«Таңертең жүніп болып оянған адамға ораза жоқ»
деген хадис риуаят еткен. Одан бұл хадисті естіген
Әбу Бәкір ибн абдуррахман барып жағдайды абдулла
ибн Хариске айтады. сахабалар естігендерінің Құран
мен сүннетке қаншалықты сай екендігін тексеретін.
абдулла ибн Харис Әбу Хұрайраның хабарын айтқан
кезде әкесі де таңырқайды. Бұл мәселенің анық-
қанығына көз жеткізу үшін олар айша анамызға
барады. Бұл кезде айшаның қасында Үммү сәләмә
анамыз да бар еді. Келе сала осы мәселе туралы
сұрағанда:
– расулалланың кейде осылай (яғни, ғұсылсыз)
оянатын кездері болатын. Бірақ, ораза ұстауды
жалғастыратын, – дейді.
Екеуі кейіннен мәдина әкімі мәруан ибн Хакамға
барып бұл жайлы айтып береді. мұны естіген хазірет
мәруан абдуррахманға қарап:
– Осы айтқандарыңды Әбу Хұрайраға жеткізу
сенің міндетің, – дейді.
Әбу Хұрайра жағдайды естігенде:
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
328
– мұны расымен де солар айтты ма? – деп
сұрайды.
– «Иә, солар айтты» деген жауап естігенде:
– Олар бізден жақсырақ біледі, – дейді де, сол
күннен бастап аналарымыздан естігені бойынша
әрекет жасайтын болды
509
.
Тағы бірде табиғиндердің имамы хазірет шурайх
хазірет айшаға барып:
– Уа, мүминдердің анасы! Әбу Хұрайраның
қорқынышты хадис риуаят еткенін естідім. Егер
хадис шынымен де сол айтқандай болса құрыдық қой,
– дейді.
Хазірет шурайхты тыңдаған анамыз таң қалып:
– Құритын адам онсыз да құриды, сен неге олай
абыржисың? Ол қандай хадис
510
, – деп сұрайды. сонда
хазірет шурайх:
– расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Кімде-кім Аллаға қауышуды қалайтын болса, Алла
да онымен қауышуды ұнатады. Кімде-кім Алламен
қауышуды ұнатпаса, Алла да оны ұнатпайды»
деген.
Біздің арамызда өлімді кім жек көрмейді дейсің? –
дейді.
анамыз шурайхтың мазасын қашырған
мәселенің мәнісін енді түсініп, мүминдерді жұбатып
былай деді:
– Иә, шынымен-ақ, бұл расулалланың сөзі.
Бірақ бұл сен түсінгендей емес. алла Әбу Хұрайраға
509
муатта, сиям 4 (639); Бәйхақи, сүнән 4\214 (7785), нәсәи, әс-
сүнәнул кубра. Осыған ұқсас оқиғаның фадл ибн аббас пен Әбу
Хұрайра (р.а.) арасында болғаны да айтылады. Қараңыз: Бәйхақи,
сүнән 4\214 (7785)
510
нас – Құран мен сүннет.
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
329
рақым етсін, ол хадисті риуаят еткеніменен, мәнін
түсіндірмепті. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) «алла құлдарының біреуі үшін жақсылық
қаласа, дүниеден өтер жылы оған бір періште жіберіп,
ақырет жұртына оны қызықтырады да сүйінші
береді. Осылайша, өлім періштесі келіп, «Ей, иманды
рух! Қане, алланың кешірімі мен ризалығына қарай
шық!» деп оның басында тұрғанда, ол кісінің жаны
тезірек аллаға қауышқысы келеді. Бұл алланың ол
құлмен кездесуді қалауы дегенді білдіреді. ал, алла
бір құлына жамандық қаласа, өлетін жылы оған шай-
танды жіберіп, тура жолдан тайдырады. Уақыты
бітіп, өлім періштесі басына келіп, оған: «Ей, рух!
Қане, алланың қаһарына қарай шық!» дейді, сол
кезде құл дірілдеп, қашатын жер іздегендей жан-
таласады. міне, бұл жағдайдағы адам алламен
қауышуды еш қаламайды. алла да онымен кездесуді
қаламайды» деп түсіндірді. Өліммен бетпе-бет
келіп, кеудеден жан шыға бастағанда терідегі түктер
тікірейіп, саусақтардан жан кете бастағанда кім ал-
ламен қауышуды қаласа, алла да онымен қауышуды
қалайды, кімде-кім алламен қауышуды ұнатпаса,
алла да онымен қауышуды ұнатпайды!
511
сахаба Әбу саид әл-Худри (р.а.) ажал аузында
жатқан кездері ажалының келетінін ойлап, соңғы
дайындықтарын жасай бастады. Үстіндегі киімін ау-
ыстырып, жаңа киім киіп жатып пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Өлім сол кезде үстінде
511
мүслим, Зікір 17 (2685), нәсәи, Жәнәиз 10 (1834), ахмад ибн Хан-
бал, мүснад 2\346 (8537). Екі түрлі риуаят біріктіріліп берілген.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
330
болған киімімен жиналады»
512
деген сөзін естігенін
айтады. Оның ойынша, бұл киімдегі мақсат соңғы
киім кебін болуы да мүмкін еді. алайда, анамызбен
қоса баршаның пікірі басқаша болатын. Әуелі:
– алла Әбу саидке рақым етсін, – деді.
Пайғамбарымыздың аталмыш сөзінен анамыз басқаша
қорытынды шығарды. Өйткені, өзінің білгендері мен
бұл мәліметті салыстырғанда, мәселені жалпылама
түрде көруге болатын. ақыретте дүниедегі киімдердің
бір үкімі жоқ. Қайтадан тірілу де дүниеге алғаш келуге
ұқсайды. Енді осы мәліметтерді өзгелермен бөлісуі
керек. Ол үшін екі мәселені түсіндіру мақсатында
былай жалғастырды:
– Бұл арқылы расулалла адамның өлген кездегі
ісін меңзеген. себебі өзі бір хадисінде
«Адамдар
қиямет күні жалаң аяқ, киімсіз және аналарынан
туғандай жалаңаш түрде жиналады»
дегені бар
513
.
айша анамыздың ілімі өз заманына ғана емес
кейінгі үмбетке де азық болып келеді. Әсіресе, ғылым
талап етушілер үшін бұл үлкен құндылық болып та-
былады. Омар ибн абдулазиз мәдина әкімі мұхаммед
ибн амр ибн Хазмге жіберген хаттарының бірінде:
– айналаңдағы адамдардың сөздері мен
әрекеттеріне қырандай қырағылық танытып
пайғамбарымыздан қалған бір хадис немесе сүннет
амалын арқалап жүрген бір адамды көрсең немесе
амраға қатысты айтқан сөзін естісең маған айт.
512
Әбу Дәуіт, Жәнәиз 18 (3114); Ибн Хиббан, сахих, 16\307 (7316)
Хаким, мүстадрак 1\490 (1260)
513
Бәйхақи, шуабул Иман 1\318 (359). сондай-ақ, қараңыз: Бұхари,
риқақ 45 (6162), мүслим, Жәнна 56 (2859)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
331
Өйткені, ғалымдардың дүниеден өтуі себепті, ілім де
жоғалып кете ме деп қорқамын»
514
, – деген.
Халифа көңіл бөліп, жүріс-тұрысынан үлгі алғысы
келген хазірет амра айша анамыздың шәкірті әрі
мәдина әкімі Әбу Бәкір ибн мұхаммедтің нағашы
әпкесі болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |