Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
273
Осы жеңістен кейін халифаға бағалы әшекей
бұйымдары салынған ыдыс әкелінді. ырысқа қарап
қасындағылардан:
– мұның бағасын білесіңдер ме? – деп сұрады.
Ешкім оның бағасын айта алмады. сонда хазірет
Омар (р.а.) айналасындағыларға қарап:
– рұқсат берсеңдер, мен басы бүтін күйде
мұны расулалланың сүйіктісіне берейін? – деді. Бұл
ұсынысты бәрі бірауыздан мақұлдады.
сосын елші арқылы іші әшекей бұйымға тола
ыдысты айша анамызға сыйға тартты. айша анамыз
ыдысты мұқият ашып, ішінен бағалы әшекейлер
шыққанын көргенде шошынғандай терең ойға батты.
алла расулының өте қарапайым сүрген өмірі есіне
түскен шығар, іштей таңырқады. сосын хазірет
Омарды меңзеп қолын көтеріп:
– алла тағалам, ендігәрі мені Омардың
жақсылықтарына кезіктірме, одан да жанымды ал!
437
– деп дұға етті.
Хайбар жеңісінен кейін қолға түскен олжалар-
ды үлестірген кезде де аналарымыз ұмыт қалмай,
таңдауды өздеріне қалдырып жер немесе айлық
жалақы ұсынылатын
438
.
да таңдау жасатқаны және айша анамыздың жерді таңдап, кейіннен
бұл жерді қорға қалдырғаны айтылады. Қараңыз: Бұхари, мүзараа
14 (2213); мүслим, мұсақат, 2 (1551) сондай-ақ, қараңыз: нәдәуи,
сирату сәйидәти айша 75
437
Хаким, мүстадрак 4\9 (6725); ахмад ибн Ханбал, фадаилус сахаба
2\875 (1642)
438
Бұхари, мүзараа 7 (2203); мүслим, мұсақат 2,3 (1551); ахмад ибн
Ханбал, мүснад 2\22 (4732)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
274
Ғылым мәселесінде де хазірет Омардың
ақылшысы айша анамыз болды. Бір қиындыққа
кезіккенде не өзі келіп, не жақындарының бірін
жіберіп анамыздан жөн сұрайтын. Бұл тек халифа-
мен шектелмеді, сахабалар мен табиғиндер де айша
анамыздың біліміне жиі жүгінді. Әсіресе, хадис
ғылымына қатысты мәселе туындағанда бәрінің
жүгінетіні айша анамыз еді
439
.
Пайғамбарымыздың айтуынша, өзі өмір сүрген
кезең ең қайырлы кезең болатын. Қазір енді екінші
кезеңге ойысты. Бұл ненің дұрыс екенін ашық
білдіретін кезең еді. Халифаның осыншалықты көңіл
ауларлық әрекеттері анамыздың туралықты айтуына
кедергі келтірген емес. Ешкімнің бет-жүзіне қарамай
қатені қате деп, адамдарға істің дұрысын көрсететін.
Бір күні хазірет Омар амр ибн Үмәямен кездесті.
сатып алған бір құшақ матасын халық жақтырмайтын
жаман әйелдерге садақа етіп бергенін естігенде қатты
ашуланды. Жасаған ісін айыптап, оларға берген
садақаның қабыл болмайтынын айтты. алайда,
хазірет амр да айтысып, дұрыстығына өзі білетін
хадисті көлденең тартты.
Бұл сөзге хазірет Омар одан сайын ашула-
нып, амрдың айтқанын өтірік деп қабылдады.
араларындағы дау ұлғайған соң екеуі айша анамызға
барып жүгінді. сөзді хазірет амр бастады:
– ақиқатын айтыңызшы, расулалланың «Оларға
берген нәрселерің де сендер үшін садақа» дегенін
естіп пе едіңіз?
439
Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 2\375
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
275
анамыздың жауабы нақты болатын:
– алла куә, иә, естідім!
Бұл жауап хазірет Омардың кешірім сұрауына
себеп болды. мұны естігенде өзін жазғырды. алла
расулынан естімегені әлі көп екенін біліп, өз-өзін
кінәлады
440
.
Хазірет Омар (р.а.) бір күні Әбу Хұрайраның
Достарыңызбен бөлісу: |