Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет97/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

248

қалдырды. сол жолмен жүргенде әлемнің өзгеретінін 



іс  жүзінде  көрсетті.  Әбу  Жаһил  мен  Әбу  ләһәбтың 

ұрпағы  да  иман  келтіреді.  Тіпті  жиырма  бір  жыл 

өздері алысқан осы діннің кең тарауы үшін жанын ая-

майтын қаһармандарға айналды.

Ендігі  кезек  ұзақ  сапарға  аттануға  жақындап 

қалғандай. Қасына жиналған аналарымыз қатты уай-

ымдап отыр. Бір уақытта маңайындағылардан:

–  мен ертең қайда болатын едім? – деп сұрады. 

Өте әдепті жан болғандықтан, сол биязылығынан 

таймады.  аналарымыздың  арасында  бөліскен 

күндері  турасында  ертең  кімнің  үйінде  болатынын 

сұрады. алайда, бәрі көзі де, көңілі де айшада екенін 

түсінді.  Бәрінің  кезекті  айшаға  бергенін  айтысты. 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін 

айша анамыздың орны айрықша еді. Өмірінің соңғы 

күндерінде ақылды, зерек адам өз қасында болуы керек 

еді. айша көрген-естіген барлық нәрсесін кейінгілерге 

жеткізуі керек еді. Әйелдерінің таңдауы алла елшісін 

де,  айша  анамызды  да  қуантты.  Пайғамбарымыз 

соңғы сапарға аттанғанға дейін күндерінің барлығын 

айша анамыздың қасында өткізбек болды

395


Бірте-бірте  жағдайы  ауырлап,  аяқ  басып  тұруға 

да  қинала  бастады.  аяғын  сүйретіп  басты.  айша 

анамыздың  үйіне  екі  кісінің  сүйеуімен  келді.  Бұдан 

былай соңғы деміне дейін осы жерде болды. 

сәрсенбі күні ауруы асқына түсті. ыстығы қатты 

көтеріліп,  есінен  танды.  анамыз  қатты  қорқып,  не 

істерін  білмей  дал  болды.  Бір  кезде  ол  есін  жинап, 

395

 Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); мағази 78 (4185); никах 103 (49190; 



мүслим, фадаилус сахаба 84 (2443) 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

249


бір нәрсе айтуға оқталды. Жанына жақындап құлақ 

салған анамыз мынаны естіді:

–  Әртүрлі құдықтардан су алып, үстіме жеті рет 

құйыңдар. мен жұртпен тілдескім келеді.

Пайғамбарымыз  науқас  кезінде  де  сахабаларын 

ойлап, оларға әлдене айтуды қалады. Тағы бір назар 

аударатын  тұс,  ауруына  шипа  болатын  емді  өзінің 

айтуы еді. 

сүйікті жарының көңіл қалауын айша анамыздың 

істемеуі  мүмкін  бе?!  Дереу  мәдинаның  жеті 

құдығынан су алдырып, науқастың денесіне құйды. 

Пайғамбарымыз енді өзін жақсы сезінгендей: 

–  Осы жетеді! – деді. 

Әрең дегенде орнынан тұрып, мешітке қарай бет 

алды. 

алла  елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 



араларына келгенін сахабалар қатты қуанды. Бірақ ә 

дегенше қуаныштары су сепкендей басылды. себебі 

ол қоштасу үшін келгендей. Әуелі:

–  Уа,  жарандар!  Бері  жақындаңдар!  менің  ма-

зарымды  ғибадат  ететін  пұтханаға  айналдырушы 

болмаңдар!

396

 – деді.


Бір  сәтте  мешіт  іші  тынышталып  қалды.  алла 

елшісінің мазар туралы сөз қозғағаны несі? Бір-біріне 

үрейлене қарасты. 

алла елшісі сөзін жалғады:

–  араларыңнан  кімді  ренжіткен  болсам,  міне 

арқам,  сабап  өшін  алсын!  Кімге  ауыр  сөз  айтып 

көңілін  қалдырсам,  келсін,  көңіліндегіні  жасырмай 

айтсын!


396

  мәлік, муатта, Касрус салат 414; Ибн сағд, Табақат 2\241




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

250

Құдды  сахабаларымен  қоштасып  тұрғандай. 



расулдың  өтінішіне  ешкім  тырс  етпеді.  Өйткені, 

бұндай  кісіде  кімнің  ақысы  болуы  мүмкін?  Бірақ 

айтқанынан  қайтар  емес.  ақыретке  кісі  ақысын 

арқалап  кетпеуге  жіті  мән  беру  керектігін  анық 

түсінген болатын.

Бесін  намазын  оқытқаннан  кейін  бағанағы 

айтқандарын  тағы  да  қайталады.  ақысы  кеткені 

болса, тартынбауын өтінді.

Бір кісі орнынан тұрып, үш дирхам алашағы бар 

екенін есіне салды. расулалла жиеніне қарап: 

–  фадл, мына кісіге алашағын бер! – деді. 

сосын сөзді ансарларға бағыттап: 

–  сендерге  ансарлардың  қадірін  білуді  өсиет 

етемін.  Өйткені,  олар  менің  жанарымның  нұры, 

көзімнің  қарашығы.  Өз  міндеттерін  толығымен 

атқарған бұл кісілер ақыретте сыяпатсыз қалмайды. 

араларыңызда  ансарлардың  саны  күн  өткен  сайын 

азаюда. сендердің біреу олардан пайда немесе зарар 

көрсе, жақсы және пайдалы болғанын құп алсын. ал, 

ұнамсыз қылығын кешірсін! 

 деді. 


мәдинаға  келген  күнінен  бастап  қазірге  дейін 

өзіне  қамқор  болғандарды  қорғап  сөйледі.  Одан 

кейін былай деді: 

–  алла  тағала  бұл  дүниенің  қызығы  мен 

ақыреттегі игіліктер арасында құлына таңдау еркін 

берді. Құлы алла құзырындағыны таңдады.

сөзін  әлі  аяқтамай  тұрғанда  мешіттің  бір 

бұрышынан: 

–  Жанымыз  саған  құрбан  болсын,  уа,  алланың 

елшісі! – деген дауыс естілді. Құлағына жеткен бұл 

дауыс  мешіт  ішін  өз  бөлмесінен  бақылап  тұрған 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет