Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
297
мәселенің шешілгенін көрген Қағқағ енді кері
қайтып хазірет Әлиге болған жағдайларды айтты.
Бұған халифа хазірет Әли қуанып, түсініспеушіліктің
тоқтайтынына деген үміті арта түсті. арада
мұсылманның қаны төгілмейтінін қуанған хазірет
Әли бұл қуанышты әскерімен де бөлісті
467
.
мәселе айқындалды. Енді тыныштықты күзетіп,
хазірет Әли мен қасындағылар да, айша анамыз
бен жанындағылар да бұл мәселенің шешімін
уақытқа қалдырды. негізінде осы жерге дейін
болған әрекеттердің астарында жатқан себеп те
жаңа халифа хазірет Әлиге қарсылық емес, хазірет
Османды өлтіргендерді жазалауды талап ету бола-
тын. Халифа да солар секілді ойлағандықтан, енді
мәселені соған тапсыру керек еді. Тіпті, айша анамыз
бен жанындағылар кері қайтуға дайындала бастады.
Өйткені, хазірет Талха, Зүбәйрмен сөйлескен хазірет
Әли оларға:
– Әй, бауырларым! сендердің білетіндеріңді мен
білмейді емеспін. Бірақ, көшенің билігін қолдарында
ұстаған топқа қарсы бір сәтте мұны қалай жасайын?
Оларға бір қараңдаршы, өз құлдарыңыз солармен
жүр, еш ойламаған арабтарың да солардың жағында.
араларыңда емін-еркін жүргенін көріп тұрсыңдар.
Бұл талаптарыңды осындай жағдайда дереу жүзеге
асыруға мүмкіндік бар ма?
Ендігі кезек кері қайтуға келді. Қайтуға дайындық
жалғасып жатқанда, айша анамыз өкінгендей сыңай
байқатты. Қасындағылардан:
467
Табари, Тарих 3\29, Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\238
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
298
– Бұл қай жер? – деп сұрады.
– Хауаб.
– Хауаб па? – деп таңырқады. «Иннә лилләһ уә
иннә иләйхи ражиун!»
Бұны естіп одан сайын қынжылды. Уайымы
қорқынышқа айналып, қолдарын ұрып тұрды.
айналасындағылар ештеңе түсінбей, тезірек себебін
білгісі келді. Бір кезде қамығып:
– Уаллаһи, Хауаб иттерінің иесі мен екенмін ғой.
Дереу қайтуымыз керек, – деді.
Жұрт тағы да ештеңе түсінбеді. Бұл сөзге олар
одан сайын таңданып, себебін білмей, орнымыздан
тапжылмаймыз дегендей қарап тұрды. Хазірет айша
амалсыз:
– мен расулалладан естідім. Үйдегілерді меңзеп
бір күні
«Қап, араларыңдағы біреудің жағдайын-
ай! Хауаб иттерінің үрген дауыстары күшейген
кезде барып есін жияды»
468
деген болатын. Тіпті,
сол күні мен сәл күлген едім, сонда маған
«Абай бол,
ей, Хумәйра! Сол айтқаным сен болып жүрме!»
деп
ескерткені бар, – деді
469
.
Жұрт мәселені енді түсінді. анамыз Хауаб
иттерінің абалаған дауысын көңіліне алыпты. Өңі
демде қуарып кетті. абдырап ештеңе ойлайтындай
шамасы қалмады. Хауаб иттерінің абалаған дауысы:
– расулалла дұрыс айтты – дегенді білдіргісі кел-
гендей
470
.
468
Хаким, мүстадрак, 3\129 (4613)
469
Хаким, мүстадрак 3\129 (4610). Осыны айтқаннан кейін алла расу-
лы сол күні хазірет Әлиге қайтып барып, айша анамызды меңзеп,
«Егер оған қатысты бір істі қолға алсаң, қаттылыққа барма» деген.
470
Қараңыз: ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\52 (24299), 6\97 (24698),
|