Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
38
мәселенің маңызды екенін байқаған мутғим ибн
адий әйеліне қарап:
– Әбу Бәкірдің қызын аламыз ба, не дейсің? – деп
соңғы сөзді соның айтқанын қалады. Бұл бәлкім өзі
«жоқ» дей алмаған соң әйеліне айтқызғысы келгені
шығар.
Үйде айтқаны екі етілмейтін және баласын қатты
жақсы көретін мутғим ибн адийдің әйелі де мәселені
түсінді. Жаңа келген дін жайында көріп-естігендерін
ұнатпағанын білдіріп хазірет Әбу Бәкірге жақындады
да, бір қолымен баласын нұсқап:
– Қызыңды әперсек, күйеубалаңды да өз сеніміңе
тартарсың! – деді.
Осы сөзден барлығы түсінікті болды. Хазірет Әбу
Бәкірдің естігісі келгені де осы еді. Ибн адийдың
бұл шешіміне мұңаймақ түгілі қуанды. алланың
елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақындығын
енді туыстыққа ұластыру үшін енді ешқандай кедергі
қалмағанына анық көз жеткізді. Бір жағы келісімді
өзі бұзбаған болды. арада шешілмеген мәселе
қалмағанын байқаған ол мутғимге қарап, оның да
пікірін алу үшін:
– ал өзің не дейсің? – деді.
Ол әйелінің сөзіне ештеңе алып қоспайтынына
ишаралап:
– айтқанын өзің де естідің ғой, – деді
33
. Бұл Ибн
адий отбасының соңғы сөзі болатын.
мутғим ибн адийдың үйінен шыққан кезде хазірет
Әбу Бәкір арқасынан ауыр жүк түскендей жеңілдеп
қалды. не де болса берген уәдесін өзі бұзбады.
Бұл кездесу айша анамыздың атастыру кезеңінің
33
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\210 (25810); мүснәду айша 312; Ибн
Кәсир, сира 2\142
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
39
тәмамдалуымен бірге, жарқын бір болашаққа қарай
жасалған қадамның бастамасын байқататын кездесу
еді.
Достарыңызбен бөлісу: