Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет116/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

299


Тіпті, сол күні хазірет Зүбәйр анамызға:

–  алла  енді  келісімге  жеткізген  кезде  кері 

қайтасыз  ба?

471


  –  деді.  Көпшіліктің  біразы  осы  ойда 

екенін білдіріп:

–  Жолды  жалғастырайық.  алла  адамдар  ара-

сында келісімді нәсіп етсін

472

, – деді. негізінде бұлар 



келісімнің жасалуына деген қажеттіліктің бір көрінісі 

болатын әрі анамызбен бірге әрекет еткендердің ортақ 

пікірі еді.

Кері қайтқан жөн екеніне көзі анық жетті. Түнді 

осы  жерде  өткізіп,  таң  ата  мәдинаға  қарай  жолға 

шықты. 


Бірақ бұл жерде басқалардың да жоспары килікті. 

абдулла ибн сәбә мен жолдастары олардың кеткенін 

қаламай,  екі  жамағатты  соғыстыру  үшін  түнде 

қитұрқы  жоспар  құрды.  Ортаның  тыншуы  олар 

үшін  пайдасыз  еді.  Өйткені,  келісім  олардың  зия-

нына  шешіліп,  осы  жағдайға  жеткізу  үшін  жылдар 

бойы  төккен  терлері  босқа  кеткелі  тұр.  сондықтан 

міндетті түрде бір шараға жүгіну керек еді. Әйтпесе, 

енді олардың алдында төтеп бере алмай, өздерін көп 

жасыра  алмас  еді.  сөйтіп,  бір  шешім  қабылдады. 

Топтар  бірігіп  өздеріне  қарсы  жүрмей  тұрғанда  бір 

жолын тауып оларды бір-біріне қарсы қоймақ болды. 

Ибн Хиббан, сахих 15\126 (6732), Хәйсәми, мәуаридиз заман 1\453 

(1831), Ибн Әби шәйба, мұсаннаф, 7\536 (37771) Табарани, әл-

мұғжамул әбсад 6\234 (2676)

471


  ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\97 (24698), Хаким, мүстадрак 3\129 

(4613), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 7\234

472

 ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\92 (24299), Ибн Хажар, Тәһзибут 



тәһзиб 8\346


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

300

солай  болды  да.  Түннің  қараңғысында  екі 



жаққа  бірден  шабуыл  жасады.  айша  анамыз  жаққа 

шабуылдағандар  өздерін  хазірет  Әлидің  әскері  деп 

танытып,  ал,  хазірет  Әлиге  шабуылдағандар  айша 

анамыздың атын ұрандады. 

Үлкен әбігер басталды. Екі жақтың сарбаздары да 

кенеттен шабуылдағандардан қорғану үшін ұйқыдан 

тұра  сала  қаруға  жармасты.  Осы  кезде  жоспар  бой-

ынша  өздеріне  қиянат  жасалғанын  айтып,  көмек 

сұраушылар да кездеспей қалмады

473


мүмін  берген  уәдесінде  тұрып,  ешқашан 

сатқындық жасамауы тиіс. Бірнеше сағат бұрын ғана 

өзара  келісім  жасалмады  ма?  мұндай  жайт  орын 

алмауы тиіс еді.

аласапыранда  тоқтаңдар  дегенге  ешкімнің 

тоқтайтыны  байқалмады.  Өйткені,  екітарап  та  ша-

буылды  бір-бірінен  көрді.  Ол  жерде  келіп  өздерінен 

көмек  сұрағандардың  да,  көпшілікке  шабуыл 

жасағандардың  да  кім  екенін  білген  жоқ.  негізінде 

сәл аңдап қараса, «Османды біз өлтірдік» дегендерді 

байқар еді. алайда, оны байқамады.

Кімнің  кімді  түреп  жатқаны  белгісіз.  Өкінішке 

орай,  бір-біріне  бауыр,  раббысы  бір,  кітабы  бір, 

пайғамбары бір, сенімі бір, құбыласы бір жамағат бір-

біріне қылыш сілтеп, шайқасқасып жатты. 

Енді  халифа  хазірет  Әлидің  насихаттарынан  да, 

айша анамыз Талха мен Зүбәйрдің әрекеттерінен де 

нәтиже шықпады. Бәрі не істерін білмей дал болды. 

Қызу соғыс жүріп жатты. Бұл өзі ауыр сынақ еді.

473

  Табари, Тарих 3\39, 40; Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\240




Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

301


Ибн сәбә мен адамдары айша анамызды аңдып, 

мінген күймесіне оқ жаудырды. мүминдердің анасын 

өлтірмекке әрекет жасады. анамыз:

–  алла!  алла!  алладан  қорқыңдар!  Ертеңгі 

есеп  күнін  ойлаңдар,  –  деді,  бірақ  оны  естіген  адам 

болмады.  Хазірет  Әлидің  жүрегі  аузына  тығылды. 

Түйенің үстінде ашық нысанаға айналған анамызды 

құтқару  үшін  оның  мінген  түйесін  шөктіру  керек. 

Тез  жетіп  келіп,  түйенің  аяғын  қылышпен  ұрып, 

түйені  құлатып,  анамызды  құтқарды.  Оның  мінген 

күймесіне  сырттай  оқтар  қадалып  жатты.  сол  күні 

анамызды қорғау үшін жетпіс адам шейіт болды. Бір 

кезде аммар ибн ясир мен бауыры мұхаммед ибни 

Әби Бәкір келіп, оны күймесінен шығарып алды. Осы 

кезде  бауырының  қолы  анамыздың  арқасына  тиді. 

Дереу артына жалт қарап, өліммен бітпе-бет тұрған 

сәтінің өзінде:

–  Бұл кім? Тарт қолыңды. Өйткені, бүгінге дейін 

маған  расулалланың  қолынан  басқа  ешкімнің  қолы 

тиген жоқ!

474

 – деді.


Бауырының  қолы  еді.  алайда  бауырына  деген 

реніші әлі басылмапты. сондықтан оны көріп:

–  сен бе едің, көксоққан? – деді

475


. Хазірет Әли 

келіп:


–  Қалайсыз, шешей? – деп сұрады. адамдарына 

бұйырып, анамызға сенімді жерден шатыр тіктірді. 

–  Әлхәмдулилләһ,  жақсымын,  –  деді  айша 

анамыз. Хазірет Әли: 

474

  Табари, Тарих 3\55



475

  Табари, Тарих 3\55






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет