Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет113/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

292

сөйтіп,  бір  жерге  жиналып,  ақылдаса  бастады. 



Біразы  меккеде  қалуды  ұсынса,  біразы  мәдинаға 

қайтып, оқиғаға араласу керектігін жақтады. Басым 

көпшілік  хазірет  Османның  шейіт  етілуіне  қатысы 

барлардың  Басра  орталығынан  екенін  айтып, 

нысаналарының  сол  жер  екенін  білдірді.  шешім  де 

осы  бағытта  қабылданды.  саны  минут  сайын  арта 

түскен  көпшіліктің  көздегені  Басра  болады.  мақсат 

хазірет  Османның  кегін  қайтару.  Бұған  қайтадан 

тәртіп орнату үшін қажеттілік туды.

абтахта  орда  құрып,  Ибн  сәбә  және  оның 

жақтастарының  сазайын  беретін  әскер  әзірленді. 

Әскерге  көмек  берушілер  біртіндеп  келіп  қолдау 

көрсетіп  жатты.  Жүздеген  ат,  түйені  садақаға  бер-

гендер,  қолында  еш  нәрсесі  жоқтарға  қару-сайман 

ұстатқан,  тіпті  алтын,  күмістерін  әкеліп  жатқандар 

кездесті. 

Пайғамбарымыздың әйелдері де хазірет айшаның 

жанынан табылды. алайда, олар көпшіліктің бағыты 

шұғыл Басраға бұрылғанда, тоқтап, оларды Зату Ирқ 

деген жерге шығарып салып кері қайтты. 

Бұл кездерде хазірет Әли жоғала бастаған беделді 

қайтару үшін әскерімен бірге Ирак бағытына жорық 

ұйымдастырды.  алайда,  айша  анамызбен  бірге 

қалың топтың келе жатқан хабарын естіп кері қайтуға 

мәжбүр  болды.  анамыздан  бастап  сахабалардың 

алдыңғы  қатарлылары  да  қатысқан  бұл  топты 

көндіріп, ортаны тынышталдырғысы келді. 

Бір кезде анамыздың қасына сахаба Имран Хусайн 

және  табиғин  Әбул  Әсуәд  әд-Дуәли  жақындады. 

Оларды өздеріне қарай келе жатқан топтың мақсатын 




Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

293


білу үшін Басра әкімі Осман ибни Хунәйф жіберген 

екен.


–  Бізді келу себептеріңізді біліп келу үшін әкім 

жіберді, – деп, анамыздың жауабын күтті. 

–  Дәл  мендей  адамның  жасырын  іс  жасап,  ба-

лаларына  шындықты  айтпай  қоюы  мүмкін  емес,  – 

деп  сөзін  бастаған  анамыз  орын  алған  жағдайларға 

күйінгенін,  ендігі  қателіктерге  жол  бермей 

жақсылықты  бұйырып,  жамандықтан  тыю  міндетін 

атқару үшін жолға шыққанын білдірді

461

.

Хазірет Талха мен хазірет Зүбәйр де осы жауапты 



айтты. Байқағандары бәрінің ортақ ниеті хазірет Ос-

манды өлтіргендерді тауып, қақтығысты аяқтау еді.

Осы  бітімге  келу  үшін  шешендігіне  салып, 

жұртты шектен шықпауға шақырды.  шешен тілмен 

айтқан  құтбалары

462


  тыңдағандарға  терең  әсер  етті. 

нәтижесінде  Басра  халқы  екіге  бөлініп,  маңызды 

бөлігі анамызға қарсы шығудан бас тартты

463


461


  Табари, Тарих 3\14

462


  Қараңыз: «шиир уә хитабет» тақырыбы

463


 Қараңыз:  Табари,  Тарих  3\15,  нәдәуи,  сирәтус  сәидә  айша 

178, 179. алайда, ештеңеге қарамастан екінші күні саптар қарсы 

тұрып, қылыштарын қынынан шығарады. Бірақ, айша анамызға 

қарсы қылыш асынған саптардың арасында да оны қорғағандар 

кездесті. Екі жақ та айшаны жамандауға жол бермеді. мысалы, 

сол күні абди Қастан бір кісі «сен кімді жамандап тұрсың?» деп 

сұрағанда, жанындағы әлдекім «айшаны» деген. Әлгі кісі ашула-

нып, «Оңбаған, мұны қалай мүминдердің анасына айтып тұрсың?» 

деп тұра ұмтылады. Тоқтамағанын көргенде, қолындағы найзасын 

қадап, өз сапында болса да анамызды жамандаған кісінің сазайын 

берген. 

 

Әйелдер арасында да осы сияқты оқиға болып, анамыз туралы өсек 



айтқан бір әйелдің жағдайы да осылайша шешіліп, өз сапындағы 

адамдар тарапынан өлтіріледі. Қараңыз: нәдәуи, сирәтус сәидә 

айша 180



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

294

сол  күні  анамыз  өзімен  бірге  жол  алып  келе 



жатқандарға  мәжбүрлік  тумаса  қылыштарын 

қыннан  шығармауды  ескертті.  Тек  қорғану  үшін 

ғана  қылыш  қолдануға  болатынын  айтып,  соғыс 

ниетінде ешкімнің ешкімге зарар бермеуі керектігін 

ескертті.  Қақтығыста  тұтқынға  түскен  Осман  ибни 

Хүнәйфті босатып, еркіне жіберу керектігін де айтуды 

ұмытпады

464


Басра  халқынан  кейін  куфалықтарға  да  хат 

жолдаған анамыз шыққан қорытындыны айтып, олар-

дан  да  осы  келісімге  үлес  қосуды  талап  етті.  Тіпті, 

сол  күні  хат  жіберген  кісілердің  арасында  маңызды 

тұлғалар  да  болған.  сөйтіп  олардан  бұл  мәселеде 

мұқияттылықты талап етті

465


сол күні өзіне келіп, бауыр мен бауырдың бетпе-

бет  келген  осындай  кезеңінде  қалай  әрекет  жасау 

керектігін сұраған мұхаммед ибн Әби Бәкір немесе 

мұхаммед ибн Талхаға анамыз хазірет адамның екі 

баласының арасында болған қайғылы оқиғаны айтып 

жауап  берген.  Өзін  өлтірмек  болып  келген  Қабылға 

қарсы  қол  көтермейтініне  уәде  берген  абылды  еске 

түсіріп, былай насихат айтады:

–  Балам, егер адамның екі баласынан ең ізгісінің 

жасағанын жасауға күшің жетсе соны жаса!

466




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет