Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
278
Енді соза берсе, ол тілегіне жете алмасын сезіп,
баласы абдулланы шақырып:
– мүминдердің анасы – айшаға жолық.
Бірақ, оған «мені мүминдердің басшысы жіберді
деме!» Өйткені, мен енді мүминдердің басшысы
емеспін, «Хаттабұлы Омар жіберді» де. сосын «Екі
жолдасының қасына жерлену үшін сізден рұқсат
сұрайды» деп айт! – деді.
Хазірет Омар тілегін жеткізгенде, айша анамызға
қысым жасамаған. лауазымын қолданбай, қатардағы
қарапайым адам ретінде тілегін жеткізген.
Хазірет абдулла дереу айша анамызға барды.
анамыз ауыр хабарды естіп, көзіне жас алды. абдул-
ла:
– Әкемнің сізге сәлемі бар. Екі жолдасының
қасынан жер тисе дейді, – деді.
расулалла мен адал дос Әбу Бәкірдің жанына
жерленуді кім қаламайды?! Бұл айша анамыздың
да ішкі қалауы еді. Бірақ олар мүмин бауырларының
қалауын артық көретін. сондықтан Ибн Омарға қарап
былай деді:
– Ол жерде өзіме арнап жүр едім. Бірақ Омардың
айтқаны болсын!
Өзінің де соны қалағанына қарамастан, хазірет
Омарға рұқсат берді. Қуанышты хабарды алған аб-
дулла шапшаң басып шығып кетті.
мына жақта оның келе жатқанын көргендер
хазірет Омарға:
– Әне, ұлың келе жатыр! – деді.
Омар қатты алаңдаулы еді. Тіпті қандай хабар
әкелетінін уайымдағаны шығар орнынан түрегелгісі
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
279
келіп, бірақ дәрмені жетпеді. Қасындағылар демеп
жатты.
Осы кезде абдулла да келді. Одан:
– Қандай хабар әкелдің? – деп сұрағанда:
– Қалауыңыз орындалды, әй, мүминдердің бас-
шысы! анамыз рұқсат берді, – деді ол. Хазірет Омар:
– Әлхәмдулиллә, енді маған сол жерде жатқаннан
маңызды нәрсе жоқ, – деп қуанғанын білдірді.
Қансырағанын енді елемеді. соңғы тілегі орын-
далып алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мен оның алғашқы халифасы хазірет Әбу Бәкірдің
қасына жерленетін болды. Терең дем алды. Уайымы-
нан арылды.
Әне-міне дегенше қоштасатын да уақыт жетті.
алайда, көңілінде бір алаң бар еді. рұқсат алуын
алды, бірақ бұл рұқсатты халифалық лауазымының
ықпалымен алынған болуы мүмкін екенін ойлады.
сондықтан да мұны тағы бір рет анықтағысы келді.
Тағы да ұлын шақырып:
– абдулла, мен өлген соң төсегіме жатқызыңдар.
сосын есіктің тұсына дейін мені апарып сол жерге
тоқта да «Хаттабұлы Омар сізден рұқсат сұрайды»
деп тағы да дауыста. айша рұқсат берсе ғана мені
сол жерге көм. Егер алдыңғы ойынан бас тартқан
болса, мені де қатардағы халықтың мазаратына
көмерсің. Өйткені, маған рұқсат бергенде халифалық
лауазымның мысы басқан болуы мүмкін, – деп тап-
сырды.
Өліммен арпалысып жатса да осыны ойлаған еді.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
280
сөйтіп, хазірет Омар да мәңгілік сапарға аттан-
ды. мәдина үлкен қайғыға батты. Ендігі кезекте оның
өсиетін орындау тұрды.
Әкесі айтқандай ұлы есіктің тұсына келіп, айша
анамызға дауыстап әкесінің тілегін ескертті. анамыз
таң қалды. Хазірет Омар өмірден өтіп бара жатып та
әдептілікті үлгі етті.
Хазірет Омар өзіне жарасымды сыпайы мінез та-
нытты. айша анамыз да екі сөйлемейтінін білдіріп,
рұқсат бергенін екінші рет қайталап жатуды артық
деп санады. Дегенмен жұртты алаңдатпау үшін
рұқсат бергенін тағы да қайталап айтты. сөйтіп
хазірет Омар айша анамыздың жол берумен өзіне ет-
жақын достарының жанына жерленді
443
.
сөйтіп, айша анамыздың бірнеше жыл бұрын
көрген түсі толығымен орындалып, үйіне үш ай да
туған еді.
Хазірет Омардың осы жерге жерленуі анамыз
үшін жаңа бір кезеңнің басталғанын білдірді. Өйткені,
сол кезге дейін пайғамбарымыз бен әкесі хазірет
Әбу Бәкірдің жанына келіп, оларды зиярат еткендегі
еркіндік енді жасалмайтын болды. Қастарына хазірет
Омар жерленген күннен бастап енді ол жерге үсті-
басын қымтанып кіретін болды.
Ол тұсқа төртінші кісі сыймайтын. сол күннен
бастап айша анамыз осы бөлменің қасындағы бір
орынға көшуге мәжбүр болды
444
.
443
Бұхари, фадаилус сахаба 8 (3497); Бәйһақи, сүнән 4\58 (6874); Ибн
Әби шәйба, мұсаннаф 3\34 (11858), 7\436 (37059)
444
Қараңыз: нәдәуи, сирату сәидәти айша 154, 155
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
281
Достарыңызбен бөлісу: |