Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
233
Иә, бар дүние уысына берілсе де өз еркімен бас
тартқан алла елшісінен расында жағдай талап еткен
еді.
Бірақ, бұған артынан әйелдерінің өздері де қатты
өкінді. Дегенмен, болар іс болып қойған-ды.
– ант етейік, ендігәрі мұндай талап жасамай-
мыз, алла елшісінен қолында жоқты сұрамаймыз
374
,
– десті.
Жақындарының талабына алланың елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ренжулі еді. сондықтан
ешбірімен сөйлеспей қойды.
сөйтті де өзі үйден шығып кетті. Жұбайларының
пендешілікпен дүние игілігіне құмартқанына кейіді,
ақыреттеріне алаңдады. Өйткені, пайғамбардың
көңілін қалдырған адамның жағдайы оңбайтын.
Үрейленген күйі бәрі артынан қарап қала берді.
Тек айша ғана есікті жауып жатып, бір ай келмеймін
деп айтқанын естіді.
шынында да айтқанындай күн артынан күн
өткеніне қарамастан келмеді. Бұл аналарымыздың
уайымын арттырды. Хазірет айша кеткен күнін бір
жерге жазып, жоқ күндерін санай бастады.
Ешкім тіке барып, әлдене деуге батылдық таныта
алмады. негізі өзі де мұндайды күтпеп еді. Хазірет
рабахты есікке күзетке қойып, ешкімді кіргізбеуді
тапсырды.
Бұны естіген кейбір мұнафықтардың күні туып,
мұхаммед әйелдерімен ажырасыпты деген қауесет
таратты. Бұл да жығылғанға жұдырық болды.
374
мүслим, Талақ 29 (1478)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
234
Түннің бір уағында хазірет Омардың есігін
тоқпақтаған көршісі есі шығып, «бір сұмдық болды»
деп хабар жеткізді. Хазірет Омар ғассандықтардың
мәдинаға шабуылға дайындық жасап жатқанынан
хабардар еді. сол оймен «Ғассандықтар шабуылдамақ
па?» деп сұрады. Көршісі «Жоқ! Одан да сорақы» деді.
Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше көршісі:
– алла елшісі әйелдерімен ажырасып, оңаша
кетіпті, – деді. Ондай адамды ренжітіп, ажырасқан
әйел оңбас деп Омар (р.а.) дереу мешітке келді. Барса,
жамағат мінберді айнала жылап отыр екен. Ешкім
жақ ашпайды. Өзі де барып біраз отырды. алайда,
отырумен іс шешіле ме? сосын алла елшісі не барып
жолыққанды жөн көрді. Күзетте тұрған рабахқа:
– Омар келіп тұр деп рұқсат сұра, – деді.
Хазірет рабах ішке барып келді де рұқсат етпегенін
білдірді:
– алдына бардым. сенің келіп тұрғаныңды
айттым. Бірақ ештеңе демеді. алла елшісі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) қос уәзірінің бірі хазірет Омарға да
рұқсат бермеді. Хазірет Омар кері қайтқанмен, бір
айналып келіп тағы да кіруге рұқсат сұратты. Бірақ
рұқсат берілмеді. Осы жағдай үш рет қайталанды,
бірақ ойлағаны болмады.
Хазірет Омардың беті қайтып, үміті үзіле баста-
ды. Кетіп бара жатқанында артынан хазірет рабахтың
дауысы естілді:
– сізге енді рұқсат берді!
Омар қуанып кетті. Тез-тез басып босағадан
аттады. Пайғамбарымыз жерге салынған бір
төсеніштің үстінде бүк түсіп жатыр екен. Барып
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
235
әдеппен қасына отырды. Ол келген кезде алланың
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жамылғысын
жамылды. Өзінде осы жамылғыдан басқа ештеңе жоқ
екен. мұқият қарағанда, мүбәрак денесіне төсенген
шидің іздері түскенін көрді. Тіске басардан бұрышта
бір уыс арпа ғана көзге түсті. Екінші бұрышта сонша
мөлшерде жапырақ езбесі бар еді. сосын бір қабырғаға
ілінген тері тұрды. Көргендері хазірет Омарды
қатты толқытты. Көңілі босап, көзіне жас іркілді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм).
– Әй, Хаттабтың баласы, неге жылап тұрсың?
−
деп сұрады.
– Уа, алланың пайғамбары! мен қайтіп жыла-
майын?! шиді төсеніп, денеңізге ізі батыпты. Жегенің
арпа. Кисра мен Қайсарлар сулы жерде қыдырып,
ең бір мәуілжіген жемістерді жеп жүр. алланың ең
таңдаулы құлы бола тұра қолыңдағы бар дүниенің
түрі мынау – деді.
– Әй, Хаттабтың баласы! Дүние солардыкі, ал
ақырет біздікі болғанын қаламайсың ба?
– Әлбетте, әлбетте, қалаймын, – деді. алғаш
келгендегіден біраз жұмсарғандай. Батылдығын
жинап, пайғамбарымыздан сұрады:
– Уа, расулалла, әйелдеріңмен не жағдай болды?
Егер бәрімен ажырасатын болсаң, күмәнсіз, алла
өзіңді жақтайды. Жәбірейіл мен микайыл да. Әрине,
мен, Әбу Бәкір және басқа мүминдер де. сонда да
білгім келетіні, расында әйелдеріңмен ажырастың ба?
Пайғамбарымыз «Жоқ» дегенде, хазірет Омардың
жүзі жадырады. Өйткені ішкі күдігі сейілген еді.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
236
Көңілі орнына түсті. Енді бұл хабарды жұртқа
білдіргенше асықты. мұны жасаған кезде басқа
қателік жасаудан қорыққан еді. сондықтан да
пайғамбарымызға қарап былай деді:
– Уа, расулалла! мешітке бас сұққанымда
жамағаттың «алланың елшісі әйелдерімен ажыра-
сыпты» деп қайғырып жылап отырғанын көрдім.
Барып, сенің ажыраспағаныңды айтсам ба екен?
Пайғамбарымыз:
– Қалауың білсін, – деді.
Жауапты қысқа қайырғаны көп сөйлегісі келмегені
шығар. Бірақ қысқа да болса жауап алынды. Дереу
есіктің алдына шығып, бар даусымен айқай салды.
алланың елшісі ажыраспапты!
375
Бұл бәрінің қуанышты хабары еді.
Достарыңызбен бөлісу: |