Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет109/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Хазірет Осман (р.а.)

айша  анамыздың  іліміне  жүгіну  хазірет 

Османның  тұсында  да  жалғасын  тапты.  Ислам 

жағрапиясы  кеңейе  түскен  сайын  сұрақ  сұрап 

келушілер  де  толастамады.  Хазірет  Осман  да 

солардың бірі еді. 

Пайғамбарымыздың  әйелдеріне  хазірет  Осман 

да  айтарлықтай  көңіл  бөлді.  аналарымыздың  бір 

айтқанын  екі  еткізбеуге  күш  салды.  Халифалық 

ауыр  міндетті  мойнына  алғандықтан,  хазірет  Омар 

кезеңінде  бірге  баратын  қажылыққа  енді  қосылып 

шыға  алмайтын  болды.  Дегенмен,  өз  орнына 

хазірет  абдуррахман  инб  ауфты  жіберді.  Қасына 

хазірет  Омардың  жездесі  саид  ибни  Зәйд  секілді 

беделді  кісілерді  қоса  (ашараи  мубашшараның  бірі) 

тағайындады

445



расулалланың  өзі  ұялған  хазірет  Османнан 



айша  анамыз  да  қысылатын.  Өйткені,  ол  туралы 

пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

–  Періштелер  ұялған  адамнан  мен  қалай 

ұялмаймын

446

,  –  дегенін  естіген.  Бұған  қоса, 



пайғамбарымыз екі қызын хазірет Османмен некелеп, 

қаншама рет оған дұға еткені бар

447

.

Он  екі  жылдық  халифалық  кезеңнің  алғашқы 



алты  жылында  тыныштық  басым  болды.  алайда, 

екінші  алты  жылдыққа  аяқ  басқанда,  алдағы  қиын 

жылдардың  белгісі  байқалып,  бірқатар  адамдардың 

445


  Тахмаз, әс-сәйидәту айша 96

446


  мүслим, фадаилус сахаба 36 (2401); Бұхари, Әдәбул муфрад 1\211 (603)

447


  ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\261 (26290), сондай-ақ, қараңыз: Тах-

маз, әс-сәйидәту айша 97




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

282

бас  көтеруі  белең  ала  бастады.  Өйткені,  халифа 



туралы өзгеше ойлайтындар кезікті. Тіпті, халифаға 

қарсылықтарын  ашық  білдірді.  Олардың  арасында 

халифаны бетке алып исламға күйе жағуды қалаған 

Ибн  сәбә  сияқты  шектен  шыққандар  да  жоқ  емес 

еді.  Хазірет  айша  бұларды  естігенде  ренжіп,  бүлік 

тудырғандарға:

–  Османды  тілдегендер  қандай  лағынетке 

ұшырайтынын  білмейді.  алла  да  оларға  лағынет 

айтады.  Өйткені,  бір  күні  мен  расулалланың  тізесін 

Османның  тізесіне  тигізіп  отырғанын  көрдім.  Осы 

кезде  уахи  келіп,  мен  расулалланың  маңдайындағы 

терді сүрттім. Оның үстіне расулалла қатарынан екі 

қызын соған некеледі. сондай-ақ, оған «Жаз, Осман-

жан!» деп ілтипат көрсететін. ұмытпаңдар, нәбиінің 

алдында  осындай  құрметті  жан  алла  тағаланың 

құзырында да қадірлі екені сөзсіз!

448

 – деді.


Бұған  қоса,  пайғамбарымыздың  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) үш рет:

–  Осман,  бір  күн  келеді,  алла  тағаланың 

бұйрығымен жұрт саған маңызды бір көйлек кигізеді, 

мұнафықтар  алланың  кидірген  осы  көйлегін  сенен 

шешіп алғысы келсе, өз еркіңмен шешуші болма!

449

 – 


дегенін айтады. 

Әрине,  айтпағы  мұнымен  шектелмеді.  ауырып 

жатқанда пайғамбарымыз:

448


 ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\250 (26173), Ибн Кәсир, әл-Бидая 

7\209. сондай-ақ, қараңыз: Бути, айша 107, 108

449

  ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\149 (25203), Хаким, мүстадрак 3\106 



(4544), Ибн Хиббан, сахих 15\346 (6915)


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

283


–  Қасымда  біраз  сахабаларымның  болғанын 

қалаймын, – деді. мұны естіген анамыз:

–  сізге  Әбу  Бәкірді  шақырайын  ба?  –  деп 

сұрайды. Үндемегенін байқап:

–  Омарды  шақырайын  ба?  –  деді.  Тағы  да  үн 

қатпады.  Бірақ  әлдекімді  көргісі  келгені  анық  еді. 

Бірақ өздігінен тіс жармады. анамыз:

–  Қаласаңыз, Османды шақырайын? – дегенінде,

Пайғамбарымыз күлімсіреп:

–  Иә, – деді.

сөйтіп, хазірет Османды шақырып, алла расулы 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екеуі ұзақ әңгімелесті. 

Бұл  кезде  хазірет  Османның  реңі  құбылып  отырды. 

алла  расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  бүлік 

шыққан  кездердегі  арқалаған  жүгінің  ауырлығын 

ескертіп,  ғайыптың  пердесін  түргендей  сол  күндері 

шыдамдылық  танытуы  керектігін  ескертті.  арадан 

бірнеше  жыл  өтіп,  өзін  қоршап  алып,  қастандық 

жасамақ болғандарға былай деді:

–  расулалла  маған  осы  күнді  айтқан  еді.  Дәл 

бүгін сабыр сақтауым керек!

450


Хазірет  Османның  алла  мен  пайғамбар  орнын 

жақсы  ұғынғандардың  бірі  айша  анамыз  екені 

белгілі. соған қарамастан кеткен қателік болса, тар-

тынбай  айтатын.  Әсіресе,  саяси  шешімдерде  кеткен 

қателіктерді ескертіп, алла мен пайғамбардың досы 

болған адамға ескерту жасаудан бас тартпаған. 

Ол кезең бір жағынан мұсылман аумағы кеңейіп, 

бір  жағынан  ішкі  кикілжіңдер  бой  көтере  бастаған 

450

  Тирмизи, мәнәқиб 19 (3711); Ибн мажә, Иман 11 (113), Тахмаз, әс-



сәйидәту айша 98




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет