Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
26
Бәкір сияқты текті тұқымның ұрпағына үйлендіргісі
келді. Бұған қоса, ол кезде мекке қаласы тұрғындары
бір-бірін танитындай кішігірім ғана болатын. мутғим
ибн адий өсіп келе жатқан айшаның болашағына
үмітпен қарап, ақылды, әдепті, таза жүректі текті
қыздың өзіне келін болғанын армандады.
Хазірет Әбу Бәкір бұған жоқ демеді. «Жоқ» деген
жауап алмау ол кездің түсінігі бойынша келісім жа-
салды дегенді білдіретін. маңайды надандық жай-
ласа да хазірет Әбу Бәкір (р.а.) үшін қызының кімге
тұрмысқа шығуы маңызды мәселе болатын.
алайда, атастырайық деп келгендерден кейіннен
аса құлық байқалмады. Тіпті олар хазірет Әбу Бәкірдің
қызын келін ету-етпеу мәселесіне біртүрлі күмәнмен
қарап, ат ізін салмай кетті.
мәселе кейіннен түсінікті болды. Ел ішіндегі
жағдайдың өзгергені Ибн адийдың отбасын да
алаңдатқан көрінеді. Өйткені, Хирадан бір нұр
пайда болып, хазірет Әбу Бәкірдің отбасы сол нұрға
бөленген еді. Әсіресе хазірет Хамза мен хазірет
Омардың да мұсылман болуымен басталған жаңа
кезең Ибн адий отбасын үрейлендіріпті. шамамен
бұл кезең мұсылмандардың Ибн Әрқамның үйінен
шыққан уақытты көрсетеді. Енді меккеде уағыз
ашық түрде жасалып, ешкім ғибадатын бұрынғыдай
жасырмайтын болды. Әрине, хазірет Әбу Бәкір мен
оның мүбәрак жанұясы бұл істің ең алдында тұрды.
Ибн адийдің отбасы енді Әбу Бәкірдің отба-
сын тек алыстан бақылаумен шектелді. сірә, әліптің
артын баққанды жөн көрген секілді.