Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет2/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

аЛҒы СӨз

мұсылман  үмбеті  пайғамбарымыздың  жұбай-

ларын  ана  ретінде  қабылдайды.  Десек  те,  бұлардың 

арасында Хадиша мен айшаның алар орны ерекше. 

Хадиша анамыз (р.а.) уаһиден он бес жыл бұрын мек-

кеде, ал айша анамыз (р.а.) мәдина кезеңінде, алла 

елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өмірінің 

соңына  дейін  үнемі  жанынан  табылды.  атқарған 

қызметтері тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл кісілер 

өз дәуірінің айрықша тұлғалары болып өмір сүрген. 

Өйткені  иман,  адалдық  және  батылдық  сияқты 

қасиеттер  ерекше  бағаланған  меккеде  алла  тағала 

Хадиша  секілді  дәулетті,  абыройлы  әрі  ақылды 

жанмен  пайғамбарымызды  қолдаса,  ақыл-ой,  қисын 

және ғылымды қажет ететін мәдинада айша анамыз 

секілді зерек те алғыр жанды пайғамбарымызға жар 

еткен. 

Хадиша анамыз қатты қиналған ауыр күндерінде 

мұхаммед  мұстафаның  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)  тірегі,  сүйеніші  болды.  Әрдайым  қасынан 

табылып,  материалдық-рухани  жағынан  ең  үлкен 

қолдаушы бола білді. 

ал, айша анамыздың жағдайы басқаша, өйткені 

ол  дін  үшін  қызмет  жасауды  қажет  еткен  мәдина 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

8

жылдарында  алла  елшісінің  жанында  болған  жеке 



уәзірі іспетті еді. Осы жағынан ол кісі мәдина кезеңін 

еске алған адамның ойына алғаш оралатын айрықша 

тұлға.  Пайғамбар  мектебінің  ең  алғыр  шәкірті 

һәм  алла  елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

құтты шаңырағының жауһары болған айша (р.анһа) 

мүминдердің  сүйікті  анасы.  алла  тағала  ол  кісіге 

дін  жолындағы  қызметін  кемшіліксіз  атқару  үшін 

ерекше зейін берген. Басты ерекшелігі сол, естігенін 

сол қалпында қабылдамай, оны Құран мен сүннеттің 

өлшемдеріне қарай дұрыс түсінетін парасатқа ие еді. 

Пайғамбар кезеңі мен болашақты бір-бірімен тамаша 

түрде байланыстырған алтын көпір міндетін атқарды. 

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

қайтыс  болғаннан  кейінгі  жарты  ғасырды  сол 

кездегі  рухани  сергектікпен  жалғастырған  ол, 

тәрбиелеген  шәкірттері  арқылы  кейінгі  кезеңдерді 

де  пайғамбар  жаққан  шырақтың  жарық  сәулесіне 

бөледі. Халифалардан бастап жер-жерден ат арытып, 

жөн  сұрай  келген  жандар  үшін  айша  анамыздың 

(р.анһа)  білімі  телегей  теңіз  еді.  Ол  пайғамбарымыз 

дүниеден  озғаннан  бастап,  сол  қоғамда  туындаған 

даулы  мәселелерде  қара  қылды  қақ  жарған  төреші, 

дін  істерінде  кездесетін  қателіктерді  түзетуші  қазы 

және исламды үстем етуде орта жолды ұстанымның 

уағыздаушысы болды. 

Ол  бар  жерде  адамдардың  бойында  ерекше  бір 

сергектік қалыптасумен бірге, ол кісінің атмосфера-

сына  енгендер  өздерін  уаһидің  әсеріне  бөленгендей 

сезініп,  алланың  елшісін  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)  көргендей  ғажайып  күйге  бөленетін.  Оның 




Алғы сөз

9

алдына барып мәселесін шеше алмай қайтқан ешкім 



болған емес. Барлық түйінді мәселелерді жан-жақты 

қарастырып, шешімін Құран мен сүннеттен іздейтін. 

Егер  осы  екі  қайнар  көзден  шешімін  таба  алмаса, 

діннің негізгі қағидаларының өлшемдеріне қарай оны 

реттеуге  тырысып,  ижтиһад,  қияс  сынды  негіздер 

арқылы міндетті түрде жол табатын. 

Ол кісі мүминдердің анасы ретінде баршамыздың 

анамыз  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан  қарағанда 

ол  кісіден  бізге  жеткен  хадистердің  арасында 

отбасыға ғана қатысты құпия мәліметтер де бар. Бұл 

мәліметтердің әрқайсысы тұрмыстағы ең ұсақ нәрсе 

болып  саналатын  істерді  діннің  қағидалары  бойын-

ша реттеуге жасаған талпыныстарының нәтижесінде 

пайда  болған.  негізінде  бұндай  үй  ішіндегі  сырт 

көзден таса қалатын іс-әрекеттердің көпшілігі анамыз 

болмаса  біз  үшін  белгісіз  болып  қалатын  еді.  Ол 

жабулы қалған мәселелерді сұрақ қою арқылы ашып, 

қарапайым  жұрттың  тікелей  келіп  сұрауға  ұялатын 

кейбір  жасырын  мәселелердің  шешімін  алла  расу-

лынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сырлас жұбайы 

ретінде сұрап біліп отырған. 

Қысқаша  айтқанда,  ол  кісі  дін  адамының  нағыз 

өзі болатын. Дінге қатысты ең өзекті хабарлар бізге 

айша анамыздан жеткен. Бәлкім содан да болса керек, 

дін  дұшпандары  оны  барлық  кезеңдерде  өздерінің 

негізгі  нысаналары  деп  санаған.  Осы  жағынан  да 

ол кісі дін жолындағы адал адамдар мен арам ойлы 

дұшпандарды  бір-бірінен  оңай  ажырата  алатын 

ғажайып тұлға еді. абдулла ибн Убәй ибн сәлул және 

абдулла  ибн  сәбәлар  тұрған  меже  мен  Әбу  Бәкір, 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

10

Омар,  Осман,  Әли  сынды  хас  мүминдердің  тұрған 



орындарын ажыратуда мүлт кетпеген деуге болады. 

Жұрт  жала  жауып,  қаралап  жатқан  кезде 

Құранның  өзі  ақтап  алып,  дәрежесінің  биіктігін 

айқындап берген айша анамыз секілді абзал тұлғаға 

тіл  тигізген  адамдардың  ақырын  алла  тағала  өзі 

реттейді. Оның үстіне пайғамбарымыздың маңайында 

мейілінше  қызмет  жасаған  сахабаларға  ала  көзбен 

қарап,  ұнатпаған  кейіп  танытқандардың  шынайы 

мүмин бола алмасы да белгілі. 

Өткен  ғасырлардағыдай  қазіргі  кезеңде 

де,  өкінішке  орай,  айша  анамыз  арқылы  дінге 

тіл  тигізілуде.  Ой-сана  кірленіп,  көзқарастар 

бұлыңғырланып  қоғам  сарсаңға  түскен  мұндай 

кезеңде  айша  анамыз  өзінің  пәк  өмірі  арқылы 

ынсабы  мен  ожданы  барларды  тағы  да  тура  жолға 

шақырып, ізгілікке үндейді. Қолыңыздағы бұл кітап 

аталмыш  үндеуге  қайырлы  бір  себепші  болады  деп 

үміттенемін...





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет