Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет121/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

314

қарамағындағы жерде жасалды. Бұл жауапкершілікті 



ол да сезінетін, сол ауырлықты сезінген түрде:

–  Жағдайды  бұл  жерде  шеше  алмаймыз, 

ақыретке қалдырсақ қайтеді? – деді. 

Бұл  сөзінен  оқиғаны  хазірет  мұғауияның  да 

үлкен  сынақ  ретінде  қабылдағаны  аңғарылды.  Өмір 

бойы осы уайыммен өмір сүрді. Жылдар өтіп, ажал 

белгілері өзіне біліне бастағанда сол сезіммен Хужрды 

меңзеп:


–  сенің  сол  күнің  мен  үшін  ұзаққа  созылды,  – 

деген


490

анамыздың  әрбір  мәселені  қалт  жібермей 



қадағалап, ешбір оқиғаға енжарлық танытпайтынын 

көрсететін  мысалдар  тек  осы  ғана  емес.  мәдинада 

яхия ибни саид ибн ас абдуррахман ибн Хакамның 

қызымен  ажырасады.  Ибн  Хакам  болса  осы  күту 

мерзімі  (идда)

491


  бітпей  жатып  қызының  иддасы 

аяқталған  әйелдей  жүріп-тұруына  рұқсат  берді. 

мұны естіп ашуланған айша анамыз сол күні халифа 

мұғауияның  мәдинадағы  әкімі  болған  мәруан  ибн 

Хакамға хабар жіберіп:

–  алладан  қорық,  қызыңды  тым  еркінсітпе,  – 

дейді. анамыздың бұйрығына мәруан жауап ретінде:

490


 Әртүрлі  риуаяттар  жинақталып  берілген.  Бұл  оқиғаның  айша 

анамыз бен хазірет Әли арасында болғандығы туралы айтылатын 

салқындықты іс жүзінде терістейтін мәнде екенін тағы да ескерте 

кетейік. Тақырыпқа қатысты кең мәлімет еңбектің соңында «Хазірет 

Әли және айша анамыз» деген тақырыпта берілген. Қараңыз: ахмад 

ибн Ханбал, мүснад 4\92 (16878). Толық мәлімет үшін қараңыз: 

Табари, Тарих 3\220, 232; Ибн абдулбәрр, Истиғаб1\332

491


  ажырасқан әйелдің құрсағында шарананың бар-жоғын анықтауға 

байланысты, екінші бір ер кісіге тұрмысқа шыққанға дейін күтетін 

4 ай 10 күндік идда, яғни, күту мерзімі бар екені белгілі.



Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

315


–  сірә,  фатима  бинти  Қайстың

492


  басынан 

өткенінен  хабарың  жоқ  секілді  ғой,  –  дейді.  сонда 

хазірет айша мәруанға:

–  фатиманың  жағдайымен  бұны  салыстырма. 

Оны  қазір  айтудың  еш  реті  жоқ.  Ол  күні  фатима 

бинти Қайс қиын жағдайда болғандықтан, расулалла 

оған иддасын басқа үйде толықтыруға рұқсат берген 

болатын


493

, – деп жауап берді. 

анамыз  пайғамбарымыздың  заманында  жүзеге 

асырылып келген кейбір үкімдердің ұмытылып бара 

жатқанын естеріне салып, істің ақ-қарасын ажыратып 

беретін.  Бір  күні  ақиқ  деген  жерде  қайтыс  болған 

сахаба сағд ибн Әбу Уаққасты мәдинаға алып келеді 

де,  мәйітті  пайғамбар  мешітіне  әкелу  туралы  өзара 

кеңесе  бастайды.  мәселенің  мән-  жайына  қаныққан 

айша  анамыз  да  солай  болғанын  жөн  санады. 

алайда, кейбір мұсылмандар бұған қарсылық таны-

тып, мәйітті мешітке кіргізудің дұрыс болмайтынын 

айтады. сонда хазірет айша:

–  апыр-ай,  адамдар  қалайша  тез  ұмытады 

десеңші?!  расулалла  сухайл  ибни  Бәйдаға  оқылған 

жаназаны мешітте атқармап па еді? – дейді

494



492



  фатима бинти Қайс – алғашқы мұхажырлардың бірі. Күйеуі Әбу 

Хафс ибн мұғира одан ажыраған соң алла расулы күту мерзімін 

абдуллаһ ибн Үммү мәктумның үйінде өткізуді айтқан. Ибнул 

Әсир, Усудул ғаба 7\224

493

  Бұхари, Талақ 39 (5015, 5017), мүслим, Талақ 52 (1481); Әбу Дәуіт, 



Талақ 40 (2292)

494


  мүслим, Жәнәиз 99 (973); ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\79 (24542, 

24543); 6\169 (25396) Бәйһақи, сүнән 4\51 (6825)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет