Хазірет айша


Үммү Румәнға жасалған ескертулер



Pdf көрінісі
бет15/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Үммү Румәнға жасалған ескертулер

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 

әдеттегіше  жан  жолдасы  хазірет  Әбу  Бәкірдің 

үйіне  келіп-кетіп  жүрді.  сол  кезге  дейін  жалғасқан 

жолдастық енді неке арқылы нығая түсіп, екі отбасы 

35

  Қараңыз:  нәсаи,  никах  66  (3350);  ахмад  ибн  Ханбал,  мүснәд 



6\427 (27448)

36

  Кейіннен келетін аятта бұл жағдай мынадай сөздермен түсіндіріледі: 



«Пайғамбардың мүминдердегі ақысы олардың өздеріндегі ақысынан 

көп. Әйелдері мүминдердің анасы болып табылады. алланың кітабы 

бойынша туыстар мұрагерлік тұрғысынан бір-біріне басқа мүминдер 

мен мұхажирларға қарағанда жақынырақ. Тек достарыңа жақсылық 

жасаудан тыс, яғни достарыңа өсиетпен бір мұра қалдыра аласыз. 

Бұлар кітапта жазылған» (ахзаб, 33\6).




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

41

арасында  мызғымас  байланыс  орнады.  Бұл  қарым-



қатынастар  Үммү  румән  (р.а.)  үшін  де,  қызы  айша 

анамыз үшін де ерекше қуаныш болатын. айша анамыз 

осы  некенің  себебіменен  алла  елшісін  (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  жақыннан  тану  артықшылығын 

иеленді. 

Әсіресе,  анасы  Үммү  румән  мойнына  ауыр 

жүк  артқанын  сезінетін.  сондықтан  қызының 

дұрыс тәрбие алуына бар күшін салды. Кейде өзіне 

ұнамайтын  қылығын  байқаса,  айшаға  ұрысып  та 

жіберетін.  Отбасыларына  жиі-жиі  келіп  тұратын 

аңғарымпаз  әрі  сезімтал  алла  елшісінің  назарынан 

бұл жағдайлардың ешбірі тыс қалмады.

Тағы  бір  осындай  оқиғаның  үстінен  түскен 

пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйдегі 

қарым-қатынастағы  салқындықты  сезіп,  себебін 

сұрады.  Үммү  румән  қызы  мен  арасында  өткен 

оқиғаны  айтуға  мәжбүр  болды.  алла  елшісі  Үммү 

румәнға қарап:

–  айшаға жақсы қараңыз, мен үшін өкпелетпей-

ақ қойыңызшы!

37

 – деді.


Дәл осындай жағдайды тағы да бір күні байқаған 

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  айша 

анамыздың есіктің артына тығылып жылап тұрғанын 

көрді. Жүрегі езіліп, себебін сұрағанда, айша анасы-

мен арасында өткен жағдайларды айтты. сонда алла 

елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Үммү румәнға 

қарап:

37

  Хаким, мүстадрак 4\6 (6716)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

42

–  сізге  айшаны  ренжітпеңізші  деп  өтінбеп  пе 



едім? – деді. 

алланың  елшісін  ренжіткеніне  Үммү  румән  да 

қынжылды.  Олардың  ренішіне  себеп  отбасылық 

мәселе  болатын.  айша  анасы  екеуінің  арасында 

өрбіген бір мәселені Әбу Бәкірге айтқан еді. Бұндай 

жағдайларды  естігенде  әкесі  ренжитін.  сол  себепті 

хазірет  Әбу  Бәкір  әйеліне  ұрысты.  Үммү  руман 

оқиғаның қалай болғанын нақты білдіргісі келіп: 

–  Уа,  расулалла,  айша  арамыздағы  бір  сырды 

айтып  қойды.  сол  үшін  отағасы  бізге  ашуланды,  – 

деді.

Жараның  орнын  тырнау  кімге  пайда  берген?! 



маңыздысы, ендігәрі оның қайталануына жол бермеу. 

Отағасы ретінде Әбу Бәкірдің өз үйіндегі жағдайдан 

хабардар болуы қалыпты. Дегенмен, ұнамсыз сөз бен 

дөрекі әрекеттерден аулақ тұру арадағы сырды ашып 

қоюдан да маңыздырақ. Осы себепті алла елшісі өзін 

ақтап әлектенген Үммү румәнға: 

–  мейлі, сонда да оны ренжітпеңізші

38

, – деді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет