Пайғамбарымыздың қыздары және
айша анамыз
Пайғамбарымыздың қыздары Зейнеп пен руқайя
айша келін болып табалдырық аттамай тұрып тұрмыс
құрған болатын. Олардың да өмірі оңай болмады.
меккеліктердің қысымына ұшырап, әкелерімен бірге
дін жолында қаншама қиындықтарға төзді. Екеуінің
үлкені Зейнеп туралы алла елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм):
– Зейнеп менің ең сүйікті қызым. менің жо-
лымда көп қиындық шекті, – деген. Зейнептен туған
Усама деген жиені алла елшісін көп айналшақтайтын.
сәждеге бас қойғанда, мойнына асылатын. Кейде
пайғамбарымыз оңдайда сәждесін соза түсетін
379
.
379
Бұхари, сүтра; мүслим, мәсәжид ; Әбу Дәуіт, салат; Дарими, салат.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
240
Жиенін жақсы көретін. Бір күні алла елшісіне сыйлық
тарту етілгенде, арасынан моншақты көріп:
– мұны отбасымның ең сүйкімдісіне беремін,
−
деді. Өзге әйелдері:
– Әбу Бәкірдің қызы алды десейші, – десті. Бірақ,
олай болмады. Пайғамбарымыз жиен қызы Үмамәны
шақырып, моншақты соның мойнына тақты
380
.
Бұл кезде руқайя анамыз хазірет Османмен некеде
еді. меккенің қиын жылдарында күйеуі хазірет Ос-
манмен бірге Хабашстанға һижрет жасаған және
кейіннен мәдина мұхажирларының арасына қосылған
болатын. айша анамыз оң босаға аттағаннан кейін
қысқа уақыттан соң өмірден озды. Бұл күйеуі хазірет
Османға ауыр тиді. Бір жағы алла елшісі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) Бәдір шайқасында жүргенде болған
еді. Хазірет Осман шарасыз түрде оны мәдинаның
топырағына тапсырған еді. Бәдірден кейін мәдинаға
оралған пайғамбарымыз қайғырып, мазарының
басына барып, руқайясы үшін дұға жасады.
сол күннен кейін-ақ хазірет Османның қабағы
ашылмады. Күйеу баласының қайғыға салынып
жүргенін көрген нәби бір күні одан:
– неге сонша қайғырасың? – деп сұрады. Хазірет
Осман:
– менің басыма келген жағдайды кім көріпті?!
аманат еткен қызыңыз қолымда қайтыс болды.
Қабырғам қайысты. сізбен арадағы туыстық байла-
ныс та жоғалды, – деді.
380
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\101 (24748); Хайсами, мәжмауз
зәуәид 9\254; Табарани, әл-мұғжамул кәбир 22\442 (1080)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
241
– Осман! Жәбірейіл періште келіп, руқайяның
сіңлісі Үммү гүлсімді де сенімен үйлендіруімді
бұйырды!
381
– деді.
Осыдан бастап хазірет Осман екі нұрдың иесі
деген мағынада «Зиннуррайн» деп аталып кетті.
Һижреттің тоғызыншы жылы Үммү гүлсім де
қайтыс болды. Әсіресе, Жәйшул Усра деп аталған
Тәбук соғысында жасаған азаматтығына тәнті болған
байланысты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
– Үшінші қызым болса, оны да Османға берер
едім
382
,– деген.
алла елшісінің қыздарының арасында айша
анамызға ең жақыны фатима болатын. Біраз уақыт
бір үйде ортақ өмір сүргенмен кейіннен ол да
хазірет Әлимен тұрмыс құрды. Оны бұл тойға
дайындаушылардың басында айша анамыз тұрды.
сол күн туралы ардақты анамыз былай дейді:
– расулалла бізге фатиманы ұзатуға дайындауды
бұйырды. Дереу үйге бардық. Батха жерінен жұмсақ
топырақ әкеліп жерге төседік. сосын екі жастықтың
ішін талшыққа толтырдық. Құрма мен жүзім, тәтті су
дайындадық. сосын үйдің бір бұрышына үстіне киім
және ыдыс ілу үшін ағаш қойдық. мен фатиманың
тойынан асатын той көрмедім
383
.
Хазірет Әлимен некелескеннен кейін фатима мен
айша анамыздың бөлмесін бір қабырға ғана бөліп
381
Ибн мажә, мұқаддима 1\40; Хаким, мүстадрак 4\54; Табарани, әл-
мұғжамул кәбир 22\436
382
Ибн сағд, Табақат 3\56; Табарани, әл-мұғжамул кәбир 17\184
383
Ибн мажә, никах 24 (1911)
|