Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет16/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Қасиетті көш

Бұл  неке  туралы  келісім  жасалғанмен  айша 

анамыз  әлі  де  әкесінің  үйінде  тұрып  жатты.  Бұл 

кездері  алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

айналадағы  тайпаларды  исламға  шақыра  бастады. 

Жәрмеңкелерді аралап жүріп, ақиқатты қабылдайтын 

көзі ашық адамдарды іздеді. Осы мақсатта Таифқа да 

38

  Хаким, мүстадрак 4\6 (6716)




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

43

барғаныменен  көп  кедергіге  ұшырап,  кері  қайтуға 



мәжбүр болды. 

алла  елшісінің  өмірінен  орын  алған,  барлық 

қайғы-қасіретін  ұмыттыратындай  зор  ілтипатқа 

жеткізген миғраж оқиғасы да осы кезде жүзеге асты. 

Қою  түннің  ортасында  әл-ақсаға  барып,  ол  жерден 

жеті көктің арғы жағына сапар шегіп, сол түні қайтып 

оралды.  Бұл  оқиға  меккеліктердің  дінге  шабуыл 

жасаудағы  жаңаша  ұранына  айналды.  Өздерінің 

саяз саналарымен ойлап, терең иманның не екенінен 

мақұрым  болған  бұл  бейбақтар  мұны  мүмкін  емес 

деп біліп, адамдарды алланың пайғамбарынан суыту 

үшін таптырмас мүмкіндік деп ойлады. 

Бірақ,  олар  тағы  да  жаңылған  еді.  Иман  мен 

күпірліктің арасындағы пердені алып тастап, мүминді 

одан да күшті иманға жеткізген, ал кәпірді күпірліктің 

тұңғиығына тарта түскен осы оқиғаның нәтижесінде 

хазірет  Әбу  Бәкір  өзінің  кіршіксіз  адалдығын 

дәлелдеді.  Болған  жағдайларға  осы  отбасының  бір 

мүшесі және болашақ пайғамбар жары ретінде айша 

анамыз да куә болды. 

меккелік  мүшріктер  бұған  да  мұрын  тыжы-

райтты.  соншама  мұғжизаға  куә  болғандарына 

қарамастан  тағы  да  қарсылық  танытып,  қысым  жа-

сауды  доғармады.  Бұл  жағдайлар  пайғамбарымыз 

бен  жолдастары  үшін  меккедегі  күндердің 

аяқталғанын көрсетті. расулалла түс көріп, меккедегі 

мүшріктердің  қоқан-лоққысынан  құтылу  үшін  саха-

баларына мәдинаға көшуді бұйырды. Бірақ бұл көш 

соншалықты оңай жүзеге асатын нәрсе де емес еді. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

44

алланың  елші  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 



Әбу  Бәкірдің  үйін  өз  үйіндей  көретін.  Бұл  үйге  бас 

сұқпай кеткен күні жоқ. Болып жатқан мәселелердің 

барлығында жан жолдасымен ақылдасып шешуге ты-

рысатын. 

Бір  күні  әдеттегіден  тыс  түсте  бас  сұқты.  Бәрі 

таңданып  қалды,  балалары  жүгіріп  барып  әкелеріне 

хабар берді. 

Хазірет  Әбу  Бәкір  досына  сыралғы  еді.  Үйіне 

қай уақытта келіп, қай уақытта кететіні де өзіне бес 

саусақтай  мәлім.  Оның  үстіне  хазірет  мұхаммед 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қылдай қиянатқа жол 

бермейтін  жан.  сондықтан,  дем  алатын  уақытта 

өзгелерді мазаламағанды жөн санайтын, адам құқын 

құрметтеу  керектігін  іспен  көрсететін.  Осылардың 

барлығына  сақтықпен  қарайтын  алланың  елшісі 

тал  түсте  үйіне  келіп  тұрған  болса,  міндетті  түрде 

маңызды мәселе бар деген сөз. 

Ішке кіре сала алланың елшісі үйдегілерді меңзеп 

Әбу Бәкірге (р.а.): 

–  Оңаша әңгімелессек деп едім, – деді. Дегенмен, 

Әбу  Бәкірдің  жанұясы  сыр  сақтауды  жақсы  білетін. 

Олар  расулалланың  қасында  жүрген  аса  сенімді 

жандар болатын. сол себепті Әбу Бәкір (р.а.): 

–  Жолыңа  жаным  құрбан,  уа,  алланың  елшісі! 

Олар өзіңе жақын адамдар, – деді. 

расында,  Әсма  да,  айша  да  пайғамбарлықтың 

алғашқы жылдарынан бастап оларға ең жақын болып, 

ешкімге ләм-мим деп сыр ашқан емес. 

Өте  маңызды  мәселеге  осылай  екі  қыз  да  куә 

болды.  алайда,  хазіреті  Әбу  Бәкір  (р.а.)  әлі  де 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет