Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет101/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

258

Бұл  алла  елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 



ұқыптылығы болатын әрі мәңгілік әлемге кетерде де 

тістің тазалануы керектігін іс жүзінде көрсеткісі кел-

гендей. Бір кезде:

– 

Лә иләһә илләллаһ, (Алладан басқа құлшылыққа 



лайықты Құдай жоқ), расында өлімнің ащы дәмі бар 

екен,

 – деді


410

.

Тістерін тазалап, саусағын жоғары көтерді. Көзін 



көкке қадап, еріндерін қимылдатып жатты. не дегенін 

тыңдау үшін анамыз құлағын тосқанда мына сөздерді 

естіді:

– 

Пайғамбарлар,  шейіттер  және  салихтар-



дан  нығметке  бөлегендеріңмен  бірге  маған  да 

кешірім етіп, мейірім құшағыңды аш. Енді мені ұлы 

достығыңа  қабылда.  Алла  тағалам,  мені  Сенің  ұлы 

достығыңды қалаймын! Алла тағалам, мен Сенің ұлы 

достығыңды қалаймын!

411


 

анамыз  тағы  да  алаңдай  бастады.  Өйткені  сау 

күндерінің бірінде оның:

«Жұмақтағы орнын көрмейінше еш нәби қайтыс 

болмайды. Содан кейін не өмір сүруді жалғастырады 

немесе  ақыретке  таңдау  жасауы  керек  болады» 

дегенін естіген-ді. Соңғы сөздерін естігенде осы есіне 

түсіп, іштей «Енді бізбен бірге болмас»

 деді


412

.

міне,  бұл  жер  сөздің  түгесілген  жері  еді.  сөз 



біткен  жерде  ұлы  Жаратушыға  шын  көңілден  жал-

барыну мүмин үшін ең маңызды мәселе. анамыз да 

Бұхари, Хумус 4 (2933), мағази 78 (4186), никах 103 (4919)

410


  Бұхари, риқақ 42 (6145); Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\31 (78) 

411


 Ибн сағд, Табақат 2\229, Бұхари, Тәфсир 69 (4310), Ибн мажә, 

Жәнәиз 64 (1620); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\74 (24498)

412

  Бұхари, мағази 79 (4194); мүслим, фадаилус сахаба 13 (2444); Ибн 



мажә, Жәнәиз, 64 (1620)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

259


соған жүгінді. Пайғамбардың қолынан ұстаған қалпы 

жалбарынып, аллаға дұға етті. 

Осы сәт оқыс жағдай болды, қолын алла елшісі 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  тартып  алды.  Бұл 

айрылысудың  уақыты  жеткенін  білдірді.  Осы  бір 

сәттен соң дүниеде қалуды қаламасы белгілі еді. 

Пайғамбарымыздың  қолы  анамыздың  қолынан 

сырғып барып, жанында тұрған су толы кесеге тиді. 

Бұл кезде мүбәрак басы анамыздың кеудесіне сүйеулі 

еді


413

анамыз үшін сол күн өмірінің ең қайғылы күні 



ретінде  есінде  қалды.  Қолымен  бетін  жауып,  өксіп-

өксіп жылады

414



сонда да мықты болуға тырысып, әуелі мәйіттің 



басын жастық жастап, сосын барып жұртқа қайғылы 

хабарды естіртті.

арамызға  қашан  оралар  екен  деп  күткен 

сахабаларға  да  бұл  өте  ауыр  соқты.  мәдинаның 

аспанын демде қара бұлт торлағандай. Хазірет Омар 

секілді  не  істерін  білмей  қалғандар  және  ол  жоқ 

дүниеде  өмір  сүруді  керексіз  санағандар  да  бар  еді. 

алайда, өлім де алланың бір бұйрығы екені шындық.

Ендігі  кезек  соңғы  міндетке  келді.  абдыраған 

сахабалар  мәйітті  қайда  жерлеуді  білмеді.  Бір  кезде 

хазірет Әбу Бәкір: 

–  Бір  естігенімді  ұмытқан  екенмін,  сол  есіме 

түсті.  Көзі  тірісінде  былай  дегені  бар:  «алла  тағала 

пайғамбарының жанын өзі жерленетін жерде алады». 

413

  Қараңыз: Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); мағази 78 (4185), никах 103 



(4919), мүслим, фадаилус сахаба 84 (2443)

414


  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\274 (26391)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

260

Ендеше, мәйітті төсегі тұрған жерге жерлейік



415

, – деп 


ақыл айтты.

Иә, пайғамбарлар өзі көз жұмған жерге жерленетін. 

Осы  негізбен  айшаның  (р.а.)  бөлмесіне  жерленді. 

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) қызына:

–  міне,  сенің  айларыңның  ең  қайырлысы  осы! 

Бұл – біріншісі, – деді. Бәлкім, мұны тек айша анамыз 

ғана  түсінген  шығар.  Өйткені,  бірнеше  жыл  бұрын 

бір түс көріп, үш айдың қатарынан өзінің бөлмесінде 

туғанын  көрген  болатын.  мұны  айтқан  күні  әкесі 

оған:


–  Егер  бұл  түсің  рас  болса,  жер  бетіндегі  ең 

қайырлы  үш  кісі  сенің  бөлмеңе  жерленеді,  –  деген 

еді

416


алланың елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

әлі де өзінің жанында сезінгендей. Бұл орын оған өте 

ыстық  болатын.  Бұл  жерден  тек  қажылық  пен  ұмра 

және  өзге  де  маңызды  істерде  ғана  кететін.  Қалған 

уақыттарында бұл жерден бір елі ажырамады әрі бұл 

өмірінің соңына дейін жалғасты.

415


  Тирмизи, Жәнәиз 33 (1018); Исхақ ибн руқия, мүснәд 3\738 (1347); 

Харис ибн Әби Үсама, мүснәдул Харис 2\885 (955) 

416

  Хаким, мүстадрак 3\62 (4400), 3\63 (4401), 4\437 (8192) мәлік, му-



атта Жәнәиз (1\232) (548), Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\47, 48 

(126, 127)




261



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет