Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет122/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

316

Тағы  бірде  сахабалар  пайғамбарымыздың  қанша 



рет  ұмра  жасағанын  сөз  етіп,  өзара  даурығады.  Іле 

абдулла ибн Омардан:

расулалла қанша рет ұмра жасады? – деп сұрайды.

сонда абдулла ибн Омар:

–  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм) төрт рет ұмра жасаған болса, олардың бірін 

Ережеп  айында  атқарды,  –  деген  жауап  берді.  Бірақ 

олар  жауапқа  қанағаттанбайды.  Хазірет  Уруа  айша 

анамызға барып:

–  Уа,  мүминдердің  анасы!  Әбу  абдуррахман 

расулалланың төрт рет ұмра жасағанын, олардың бірі 

Ережеп  айында  болған  дейді,  –  дегенде,  мынандай 

жауап естиді:

–  Әбу абдуррахманға алла рақым етсін! алайда 

расулалла  4  рет  ұмра  қажылығын  атқарғаныменен 

Ережеп айында ұмра жасаған жоқ!

495

Бір күні екінті намазын оқып болған соң абдул-



ла ибни Зүбәйр қайтадан намазға тұрды. Бұл халифа 

хазірет мұғауияға жат іс болып көрінді де абдулла 

ибн аббастан Ибн Зүбәйр оқыған екі рәкат намазының 

не  екенін  сұрады.  сонда  Ибн  аббас  «Бидғат!  Оны 

жасаған адам бидғатшы!» деп жауап берді. намазын 

бітірген соң хазірет абдулла оларға:

–  мен  бидғат  шығарған  жоқпын!  мұндай 

намаздың оқылуы дұрыс екенін маған нағашы әпкем 

айша айтты! – дейді.

495


  Бұхари, мәғази 41 (4007); мүслим, Хажж 219 (1255)


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

317


сахабалар  пайғамбарымыздан  екінтіден  кейін 

намаз  оқуды  көрмегендіктен,  бұл  мәселені  анықтау 

үшін дереу анамызға хабар жіберді. сонда айша:

–  абдулла  дұрыс  айтыпты!  маған  бұл  намаз 

жайлы кезінде Үммү сәләмә хабар берген!

496


 – дейді.

Олар енді Үммү сәләма анамызға жүгініп: «айша 

осындай хабар естігенін айтып жатыр» дегенде, Үммү 

сәләма: 


–  айша дұрыс айтады! Бір күні расулалла үйге 

келіп, екінтіден кейін тағы намаз оқи бастады. артына 

ұйып, мен де бірге оқыдым. сәлем берген соң маған:

–  саған не болды? – деді.

–  Уа,  нәбиулла!  сіздің  намаз  оқығаныңызды 

көрген соң мен де оқығым келді, – дедім. 

сонда маған:

–  алыс  елдерден  келген  біраз  кісілер  өз 

қауымдарына  дін  үйрету  мәселесінде  мені  ұстап 

қалғандықтан,  бесін  намазының  соңғы  екі  рәкат 

сүннетін  оқи  алмаған  едім,  бұл  сол  намаз  ғой,

497


  – 

деді.


мәдинаға  келген  сағд  ибни  Хишам  абдулла 

ибни  аббастан  расулалланың  Үтір  намазын  қалай 

оқығанын сұрайды. Ибни аббас оған:

496


  намаздыгер намазының парызынан кейін екі рекат намаз оқу туралы 

сұрақ қойған жиені хазірет Уруаға айша анамыздың «Бауырымның 

баласы!  менің  қасымда  расулалла  намаздыгерден  кейінгі  екі 

сәждесін ешқашан тастаған емес» деп жауап бергені де айтылады. 

Қараңыз: Табарани, әл-мұғжамул әбсад 4\255

497


  Бұхари, сәху 8 (1176); мәғази 65 (4112); Әбу Дәуіт, салат 298 (1273). 

Кейбір  риуаяттарда  пайғамбарымыз  айналысқан  мәселенің  екі 

сағдақа қызметкерімен болғаны және сырттан келген осы заттарға 

байланысты аталмыш намаздарын оқи алмағаны айтылады. Қараңыз: 

Тирмизи, салат 135 (184), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\125 (24989)



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

318

–  Жер  бетінде  расулалланың  Үтір  намазын 



қалай  оқығанын  ең  жақсы  білетін  адамды  айтайын 

ба? – дегенде ол тезірек білгісі келіп қуанып кетті: 

сонда Ибн аббас:

–  Ол – айша. Барып үтір намазы жайлы жақсылап 

сұрап, кейін келіп жауабын маған да айт, – деді. 

Ибн аббастың жол көрсетуімен сағд ибн Хишам 

қасына Ибн Әфлахты ертіп, анамызға барады да:

–  Уа, мүминдердің анасы! маған алла елшісінің 

Үтір  намазды  қалай  оқығанын  айтып  бересің  бе?  – 

дейді.


сонда:

–  Біз  қас  қарайған  шақта  расулалланың  ми-

суагы  мен  дәрет  алатын  суын  дайындайтынбыз. 

Түннің  біраз  уақыты  өткен  соң  тұрып,  тісін  мису-

акпен  тазалап,  асықпай  дәрет  алатын.  сосын  сегіз 

рәкат  намаз  оқитын.  сегізінші  рәкаттан  кейін  біраз 

уақыт алланы зікір етіп, дұға оқып отыратын. сосын 

қайтадан тұрып, бір ракағат намаз оқып, сосын бізге 

естілетіндей  етіп  сәлем  беретін.  артынша  отырған 

жерінде  екі  рәкат  тағы  оқитын.  Балам,  оның  түнде 

оқитын намаздарының саны он бір ракат болатын

498


алайда, біраз қартайған соң бұл жетіге дейін азайды. 

7 ракат намаз оқып сәлем бергеннен кейін екі ракатты 

498


 Басқа  риуаятарда  бұл  санның  жалпы  13  болғанын  байқаймыз. 

айырмашылықтың себебі ретінде алла расулы ауырған кездерде бұл 

намаздардың арасын бөліп оқығандағы, кей түндері ауруы асқынған 

кездерде рәкаттарда өзгерту жасауға болатынын, ұзақ оқитын осы 

намаздарында рәкаттарды санауда сахабалардың әр уақытта бірдей 

мұқияттылық танытпауы сияқты жайттар көрсетіледі. Бұл жағдайда 

пайғамбарымыздың түнде оқыған сегіз рәкаттық намазы – өзі үшін 

парыз болған Тәһәжжүд, ал одан кейін оқыған үш рекат намаз үтір 

намазы болатын. Одан кейін оқыған екі рекат намазы таң намазының 

сүннеті болатын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет