Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет123/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

319


отырып оқуды үзбеді, сонымен түнгі намаздарының 

саны тоғыз болатын

499

.

арада  біраз  жыл  өткен  соң  хазірет  мұғауия 



қартайып,  өзінен  кейінгі  халифалық  міндетті 

арқалайтын  адамды  тағайындағысы  келді.  Таққа 

өзінің  ұлы  язидті  лайық  көргеніменен,  әртүрлі 

қарсылықтар  болатынын  сезіп,  сақтыққа  көшті. 

мәруанды  Хижаз  әкімі  етіп  тағайындағанда  қарсы 

шыққандар  болғаныменен,  қолдау  көрсеткендер  де 

аз болмады. Бауыры абдуррахман ибн Әби Бәкір мен 

айша анамыз қарсы шыққан сахабалардың қатарында 

болатын. Бұл мәселеге мәдина халқының да оң көзбен 

қарайтынын білдіріп хат жазғанда хазірет абдуррах-

ман  қарсы  шығып,  хазірет  мұғауияның  да,  мәдина 

әкімі  мәруанның  да  қате  жасағанын  ашық  айтудан 

тартынбады. Ол:

мұхаммед үмбеті үшін сендер ешқандай қайырлы 

нәрсені жасайын деп отырған жоқсыңдар! Бұл істерің 

арқылы сендер дүниеден озған гераклдің артынан ба-

ласын патша еткені сияқты Византиялық патшалықты 

қиялдайсыңдар, – деп айтып салды. 

Оның  бұл  сөздеріне  шамданған  мәруан  хазірет 

абдуррахманды тұтқындауға бұйрық берді. алайда, 

ол сәтін тауып айша анамыздың үйіне қашып кетті. 

499


 нәсәи,  Қиямул  ләйл  2  (1601);  ахмад  ибн  Ханбал,  мүснад  6\53 

(24314). анамыз айтып берген бұл оқиғаның алла расулының соңғы 

жылдарында  оқыған  намаздарына  қатысты  екендігі  байқалады. 

Өйткені, бұрынғы жылдарында намаздарын отырып оқымайтын, 

рекаттардың бәрінде ұзақ Құран оқитын. Қартайып ауруы асқына 

бастағаннан кейін расулалла кей намаздарын отырып оқи бастаған. 

Тіпті,  бұл  жерде  де  басқаша  жасайды,  отырып  оқитындарын 

оқып, сәждеге баратын кезде қайтадан орнынан тұрып намазын 

жалғастыратын. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

320

артынан  мәруан  да  ентігіп  жетіп  келіп,  хазірет 



абдуррахманның  сөздерін  Құраннан  дәлел  көрсету 

арқылы жоққа шығарғысы келді. Болған жағдайларды 

перденің артында тұрып тыңдаған айша анамыздың 

сабыры сарқылып, қатқыл үнмен:

–  мәруан, мәруан! – деп дауыстайды. мұндайды 

күтпеген  сол  жердегілер  аңтарылып  тұрып  қалды. 

маруан  да  айша  анамыздың  не  айтқысы  келгеніне 

көңіл бөліп, үнсіз тыңдап тұрып қалады. сонда айша:

–  Бұл  аяттың  абдуррахман  туралы  келгенін 

айтқан сен болсаң, оңбай қателескен екенсің. Уаллаһи, 

бұл  аят  ол  туралы  емес,  басқа  кісіге  байланысты 

түскен.  Біз  туралы  менің  абыройымды  жариялаған 

аят  қана  келді.  Байқа,  мына  түріңмен  сен  алланың 

нәбиінің  лағынетінің  бір  бөлігін  арқалап  жүрсің  бе 

деп қорқам

500


, – деген еді.

Бұларды  құлаққа  ілмеген  мұғауия  язидті 

қайткенде  де  таққа  отырғызу  мақсатымен  мәдина 

халқына  қысым  жасай  бастады.  Кісі  салып,  наразы 

болған  жұртты  райынан  қайтарып,  өзін  қолдауға 

шақырды.  Осы  мақсатпен  анамызға  барып,  хазірет 

Хусейн  мен  жақтастарының  үстінен  шағым  түсірді. 

Осы  арқылы  анамыздың  жүрегіне  жол  тауып, 

қолдауын  аламын  деп  үміттенді.  алайда,  айша 

анамыз  біреудің  әділетсіздігіне  болыспайтын. 

сондықтан да оған қарап:

–  Естуімше,  сен  өзіңе  қарсы  болғандарды 

«өлтірем» деп қорқытады екенсің, – деп реніш білдірді. 

Хазірет  мұғауия  да  әділеттіліктен  алыстамағанын 

білдіріп:

500


 Қараңыз: Бұхари, Тәфсирул Құран 318 (4550); әс-сүнәнул кубра 

6\458  (11491),  Хаким,  мүстадрак  4\528  (8483).  сонымен  қатар, 

қараңыз: шәләби, Хаяту айша 214, 215



Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

321


–  Уа,  мүминдердің  анасы!  –  деп  бастады  сөзін. 

–  Олар  мен  үшін  де  қадірлі  адамдар.  алайда,  өзім 

бастап,  басқа  жұрттар  қостап  язидке  қол  бердік. 

Осыдан кейін мен енді мұны жоққа шығара алмаймын 

ғой, – дегеніне қарамастан насихатын жалғастырған 

анамыз:


–  Халыққа  мейірім  мен  сүйіспеншілік  көрсет. 

Осылай  жасағаныңда  ғана  олар  сенің  қалағаныңды 

орындайтын  болады,  –  деп  қаталдық  танытудың 

ақыры нәтижесіз болатынын білдірді. 

Хазірет мұғауия сол күні:

–  Жарайды, онда солай жасаймын, – деп анамызға 

қарсы сөйлеуге қайраны болмай кері қайтты

501


айша анамыз бұларды айтқаныменен әлі де болса 

язидке қол беру ісі толастамады. Онысымен қоймай 

бауыры мұхаммед осы бүліктің құрбаны болғандығы 

жайлы хабар алды.

Қанша  қынжылғанмен  өлген  адам  қайтып 

келмейді. меккеге апарып жерлеген соң, балаларын 

қасына  алып,  солармен  жұбаныш  табуға  тырысты. 

намаздан  кейін  дұға  жасап  қайғылы  оқиғаға  себеп 

болғандарды аллаға тапсырды

502



Қайғыдан,  жүрегі  қан  жылап  тұрса  да  айша 



анамыз  әрдайым  шектен  шықпай  теңдікті  ұстай 

білді.  Бір  күні  оған  абдуррахман  ибни  шумасә  қай 

тараптың  жақтаушысы  боласың  дегенді  білдіргісі 

келіп:


–  Кімдерденсің? – деп сұрайды.

сонда ол кісі:

–  Қала тұрғындарының бірімін, – дейді. 

501


  Осы әңгіме барысында бауыры мұхаммедтің өлімін тілге тиек ет-

кен анамыз бұл өлімге қатысы бар екенін айтудан тартынбайды. 

Қараңыз: шәләби, Хаяту айша 217

502


  Табари, Тарих 5\105


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

322

–  мына  соңғы  қақтығыстарыңнан  кейін 



қожайындарың сендерге қалай қарайды? – дегенде:

–  Оған  қарсы  айтатын  сөзіміз  жоқ.  Ол  біреудің 

түйесі өлсе, орнына басқасын береді. Құлы жоққа құл 

тауып береді. Жоқ-жітікке көмектеседі.

Бауырым  мұхаммедке  жасағандары  әрине  өте 

ауыр тиді. алайда, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм) айтқан мына дұғаны мен де қайталаймын. 

«Алла  тағалам!  Үмбетімнің  ісін  мойнына  алып  әрі 

олардың ісін қиындатқан адамды сен де қиындықтан 

көз  аштырма!  Сондай-ақ,  үмбетімнің  ісін  мойнына 

алып, олардың ісін жеңілдеткен адамның ісін сен де 

оңайлат!»

 деп дұға етті

503

.

Қажылық  өтеу  үшін  меккеге  барған  кезінде 



алғаш  болып  бауыры  мұхаммедтің  қабірін  зиярат 

жасайтын


504

.  Қабірінің  басында  тұрып,  оған  Тәмим 

ибн нуәйраның сағыныш толы өлеңін оқып, артынан:

–  ант етем, оқиға орын алған жерде болғанымда 

сені бұл жерге емес, қайтыс болған жеріңе көмер едім. 

Өйткені, сол күні қасыңда болсам, бүгінгідей жыла-

мас едім

505


, – дейді. 

Халифа  ауысқанымен  айшаның  әрекеттерінде 

ешқандай өзгеріс болмады. Хижаз әкімі абдулла ибн 

503


  мүслим, Имара 19 (1828), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\62 (24382), 

6\93 (24666), 6\257 (26242), 6\258 (26255), нәсәи, сияр 180 (8873), 

Ибн Хиббан, сахих 2\313

504


  Хазірет Әбу Бәкірдің Әсма бинти Умәйстен дүниеге келген баласы 

мұхаммед Уәдә қажылығы үшін меккеге қарай жолға шыққанында 

Зүл Хуләйфада туылған. Хазірет Османды шәйіт еткендердің ара-

сында болып, халифаның «Әкең сені бұлай көрсе еш жақтырмас 

еді» деген ескертуінен кейін ол жерден кетеді. Жәмәл және сыффин 

оқиғаларында хазірет Әлидің қасында болады.

505

  Тирмизи, Жәнәиз 61 (1055), Хаким, мүстадрак 3\541 (6013), Хәйсәми, 



мәжмәуз зәуәид 3\60; Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 3\29 (11811)


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

323


Зүбәйр айша анамызға қаншама жағдай жасауға ты-

рысып  баққанына  қарамастан,  ол  өз  қағидаларынан 

таймай, өзіне әкелінген барлық сый-сияпатты садақа 

етіп таратып жіберетін. 





325



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет