Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
20
алмай, «Әбу Бәкірдей адамға осылай істеуге бола
ма?...» – деп, оны осы жағдайға жеткізгендердің сыр-
тынан ұрысты.
Оның даусын естіп көзін ашқан хазірет Әбу Бәкір
тағы да сол сөзін қайталап:
– алланың елшісіне не болды? Жағдайы қалай?
– деді. Жаны ашыған Үммү Жәмил:
– Уайымдама, алла елшісінің жағдайы жақсы,
– дегісі келгенімен Әбу Бәкірдің анасынан тартын-
ды. алайда, жаралы Әбу Бәкірдің күтетіндей тағаты
жоқ болатын. Үммү Жәмилдің неден секем алып
тұрғанын байқаған ол анасынан жасыратын еш нәрсе
жоқ екенін білдірді. ал, анасы Үммү Хайыр болса
сөзге берік, аманатқа адал әйел болатын. Бұл жерде
айтылған сөздерді мүшіріктер естіп қала ма деп
алаңдаудың еш жөні жоқ еді. Осыны түсінген Үммү
Жәмил пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) дін-аман екенін жеткізді.
Әбу Бәкірдің жаны енді ғана жай тауып, терең
тыныстады. сөйтті де алла елшісінің қайда екенін
сұрастыра бастады.
Кеш түсіп, ел аяғы саябырсыған соң ол екі
қолтығынан екі кісінің сүйемелдеуімен Ибн Әркамның
үйіне барды. Осыншама азап пен қорлықтан кейін
қос алыптың сағынышпен көрісуі аңыз етіп айтуға
тұрарлықтай оқиға еді. алла елшісін (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) көре сала мойнына асыла кетіп бар
қайғысын ұмытқандай болды. Ол да досын қапсыра
құшақтап, жан-дүниесін астаң-кестең еткен қайғы
бұлтын сейілтердей жақындық танытты. Осы бір
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
21
орайлы сәтті пайдаланғысы келгендей Әбу Бәкір
(р.а.):
– Уа, алланың елшісі! мына кісі менің анам, мені
мәпелегендей, өз ата-анасына да жақсы қарайды. сен
алланың таңдаулы құлысың ғой, анамды исламға
өзің шақыршы. ақыреттің азабынан сақтасын деп
дұға жасашы? – деді.
Осыншалықты қиылып сұраған тілекті алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерге тастаған
ба?! Қолын жайып досының анасы Үммү Хайырға
дұға етті. шынайы дұға жауапсыз қалған ба?! сол күні
хазірет Әбу Бәкірдің отбасы өткен қиындықтарды
ұмытып ерекше қуанышқа бөленді. Басы ащы
басталған күннің кеші қуанышқа ұласты. Өйткені,
Үммү Хайыр да мұсылман болып, алғашқы иман
келтірген бақытты жандардың қатарына қосылды.
12
Әбу Бәкірдің отбасында енді мұсылмандық күш
алғандай болды. надандыққа құрылған қамалдар
біртіндеп қирап, ақылмен ойлап, парасатпен
пайымдаған әрбір отбасы мүшесі мұсылман болып
жатты. Хазірет айша анамыз да аталары Әбу Кухафа
13
мен ағасы абдуррахманның мұсылмандықты
қабылдайтын күнін асыға күтіп жүрді. Бірақ, бұл
уақыттың еншісіндегі іс еді. Бұдан былай сабырлық
танытып, әрбір істің ақырын күту керек болатын.
ал, меккеліктердің өшпенділігі күн сайын
асқына берді. Әкесі Әбу Бәкірдің көрген қорлығы
тек бұнымен шектелмеді. алла елшісін өздеріне жау
12
Ибн Хажар, Исаба 8\200 (12006)
13
Әбу Куһафа мекке жеңісінде, ал абдуррахман Хұдайбиядан кейін
мұсылман болады.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
22
жасап алған мүшріктердің әрекеттеріне қорланып,
зығырданы қайнайтын. Бір күні алла елшісін бу-
ындырып өлтірмек болып жатқан сәтте үстілерінен
түсіп:
– «раббым алла» дегені үшін адам өлтірмексіңдер
ме? – деп, мүшріктермен алыса кеткені бар
14
.
мекке мүшріктерінің бұнысы Перғауынның
әрекетіне қатты ұқсайтын. Тіпті хазірет Әли секілді
баһадүрдің айтуынша, Әбу Бәкірдің мұндай ерліктері
өзінің ерліктерінен әлдеқайда жоғары тұратын.
Өйткені, алғашқы мұсылмандар мүшріктердің
қорлығынан қорқып иманын жасырса, хазірет Әбу
Бәкір (р.а.) ешкімнен тайсалмай, мұсылман болғанын
ашықтан-ашық айтып жүре беретін
15
.
алайда, шыдамның шегі бар дегендей Әбу Бәкір
де дін дұшпандарының осыншалықты құқайынан
шаршап кететін. Өйткені, меккелік мүшіріктердің
қоқан-лоққысында саябырсу деген болмады. Құран
оқып, намаз өтеуге де қарсы болды. Әсіресе, хазіреті
Әбу Бәкір секілді жүрек тебірентер дауыспен Құран
оқитындардың үнін өшіру үшін бәріне барды.
мұндай қысымға шыдай алмаған хазірет Әбу Бәкір
Хабашстанға кетуді ойлады. Тіпті, алла елшісінен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рұқсат алып, жолға да
шықты. алайда, тағдырдың үкімі басқаша еді. Жолда
кездескен ескі досы Ибн Дуғуннә бұған келіспей,
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде беріп, оны райы-
нан қайтарды
16
.
14
Ибн Хиббан, сахих 14\526
15
Қараңыз: Хәйсәми, мәжмауз зәуәид 9\47
16
Қараңыз: Бұхари, Кәфала 4 (2175); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\198
|