Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет120/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

311


–  Бұларға  пайғамбардың  жолдастары  үшін 

кешірім  тілеу  бұйырылды.  Істеп  жүргендерін  қара, 

сахабалар  туралы  ауыздарына  келгенді  оттауда,  – 

деді


487

Әсіресе,  хазірет  Әлиді  шейіт  еткен  және  осы 



шиеленістің  бел  ортасында  жүрген  харижиттер-

ге  қатты  ренжіді.  Харура  деген  жерге  жиналып 

біріккендіктен,  оларды  «Харурилер»  деп  атап, 

өздерінен  басқа  ешкімді  мұсылман  деп  санамай-

тын  дөрекі  түсініктерін  айыптаудан  тартынбай-

тын.  Бір  күні  бір  әйел  келіп,  «Хайыз  күндері  намаз 

оқысам  бола  ма?»  –  деп  сұрады.  Осыған  дейінгі 

істегендеріне қарасаң, бұл орынсыз сұрақ еді. Хайыз 

күндері  әйелдердің  намаз  оқымайтыны  онсыз  да 

белгілі.  Хайыз  күндері  де  намаз  оқуға  берілген  бұл 

адамдардың  өздері  секілді  ойламаған  хазірет  Әли 

секілді қаншама ірі тұлғаларды шейіт етуі қақтығыс 

туындатқан  еді.  міне  осы  санасыздықты  көрсету 

мақсатында анамыз оған:

–  Әлде сен де харурисің бе? – деді

488


.

алдыңғы  халифалар  секілді  хазірет  мұғауия  да 

анамызды  қатты  құрметтеді.  Қадірлеп,  жағдайын 

сұрап  сұратын.  Қиын  мәселелерге  кезіксе,  ақыл 

сұрайтын.  сәті  түскенде  сыйлықтар  жіберетін. 

Қысқасы, көңілін аулап қолынан келгеннің бәрін жа-

сайтын. 

487


  мүслим, Тәфсир, 15 (3022)

488


  Бұхари, Хайз 20 (315); мүслим, Хайз 67 (335); Әбу Дәуіт, Таһара 105 

(262), Тирмизи, Таһара 97 (130)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

312

айша  анамыз  кімнен  келсе  де  сыйлықты 



басқаларға  таратып  беріп,  қолындағы  барымен 

қарапайым өмір сүретін. Бұл бір ерекшелігі еді. 

Бір  күні  халифаның  адамдары  келіп,  хазірет 

мұғауияның  сыйлық  жібергенін  айтты.  арасында 

киім, күміс, т.б. заттар бар екен. Бөлмесінен шығып, 

елшілерге  қарап  тұрып,  жылап  жіберді.  Есіне  ескі 

күндер  түссе  керек.  Бәсең  дауыспен  әлдене  деді. 

Қасында тұрғандар оның:

–  расулалла  бұлардың  ешқайсысына  қол 

тигізбейтін, – дегенін естіді. сосын қасындағыларға 

қарап,  бұл  сыйлықтың  барлығын  мұқтаждарға  та-

ратуды  тапсырды.  сол  күні  кешке  дейін  хазірет 

мұғауияның жіберген сыйлығынан ештеңе қалмады.

Халифа бір күні анамызға хат жіберіп, өзіне наси-

хат айтуын сұрады. Жауап хатта ол былай деді:

–  алланың  сәлемі  жаусын!  сөздің  қысқасы, 

мен  расулалланың

  «Жұрттың  наразылығына 

қарамастан  кімде-кім  Алланың  разылығын  көздесе, 

Алла  оны  адамдардан  келетін  қиындықтардан 

қорғайды. Кімде-кім Алланың азабын назарға алмай, 

тек  адамдарға  ұнауды  көздесе,  бұл  жағдайда  Алла 

оған ашумен қарап, оны адамдармен жеке қалдырып, 

солардың қиындығына душар етеді!»

 дегенін естідім. 

Уәссәләму аләйк!

489


Хазірет  айша  өзіне  осыншалықты  құрмет 

көрсетіп, үнемі жақсылық жасайтын халифа хазірет 

мұғауияның  да  қателескен  тұстарын  жасқанбай 

жеткізетін. мысалы, Жәмәл оқиғасынан кейінгі топ-

489

  Тирмизи, Зүхд 64 (2414); Исхақ ибн рахуа, мүснад 2\600 (1175); Ибн 



Хиббан, сахих 1\510 (276)


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі

313


тасып  бөлінулерде  хазірет  Әлиді  жақтаған.  Хазірет 

мұғауияға  жамандап,  бірқатар  оқиға  нәтижесінде 

шейіт етілген Хужр ибн адый мен жеті жолдасының 

өлтірілуіне  қарсы  шыққан.  абдуррахман  ибн  Харис 

арқылы хат жіберіп: 

–  Егер  сөзімізді  қадірлесең  әрі  күшіміз  жетсе, 

Хужрды  өлтіруге  жол  бергіміз  жоқ  еді.  Өйткені,  біз 

үшін  бұл  ауыр  сынақ,  –  деп,  ниетінен  бас  тарту-

ын  талап  еткен.  алайда,  оның  бұл  әрекеттері  Хужр 

мен жолдастарын құтқара алмады. абдуррахман әлі 

жетпей тұрып олардың шейіт болғаны туралы хабар 

естиді. Халифаның алдына барғанда:

–  Әбу суфиянның жұмсақтығы мен мейірімділігі 

қайда,  сен  қайда?!  –  деп,  әкесімен  арасындағы 

айырмашылықты білдірмек болады. 

Хабарды  естігенде  бәрі  кеш  еді.  Кешігіп 

қалғанына қынжылған айша анамыз Хужрды ақтап, 

ол  туралы  айналасындағыларға  жақсы  сөздерін 

айтады. 

Біраз  уақыттан  соң  халифа  хазірет  мұғауия  да 

меккеге  келіп  қажылық  ғибадатын  атқарады.  Осы 

арада  анамыздың  көңілін  сұрауға  да  келеді.  айша 

анамыз дереу Хужрды еске салып:

–  мұғауия,  Хужр  мен  жолдастарын  өлтіргенде 

алладан  еш  қорықпадың  ба?  Хужрға  неге  жаның 

ашымады? – дейді. 

Хазірет мұғауия өкінген күйде:

–  Оларды мен өлтірген жоқпын, – деді. алайда, 

бұл  сөз  анамызды  жұбатқан  жоқ.  Өйткені,  ол  кезде 

халифа  мұғауия  болатын  әрі  бұл  қылмыс  соның 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет