Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет12/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Екінші тоқтам

Бұл  жақта  осындай  жағдайлар  болып  жатқанда 

Осман  ибн  мазунның  әйелі  хазірет  Хаулә  Әбу 

Бәкірдің  үйіне  де  соқты.  Үммү  румәнға  қуанышпен 

былай дейді: 

–  Әй,  Үммү  румән!  алланың  саған  деген 

жақсылығын қарасаңшы, бұл не деген бақыт!

Ештеңеден хабарсыз Үммү румән таңданып:

–  не үшін? – деп сұрады. Хазірет Хаулә да осы 

сұрақты күтіп тұрған еді:

–  мені қыздарың айшаны өзіне сұрау үшін алла 

елшісі жіберді, – деді.

Бұдан  асқан  бақыт  болуы  мүмкін  бе?  Жолына 

жанын құрбан етуге даяр алланың елшісі (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) қызын сұрап отыр. Қуанғаннан не 

дерін білмей қалған Үммү румән қанат бітіп ұшардай 

болды. алайда, бұл қуанышына тосқауыл болатын бір 

жағдай есіне сап ете түсті. Бірнеше жыл бұрын хазірет 

Әбу  Бәкір  (р.а.)  қыздары  айша  туралы  мутғим  ибн 

адийге уәде бергені бар. Ол өкінген кейіп танытып: 

–  мен де осыны қалар едім, алайда Әбу Бәкірді 

күтуім керек, қазір келіп қалар, – деді. 

Үммү  румән  күйеуінің  мінезіне  сыралғы 

әйелдердің бірі еді. Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) уәде берсе 

болды, дүние аударылып кетсе де уәдесінен таймай-

тын, сөзге тұрақты адам еді. 

Осы  кезде  Әбу  Бәкір  де  үйге  келеді.  Өзін 

қуанышпен қарсы алған Үммү румәнның жүзінен бір 

өзгерістің бар екенін байқады. сол кезде Әбу Бәкірдің 

назарын өзіне аударған хазірет Хаулә: 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

36

–  «Әбу Бәкір,  алланың саған деген жақсылығы 



мен  берекетіне  қара!»  –  деп  саңқ  етті.  Ол  аң-таң 

болып, әлдебір тосын сый күтті. 

Хаулә Үммү румәнға айтқандарын түгел хазірет 

Әбу  Бәкірге  де  айтты.  Бұдан  асқан  бақыт  бар  ма?! 

алайда,  Әбу  Бәкір  іштей  қобалжыған  сияқты.  Өзін 

алла  елшісіне  соншалықты  жақын  сезінгендіктен, 

екі  жан  жолдастың  бір-бірімен  осылайша  туыстық 

қатынас құруына болып-болмайтыны туралы ойлады. 

Өйткені,  надандық  дәуірінде  жақын  жолдастардың 

бір-бірімен құда болуы мақұлданбайтын. сондықтан 

да қызын меңзеп:

–  айша  өзі  алла  елшісіне  лайық  па?  айша  – 

оның бауырының қызы ғой, – деді. 

Бұл мәселені шешу де хазірет Хауләға жүктеліп, 

ол  енді  қайтадан  алланың  елшісіне  (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  барды.  Хабарды  естігенде  Әбу 

Бәкірдің  үй  іші  қуанғанын  да  жеткізді.  Жан  жолда-

сын алаңдатқан мәселені де білдірді. негізінде алла 

елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Иә» дегеннен 

кейін мұндай алаңдаушылыққа жол берудің де қажеті 

жоқ еді. Бірақ, сонда да пайғамбарымыз (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) Хауләні қайтадан Әбу Бәкірдің от-

басына жұмсап, оған былай деп ескертті: 

–  Бар  да  оған:  «Біз  екеуміз  бауырмыз,  бірақ 

бұл  дін  бауырластығы  және  сенің  қызың  мен  менің 

үйленуіме  ешқандай  кедергі  жоқ,  оған  Ислам  діні 

рұқсат етеді!» де

32

, – деді. 



32

  Қараңыз:  Хаким,  мүстадрак  2\181  (2704);  ахмад  ибн  Ханбал, 

мүснәд 6\210 (25810); Бәйһақи, сүнән 7\129 (13526)



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

37

Хазірет Хаулә бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын. 



салып  ұрып  қайтадан  Әбу  Бәкірдің  үйіне  барып, 

алла  елшісінің  хабарын  жеткізді.  Хазірет  Әбу 

Бәкірдің  жүзінен  қуаныштың  лебі  байқалды.  Ислам 

аясындағы осыншалықты жақындық енді туыстыққа 

ұласпақ.  Дегенменен,  тағы  бір  шешілуі  тиіс  мәселе 

кесе көлденеңдеді. сәл ойланған Әбу Бәкір: 

–  Біраз күте тұр, – деді де үйден шыға жөнелді. 

Оның мутғим ибн адиймен сөйлесуге кеткені белгілі 

еді. 

негізінде  Ибн  адий  Әбу  Бәкір  исламды 



таңдағаннан  кейін  әуелгі  ниетінен  айнып,  арадағы 

келісімнен бас тартқан болатын. алайда, хазірет Әбу 

Бәкір (р.а.) оларға барып, соңғы сөзді өздерінің аузы-

нан естіп, сенімді болғысы келді. 

Олар соңғы шешімді қабылдау үшін Әбу Бәкірдің 

келуін күткеннен басқа шара таппаған еді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет