Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет102/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

ХаЛИфаЛаР МЕн ХазІРЕТ  

МұҒаУИя КЕзЕҢІ

Бір  жақта  осындай  қайғылы  жағдайлар  орын 

алып жатса, келесі жақта өмір жалғасып жатты. Енді 

араларында  бір  мәселе  туындаса,  барып  сұрайтын 

пайғамбарымыз  жоқ.  алайда  ең  көп  уақытын  соны-

мен бірге өткізген айша анамыз бар еді. 

Енді жұрт мәселелерін айша анамыздан сұрады. 

Қандай да бір түсініспеушілік орын алғанда, ол іске 

айша  анамыз  барып  араласатын.  Қысқасы,  уағыз 

жұмыстары  тоқтаған  жоқ.  Бір  айырмашылығы,  бұл 

жолғы  уағыз  жүргізуші  айша  анамыз  болатын.  Ол 

жинақтаған ілімін басқалармен бөлісіп, кейінгілердің 

дін  турасында  дұрыс  мағлұмат  алуын  қамтамасыз 

етті. анамыз бұл қызметті мейлінше аянбай атқарды. 

сондай  табанды  әрекеттерінің  бірнеше  мысалын 

төменнен көруге болады:

Бір күні сахабалардан Әбу сәләмә мен біраз кісінің 

арасында дау туындап, жер мәселесін шеше алмады. 

соңында  Әбу  сәләмә  мәселені  айша  анамызға 

білдірді.  сірә,  қолдауын  аламын  деп  ойласа  керек. 

алайда, айша анамыз оны тыңдағаннан кейін:



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

262

–  Әй, Әбу сәләма! сен бұл жер ісінен аулақ тұр. 



Өйткені,  мен  расулалланың  «Жер  мәселесінде  кім 

бір қиянат жасаса, мойнына ертең жеті қат топырақ 

салыну арқылы азапталады» дегенін естідім!

417


 – деді.

Бір күні бір кісі келіп, кейбіреулердің бір түнде, 

бір-екі  отырыста  Құран  оқитынын  әңгімеледі. 

мақсаты мұның қаншалықты дұрыс екенін білу еді. 

анамыз оған қарап:

–  Олар оқуын оқиды, бірақ түп негізіне сай етіп 

оқымайды.  расулалла  екеуміз  түнде  тұрып  намаз 

оқитынбыз.  Ол  «Бақара»,  «Әли  Имран»,  «ниса» 

сүрелерін оқитын. Ішінде үрей туғызатын аяттар кез-

дессе, дереу дұға етіп, ондай жағдайға тап келтірме 

деп  сиынатын.  ал,  ішінде  сүйінші  хабарлары  бар 

аятты  оқығанда,  тағы  да  дұға  етіп,  алладан  соны 

қалап сұрайтын

418


, – деді.

Бұрынғы әдетпен жұрт тәбәрік ниетімен дүниеге 

келген  сәбилерін  пайғамбарымыздың  үйіне  апа-

ратын.  айша  анамыз  сәбилерге  дұға  етіп,  береке 

тілейтін.  Осындай  бір  күні  құшағына  алған  баланы 

жатқызып  жатқанда,  жастығының  астынан  пал  ашу 

ісінде қолданылатын тұмар сияқты бір нәрсе шықты. 

сол-ақ екен баланың шешесінен:

–  Бұл не? – деп сұрады.

–  Жын-шайтандардан қорғасын деп қойған едік, – 

дегенді естігенде, қабағын шытты. мұндай әрекеттер 

ертең көптеген қателіктерге жол ашатындықтан, оны 

417

  Бұхари, мазалим 14 (2321); Бәдул Халқ 2 (3023); мүслим, мұсақат 



142 (1612)

418


 ахмад  ибн  Ханбал,  мүснәд  6\92  (24653);  Хайсами,  мәжмәуз 

зәуәид 2\282




Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

263


дереу  алды  да,  бір  шетке  тастады.  сөйтті  де  былай 

деді:


–  расулалла  бал  ашуға  тыйым  салды  және  ол 

мұны жасағандарға қатты ашуланатын

419

.

Әсіресе,  жаңа  жерлер  бағындырылғанда  кез-



дескен  жаңа  ішімдік  түрлеріне  қатысты  сұрақтар 

туындады.  мәселе  айша  анамызға  жеткенде,  ол 

мәселелерді  мұқият  қарады.  алла  расулының  осы 

жөнінде  айтқандарын  еске  салып,  өздері  білмейтін 

мұндай  ішімдіктерден  аулақ  тұруды,  ұнап  тұрса  да 

ішпеуді ұсынды

420



Қажылық  маусымы  келіп,  меккеге  қарай  жолға 



шыққанда  әйелдер  де  оған  неше  түрлі  сұрақтар 

қоятын.  Жолда  бара  жатқанда  анамыз  әйелдерді 

бастап келе жатқан имам сияқты болып көрінетін

421


минадағы кезінде бір топ жастардың өзара күлісіп 

жатқанын көріп, қасындағылардан сұрайды:

–  Олар неге күліп жатыр?

–  Пәлен деген адам шатырдың жібіне шалынып 

құлап, мойны үзіліп, көзі шыға жаздапты, – дейді. 

–  Күлмеңдер, мен расулалланың «мұсылманның 

аяғына батқан тікен немесе осы сияқты ауруына бай-

ланысты  оған  бір  дәреже  беріледі  және  сол  арқылы 

бір  қатесі  кешіріледі»  дегенін  естіген  едім

422

,  –  деп 



ескертті.

419


  Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\314 (912); Исхақ ибн рахуа, мүснад 

3\1001 (1735)

420

 Бұхари,  Әшрибә  7  (5273);  мүслим,  Әшрибә  35  (1995);  нәсәи, 



Әшрибә 48 (5681)

421


  Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\225 (25923), 140 (25134)

422


  мүслим, Бирр 46 (2572), Тирмизи, Жәнәиз 1 (965)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

264

Басы ашық түрде намаз оқыған қыздың отбасына 



ескерту жасап, расулалла кезеңінде басынан өткен бір 

оқиғаны айтып берген

423



Қызын  тұрмысқа  бермекші  болған  бір  әйел 



барып  жолығып,  бір  қиындықтан  қалай  өтуге  ақыл 

сұрады. Өйткені той күні жақындағанына қарамастан 

қызының  шашы  түсіп,  қандай  шара  қолданса  да 

жазылмаған  екен.  шешім  ретінде  оның  есіне  шаш 

жалғау  түсіп,  анамыздан  мұның  үкімін  сұрайды. 

сонда анамыз оған:

–  расулалла  шашына  шаш  жалғатқан  адамға 

да, осы істі кәсіп етушіге де лағынет айтқан!

424

 – деп 


ескертті.

алдындағы  адамның  кім  екеніне  қарамастан 

ақиқатты тайсалмай айтатын. Осы қасиетін білетіндер 

оны іздеп барып ілім сұрауын тоқтатпаған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет