Мұсылман болуы
Ес біле бастаған кезден бастап үйлерінде үнемі
Ислам туралы сөз қозғалатын. ата-анасының әрдайым
намаз оқитынын көріп, өзара шүйіркелескенде Құран
аяттарын әңгімелейтініне куә болатын. Көзінен
жасы парлап, беріле оқыған әкесінің Құранына ол да
таңырқай құлақ салып тыңдайтын. Әкесі үйден гөрі
түзде көп болатындықтан, анасы екеуі сағына жолын
тосып күтетін. Осыны білдіріп айша анамыз (р.анһа)
кейіннен былай деген:
– мен ес білгелі ата-анамның діндар екенін көріп
өстім
9
.
Пайғамбарлықтың алғашқы жылдары. расул-
алланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хирадан
қабылдап алып, жұртқа жеткізуге тырысқан ақиқат
нұры меккені енді ғана сәулелендіре бастаған кез.
сол кездерде саудамен Йеменде жүрген әкесі хазірет
Әбу Бәкір (р.а.) сапардан оралып, алла елшісіне
барып мұсылмандықты қабылдады. Бұлайша
мұсылмандықты тез қабылдау бас бостандығы бар ер
адамдардың арасында алғаш орын алды. сол күннен
бастап әкесінің үйге келіп-кетуінде бір өзгешелік
8
Бұхари, Тәфсирул Кұран 272, Әдәб 93 (5804), мүслим, рада 2 (1445),
Тирмизи, рада 2 (1148), ахмад ибн Ханбал, мүснәд, 6\177 (25482),
мәлік, рада 1 (1279), Дәрими, никах 48 (2248), нәсәи, никах 49 (227).
9
Бұхари, салат 52 (464), Кәфәлә 4 (2175), фадаил 74 (3692), Әдеб 64
(5729), ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\198 (25667), Бәйһаки, Cүнән 6\204.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
16
байқалатын. Көп өтпей анасы Үммү румән да ислам-
ды қабылдап, кезек отбасының басқа мүшелеріне де
жетті.
Бұл кездерде айша анамыз шамамен бес жаста еді.
меккеліктер Біләл Хабаши, Әбу сәләма
10
, Әрқам ибн
Әбил Әрқам және Убайда ибн Харис сияқты кісілердің
де келіп мұсылман болғанын ести бастады. Бір күні
жасының кішілігіне қарамастан әпкесі Әсмамен бірге
әкесінің нұсқауымен мұсылман болғанын жарияла-
ды. Ол кездерде әпкесі Әсма он бес жаста еді.
мұсылмандықты таңдау жағынан ол айтулы
сахабалардың да алдына шықты. мысалы, Хаббаб
ибн Әррат, Умайр ибн Әби Уаққас, мағсуд ибн Қари,
сәлид ибн амр, ағияш ибн Әби рабиға және әйелі
Әсма бинт сәләма, Хүнәйс ибн Хұзафа, амир ибн
рабиға, абдулла ибн Жахш және оның бауыры Әбу
ахмад, Хатиб ибн Харис және әйелі фатима бинт
мүжәлләл мен Хатыбтың бауыры Хаттаб және әйелі
фукайһа бинт ясар, мамар ибн Харис, Осман ибн
мазғунның баласы саиб, мұтталиб ибн Әзхар және
әйелі рамлә бинт Әбу ауф, нуайм ибн абдуллаһ, амир
ибн фухайра
11
мен Халид ибн саид ибн ас және әйелі
Үмәйнә бинт Халаф сияқты кісілер айша анамыз бен
әпкесі хазірет Әсма мұсылман болғаннан кейін келіп
иман келтірді.
10
шын аты абдуллаһ ибн абдуләсәд болған Әбу сәләма
пайғамбарымыздың әпкесі Бәрра бинт абдулмутталибтің баласы.
сонымен қатар, хазірет Хамзамен бірге пайғамбарымыздың да сүт
анасы болып келетін. Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 2\567
11
амир ибн фүхайра айша анамызға ана жағынан бауыр болатын.
Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 2\254
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
17
Осыдан бастап айша (р.а.) түскен әрбір аятпен
ақыл толыстырып, бірге өсіп, өзіне ашылған осы бір
рухани әлемде күн сайын жаңа хабармен оянатын
болды. Жәбірейілдің әкелген әрбір аяты надандық
дәуіріне тән көзқарастарды біртіндеп жойып, иман
келтіргендердің пікірін бұзылмас қамалға, қуатты
бекініске айналдырды. Ол болса зеректігімен, пара-
сат-пайымымен пайғамбарылқ келген алғашқы жыл-
дарда болып жатқан жағдайларды зерделеп, осы бір
илаһи пәрменнің, адамзатты жарыққа жетелейтін
Ислам атты нұрдың келесі ұрпаққа жеткізу керек
міндет екенін санасына сіңіріп жатқандай болды.
Достарыңызбен бөлісу: |