Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет95/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

242

тұрды. Бұл қабырғада бір терезе бар еді, анда-санда 



кездесіп, осы терезеден сөйлесетін

384


айша  анамыз  фатиманың  ең  жақын  сырла-

сы  болатын.  Барлық  мәселесін  сонымен  бөлісетін. 

Қуанышын  да,  қайғысын  да  анамызға  айтатын. 

фатима қол диірменмен ұн тартып, қолын күс басқан 

кездерде  әкесіне  барып  бір  қызметші  сұрады.  Бірақ, 

әкесі сұрағанын бермеді. Қайтарында сырласы айша 

анамызға барып жағдайды айтты

385



Өзі  анамызды  жанындай  жақсы  көретін.  алла 



елшісі  жақсы  көргендерді  жақсы  көруі  керектігін 

үйренген еді. Өйткені, әкесі одан: 

–  Қызым, менің жақсы көргенімді сен де жақсы 

көргің келетін шығар? – деп сұраған. 

Жүрегін елжіреткен бұл сөздерге ол:

–  Иә, – деп жауап берген

386



Әрине,  айша  анамыз  үшін  де  фатиманың  орны 



айрықша еді. Бір күні өзінен:

–  алла елшісі үшін ең сүйікті адам кім еді? – деп 

сұрағанда:

–  фатима, – деп жауап берген

387



–  Әкесінен  кейін  фатимадан  көркем  адамды 



көрмедім

388


,  –  деп,  айша  анамыз  біреулердің  оған 

жаман қарағанын ұнатпайтын. Тағы бір сөзінде:

384

  Қараңыз: нәдәуи, сирату сәйидәту айша 122



385

  Қараңыз: Бұхари, Хумус 6 (2945); нәфәқат 7 (5047); мүслим, Зикр 

уә Дуа 80 (2727) 

386


  мүслим, фадаилус сахаба 83 (2442); нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944)

387


 Қараңыз: Тирмизи, мәнәқиб 61 (3874); Хаким, мүстадрак 3\171 

(4744); Табарани, әл-мұғжамул кәбир 22\403 (1008)

388

 Табарани, әл-мұғжамул әбсәт 3\137 (2721); Әбу яла, мүснәд 



8\153 (4700)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

243


–  Жүріс-тұрысындағы 

салмақтылығы 

мен 

байсалдылығы,  сыпайылығы  жағынан  әкесіне  дәл 



фатимадай ұқсайтын ешкімді көрмедім, – деп, сөзін 

былай аяқтаған: 

–  Қызы  келгенде  әкесі  орнынан  тұрып  қарсы 

алатын.  Бетінен  сүйіп,  қасына  отырғызатын.  Әкесі 

іздеп  барған  кезде  фатима  да  дәл  солай  қарсы 

алатын.  Орнынан  ұшып  тұрып  әкесін  сүйіп,  төрге 

отырғызатын

389


фатиманың ізгілігі туралы айтулы деректерді де 

айша анамыз жеткізген. Кейіннен «Әһлі бәйт» деп та-

нылатын бұл оқиғада алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм) қызы фатимадан бастап Әли, немерелері 

Хасан мен хазірет Хусейнді меңзеп: 

–  Бұлар менің әһлі бәйтім, – деген және олардың 

күнәсіздігіне  назар  аудартып  пайғамбарлығын 

сынағысы келген Әһлі кітапқа қарата айтқан еді

390


Қайтыс  боларына  жақын  күндердің  бірінде 

барлық  әйелдері  алла  елшісінің  жанына  жиналды. 

Осы кезде фатима анамыз келді. Жүрісі де, адымдауы 

да  әкесінен  аумайтын.  Қызын  көргенде  алла  елшісі 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): 

–  Қош келдің! – деп, қызын қасына отырғызды. 

Бір  уақытта  қызының  құлағына  еңкейіп  әлдене 

айтты.  Осы  сәт  фатиманың  көзінен  жас  моншақтап 

қоя  берді.  Бәрін  үнсіздік  басты.  Қызының  жылауы 

әкесінің де жүрегін елжіретті. Осы сәт оған тағы да 

389


  Әбу Дәуіт, Әдәб 155 (5217); Тирмизи, мәнәқиб 61 (3872); Хаким, 

мүстадрак 3\174 (4753); Ибн Хиббан, сахих 15\403 (2953)

390

 Тирмизи, мәнәқиб 61 (3871); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\304 



(26639); Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 6\370 (32103)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

244

жақындап құлағына сыбырлады. Жаңа ғана екі көзінен 



жас  парлаған  фатиманың  енді  қуана  күлімсірегені 

байқалды. 

айша анамыз бұл сырды білуге қатты құмартты. 

Дереу жанына барып: 

–  фатима,  әйелдерінен  жасырып  әкең  саған  не 

айтты? – деп сұрады. 

–  Бұл  сырды  аша  алмаймын,  –  деді  фатима. 

алайда, айша анамыздың қызығушылығы басылма-

ды.

расулалла бақиға аттанғаннан кейін де реті кел-



генде сұрады.

–  сол күні сыбырлап саған не айтты?

–  Енді айтайын, – дегенін естігінде қуанып кетті. 

фатима анамыз:

–  алғаш  рет  Жәбірейіл  періштенің  рамазан 

айында жыл сайын бір рет келіп Құранды бірге хатым 

етсе,  бұл  жылы  екі  рет  келгенін  айтты. 

«Ажалым 

жақын деп ойлаймын»

 деді. сөйтті де 



«Сабыр ет, Алла-

дан қорық, тақуалықтан айныма! Сен үшін дәл мендей 

мейірбан әке болмас!»

 деді. Осыны естігенде жылап 

жібердім. менің қайғырып жылағанымды көрген соң 

қайтадан құлағыма сыбырлап, жақындарынан алғаш 

болып  өзіне  қауышатын  жан  мен  екенімді  білдіріп, 

«Фатима! Мүмин әйелдердің қадірлісі, осы үмбеттің 

әйелдерінің  қадірлісі  болуды  қалайтын  шығарсың?» 

деді. Езу тартқан себебім сол еді

391



391



  Бұхари, мәнәқиб 22 (3426); мүслим, фадаилус сахаба 97 (2450); 

Тирмизи, мәнәқиб 61 (3872)




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

245




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет