Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
295
жетті. айша анамызбен бірге шыққандардың саны
отыз мыңды шамалады. Өйткені олар шегінуге бол-
майтын жолға түскендей еді. Осыған дейін кәпірлерге
қарсы көтерілген қылыштар енді бірге намаз оқыған
мұсылман бауырлар үшін қынынан шыққалы тұр еді.
Бұл өзі екі тарап үшін де жүректі қан жылатқандай
ауыр жағдай. Өйткені, Жәмәл оқиғасы – бауырдың
бауырымен сыналған ең ауыр сынақ болды.
Екі үлкен топ Закар деген жерде кездесті.
Қастарына алғаш болып хазірет Әлидің (р.а.) елшісі
Қағқағ ибни амр келді. айша анамыздан:
– шешей, бұл жерге не себепті қол бастап
келдіңіз? – деп сұрады.
– Ел ішінде келісім орнату үшін!
ниеттері бір, ендеше мәселе жоқ. Өйткені
халифаның мақсаты да осы. Екі жақты да тыңдап
төрелік жасау үшін хазірет Талха мен Зүбәйрдің
келгенін талап етті.
Екеуі келгенде осы сұрақты оларға да қойды.
Олардың да жауабы осы екен. Оқиға өзі ойлағаннан
да ерте шешілгелі тұрғандай. соңғы рет бәріне жал-
пылама түрде:
– Жарайды, мұның қалай жүзеге асатынын маған
айтасыңдар ма? – деді.
– Османның кегін қайтарып, кінәлілерді жаза-
лау арқылы. Өйткені, мұны жасамау – Құранның
бұйрығын орындамау деген сөз.
Олар дұрыс айтқан еді. Бірақ ескеруге тиісті басқа
да шындықтар жоқ емес. сол себепті елші Қағқағ
былай деді:
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
296
– сендер Османды шейіт еткен басралық
қанішерлерді өлтірдіңдер дейік. Бірақ өлтірмей
тұрғандағы жағдайларың оларды өлтіргеннен кейінгі
жағдайдан жақсырақ емес пе? Өйткені, сендер
алты жүз адамды өлтіресіңдер. Онда алты мың
адам өретүрегеліп, өздеріңе қарсы әрекетке көшеді.
сендер Османды шейіт еткен Хуркус ибн Зүхәйрді
қалайсыңдар, ал алты мың адам оны сендерге
бермейді. Барлығын өлтірдіңдер делік, бұл жағдайда
одан да жаман нәтижемен бетпе-бет келмейсіңдер ме?
сендер Хуркус ибн Зүхәйрді жазалаймыз дейсіңдер,
алдарыңнан оны сендерге бергісі келмеген алты мың
адам шығады. Демек, мәселе оңай шешіле салмайды.
Ендеше, сендер Әлиге кешіріммен қарауларың керек
емес пе? Әрине, ол да Османды өлтірген адамды
тауып, жазалағысы келеді. Бірақ орта тынышталып,
көп қан төгілмеуі үшін бұған ыңғайлы уақытты
күтеді.
Осы жерде айша анамыз сөзге араласты:
– ал, өзің қалай ойлайсың, ей, Қағқағ?
– Иә, ортақ мәселе бар, алайда мұны шешу үшін
әзірге үнсіздік керек. Әуелі тыныштыққа келіп барып,
мәселені шешеміз. Ендеше, асығыс әрекет жасама-
стан Әлиге қайтадан қол беріп, жақсылыққа ұйысып,
бәленің жақтаушыларына мүмкіндік бермеуді
ұсынамын.
– Дұрыс. шынында да дұрыс айтып тұрсың!
Ендеше, қане кері қайт! Егер Әли де осылай ойлайтын
болса, мәселе шешілді деп біле бер, бұдан былай тек
бітімді негізге аламыз, – деді анамыз.