреді, 
мәдениеттілікке тәрбиелейді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет