Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет119/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Хазірет Мұғауия (р.а.)

Халифа  хазірет  Әли  де  шейіт  етіліп,  халифалық 

хазірет мұғауияның қолына өтті.

Қайғылы жағдайлар бірінен кейін бірі орын алып 

жатты.  Бұл  жағдайларға  қатты  қайғырса  да  айша 

анамыздың қолынан ештеңе келмеді. Әсіресе, Жәмәл 

күнгі  оқиғадан  кейін  тіпті  аяқ-қолы  маталғандай 

болды. сондай оқиға қайталанбауы үшін үлкен сабақ 

ұқтырды.  сол  үшін  өзінен  медет  сұрап  келгендерді 

жұбатуға  тырысып,  сақ  болуға  шақырды.  Терең 

үнсіздікке  батып,  дүниеден  баз  кешіп,  толығымен 

ақыретке  бағытталып  өмір  сүргісі  келгендей. 

Құлшылыққа беріліп, ғылымнан тыс мәселеге уақыт 

бөлгісі келмеді. Осы тұрғыдан келгенде, ол ілім сұрап 

келушілерді сәулелендіретін күнге айналғандай. 

алайда, 


ащы 

хабарлар 

үзілмеді. 

Пайғамбарымыздың  жақсы  көрген  немересі 

хазірет  Хасан  да  шейіт  етілді.  Ең  соңғы  тілегі 

пайғамбарымыздың  жанындағы  бос  жерге  жерлен-

сем дейтін. Бір күні бауыры хазірет Хусейнді ертіп, 

айша анамызды меңзеп, былай деген:

–  Егер мен өлсем, оған барып, мені расулалланың 

қасындағы  бос  жерге  көмуге  рұқсат  сұра.  рұқсат 

берсе, сол бос орынға мені көмерсің. Бірақ басқа адам-

дар бұған көне қомас. Егер осындай қарсылық туып, 

бүлік шығатын болса, онда мені мұсылмандардың ма-

заратына жерле!

ағасы Хасанның соңғы өсиетін орындау үшін сол 

күні хазірет Хусейн әрекетке кіріскенде, мәдина әкімі 

мәруан  ибн  Хакам  қарсылық  танытты.  Бірақ  бұл 



Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

309


тілекті айша анамыз қабылдады. Хазірет Хусейннің 

маңайына жиналғандар мен әкімнің арасында үлкен 

дау шыққалы тұр еді. Осы кезде араға Әбу Хұрайра 

секілді  беделді  кісілер  араласып,  хазірет  Хасанның 

өсиетіндегі «бүлік шығармау» сөзімен оны Жәннәтул 

Бақиға жерлеуге шешім қабылдады. расулалла бауы-

рына басып өсірген хазірет Хасан анасы фатиманың 

(р.а.) қасында жататын болды

485



Бір күні Ирак жерінен абдулла ибни шәддад деген 



біреу анамызға келіп, сұрақтарына жауап алып, бата-

сын алады. анамыздың да одан сұрамағы бар бола-

тын. Өйткені халифаны солар шейіт еткені есте. Одан:

–  абдулла,  сенен  бір  нәрсе  сұрасам  тек 

шындықты айтамын деп уәде бере аласың ба? алла 

үшін айтшы, олар Әлиді не үшін шейіт етті?

–  сізге неге шындықты айтпайын? 

–  Олай болса айт! 

абдулла  ибн  шәддад  сөз  бастады.  Халифаға 

қарсы шыққандарды басу үшін хазірет Әлидің сөзбен 

түсіндіргенін,  бірақ  жұрттың  оны  тыңдағамағанын 

айтты.  Әсіресе  төреші  тағайындауды  негізге  алып, 

халифалық орынға қарсы қалай науқан жүргізгендерін 

айтты.  Осыған  қатысты  ерлі-зайыптылардың 

дүрдараздығын  шешу  үшін  екі  тараптың  отбасы-

нан да бір-бірден төреші сайлануы керектігін айтқан 

аятты оқығанын, іле «мұсылман үмбетінің мәселесі 

ерлі-зайыпты  арасындағы  мәселеден  де  маңызды 

емес  пе?»  дегенін  айтты.  Бұған  қоса,  Хұдайбия 

күні  сүхәйл  ибни  амрмен  жасаған  келісімшартты 

485

 Ибн  абдулбәрр,  Истиғаб1\392;  суюти,  Тарихул  Хулафа1\170; 



Ибнуләсир, әл-Камил, әл-Камил фит Тарих 3\460


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

310

еске  түсіргенін,  алайда  осылардың  барлығына 



қарамастан  көтерілісшілердің  оны  тыңдамағанын 

білдірді.  Ортаны  тынышталдыру  үшін  абдулла  ибн 

аббастың жасаған әрекеттерін сөз етті. Бұл әрекеттер 

бірқатар  адамдарға  әсер  еткенмен  жалпы  нәтижені 

өзгертпепті.  Осылардың  ешбіріне  тоқтамай  өзіне 

қарсылық танытқанын көрген хазірет Әлидің «алла 

пен  расулы  шындықты  айтады!»  деп  Құран  мен 

сүннет шеңберінде нық тұрғанын айтты.  соңғы сөз 

анамызға да ұнап:

–  Бұдан  басқа  ештеңе  айтпағанына  сенімдісің 

бе? Басқа ештеңе деген жоқ па? – деп сұрады.

–  Құдайақы бар айтқаны осы ғана, – деп жауап 

берді  абдулла  ибн  шәддад.  сонда  айша  анамыз 

мынаны айтты:

–  Иә, жақсы-ақ айтыпты. ақиқаты сол, алла мен 

расулы шындықты айтады! алла Әлиге мейірімімен 

қарасын!  Әрине,  алла  мен  расулы  шындықты 

айтады! Әсіресе оған ирактықтар қиянат жасап, оны 

ренжітетін сөздер айтты!

486


Бұл  кезең  жұрттың  топ-топқа  бөлінген  күндері 

еді. Әсіресе, мысыр мен Ирак халқы хазірет Осман, 

шам  халқы  хазірет  Әлиге  қарсы  бірігіп,  екі  халифа 

туралы жағымсыз сөздер бұрқыратқан болатын. Ха-

рижиттер екі халифаға да қарсы ту көтеріп, ауызда-

рына келгенін оттады. Харажиттерді алғаш естігенде 

анамыз жабырқап:

486


 Қараңыз:  ахмад  ибн  Ханбал,  мүснад  1\86,  87  (656);  Хаким, 

мүстадрак 2\65 (2657); Бәйхақи, сүнән 8\180; мақсиди, әл-ахадисул 

мұхтара 2\223 (605)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет