Хазірет айша


«Раббыларының  құзырына  қайтып,  есепке



Pdf көрінісі
бет129/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

«Раббыларының  құзырына  қайтып,  есепке 

тартылатынын  ойлап,  жасаған  жақсылықтарын 

жүректері  дірілдеп  тұрып  жасайды»

  деген  аят 

түскенде:

–  Уа,  расулалла!  аятта  ішімдік  ішетін,  ұрлық, 

зинақорлық  жасайтындар  алладан  қорқатындар  деп 

тұр ма? – деп сұрайды. 

бұл  риуаятта  пайғамбарымыз  «сыратта!»  дегеннің  орнына 

«Тозақтың көпірінде» деп жауап берген. Қараңыз: Тирмизи, Тафси-

рул Құран; ахмад ибн Ханбал, мүснад ; Хаким, мүстадрак

533


  мүслим, сыфатул мұнафиқин 29 (2791); Тирмизи, Тәфсирул Құран 

15 (3132), Ибн мажә, Зүхд 33 (4279); ахмад ибн Ханбал, мүснад 

6\35 (24115), Дарими, риқақ 88 (2809)



Айша - ғылымның қайнар бұлағы

339


–  Олар  намаз  оқып,  ораза  тұтып,  зекет  бере 

тұра  бұлардың  қабыл  болмайтынына  алаңдап 

қорыққандар

534


, – дейді. 

Бір  күні  алла  расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм):

–  сөз  бен  істе  туралықтан  айнымаңдар, 

адамдардың арасын татуластырушы әрі жақсылықпен 

қуантушы  болыңдар!  Өйткені,  ешкім  іс-амалымен 

жұмаққа кіре алмайды, – деген. мұны ести сала:

–  Уа, расулалла! сіз де ме? – дегенде:

–  Иә,  мен  де.  Егер  алла  кешірімімен  қарап, 

мейіріміне бөлемесе

535

, – деп жауап берді.



Бір күні кешке пайғамбарымыздың үтір намазын 

оқымастан жатқалы жатқанын аңғарып:

–  Үтір  намазын  оқымай  жатпақсыз  ба?  –  деп 

сұрады. сонда: 

Пайғамбарымыз оған:

–  айша  менің  кірпігім  ілінгенмен  жүрегім 

ұйықтамайды

536


, – деп түсіндірді.

Бірде  түнде  сүйікті  жары  Жаннатул-бақиды 

зиярат  ету  үшін  сыртқа  шыққысы  келді.  мұны 

аңғарған анамыз қызғанған мінез байқатты. расулал-

ла ойын дереу сезді:

–  не болды, әлде қызғандың ба?

–  сізді қызғанбағанда кімді қызғанамын. 

–  Әлде тағы да шайтаның түртті ме?

–  Уа, расулалла! менің шайтаным бар ма?

534


  Тирмизи, Тәфсирул Құран 23 (3175); Ибн мажә, Зүхд 20 (4198); ахмад 

ибн Ханбал, мүснад 6\159 (25302), Хаким, мүстадрак 2\427 (3486)

535

  Бұхари, риқақ 18 (6102); мүслим, сыфатул мұнафиқиин 78 (2818)



536

  Бұхари, Тәйһәжжүд 16 (1096); мүслим, салатул мүсафирин 125 (738)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

340

–  Иә.


–  шайтан барлық адамда бола ма?

–  Иә.


–  сізде де бола ма?

–  Иә, бірақ раббым қарасып, шайтанымды өзіме 

бағындырып берген

537


.

міне, осындай қызығушылығы анамыздың ілімін 

молайта түсті. Тәпсір, хадис, фиқһ, кәлам, дін, шежіре, 

тарих  сияқты  бірнеше  салада  ұстаздық  жасауына 

мүмкіндік берді. 

Бұнда өскен ұясы мен қалыптасқан өмір салтының 

айырықшалығын  да  ескерген  жөн.  Әбу  Бәкірдің 

(р.а.)  қызы  болғандықтан,  үнемі  Құранның  ақиқат 

нұрының  аясында  өмір  сүрді.  Әкесі  мүшріктердің 

өзі бағалайтын жан еді. Үйінің бір бұрышын мешітке 

айналдырып,  Құранын  үнемі  сол  жерде  оқитын

538


Есін білгелі бұл үйде мұсылмандық туралы жиі сөз 

қозғалатын. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

үйлеріне  келген  кезде  үйдегі  тыныс-тіршіліктің 

осылай жүріп жатқанына куә болатын

539


. Осындай от-

басында өскен зерек қыздың мекке кезеңінде түскен 

аяттар  туралы  мәліметтерге  қанық  болмауы  әсте 

мүмкін емес.

Пайғамбарымызбен отасқаннан кейін де әрдайым 

Құранға  жақындай  түсті.  Жәбірейіл  әминнің  уаһи 

жеткізгеніне бірнеше рет куә болды. ұшқыройлылығы, 

ғылымға құмарлығы, естіген-көргендерін нақтылауға 

537

  сыфатул мұнафиқин, ахмад ибн Ханбал, мүснад 



538

  Бұхари, салат 86 (464), Кәфалә, мәнәқиб

539

  Бұхари, мәнәқиб 45 (3694), Бүйүғ 58 (2031), Кәфалә 5 (2176), Әдәб 



64 (5729)


Айша - ғылымның қайнар бұлағы

341


әуестігі арқылы пайғамбар мектебінің ең үздік шәкірті 

атанған  анамыз  Құранды  жақсы  білетіндердің  ара-

сында шоқтығы биік тұрды. 

аяттар  түсіп  жатқан  кездерде  жазып  жинаған 

және  Жәбірейіл  әминнің  нұсқауымен  сүре  мен  аят-

тарды  орны  орнына  орналастырған  бір  мусхафы 

бар  еді

540


.  Бұл  мусхафы  кейінгі  кезеңдердегі  үмбет 

үшін қайнар көз болып, әр аймақтың мұсылмандары 

Құрандағы реттілікті соған қарап білетін

541


Хақ  тағала  бір  аятта: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет