45
туындау сипатындағы кейстерді қалыптастырудың қайталама көздерін бөліп
көрсетуге болады:
1.
Идеяларды ұсына алатын көркем және
публицистикалық әдебиет, ал
кейбір жағдайларда гуманитарлық пәндер бойынша кейстердің сюжеттік
құрылымын анықтайды. Публикациялардан алынған үзінділер, кейске БАҚ-дан
жедел ақпаратты қосу кейсті айтарлықтай өзектендіреді, ол оқушылар
тарапынан қызығушылықты арттырады. Көркем әдебиет пен публистиканы
қолдану кейске мәдени функция береді, оқушының адамгершілік тұлғасын
дамытуды ынталандырады.
2.
Кейстерді қалыптастырудың қайнар көзі ретінде «жергілікті» материалды
пайдалану. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, компания мен оның өнімдері
оқушылар үшін белгілі бір жеке мәнге ие болған кезде әртүрлі компаниялардың
қызметі туралы кейстерді неғұрлым терең және қызықты талқылау орын алады.
«ASU», «Samsung», компаниялары туралы кейстер «Pillows.kz», «Fly Arystan»
және тағы басқалары, егер оқушылар арасында осы компанияларды білетін
оқушылар болса, үлкен қызығушылықпен талқылайды. Сыныпта «Samsung»
компаниясы туралы кейстерді талдау барысында, осы компанияда өндірілген
тауарлар оқушылардың үйінде болған кезде жақсы талданады. Ұлттық нарықта
белгілі бір орны бар компаниялардың тәжірибесін және сол компаниялардың
тауарлары мен қызметтерін мүмкіндігінше кейс арқылы көрсету.
Егер мектептегі оқушылар отандық, жергілікті компаниялар туралы
кейстерде сипатталған оқиғалар мен олардың мазмұнын жақсы білсе өздерін
сенімді сезінеді, шетелдік тұтынушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін
талқылау оларға қиындық тудырады. Жергілікті материалға немесе жергілікті
кәсіпкерге негізделген кейстерге талқылау жүргізуде мұғалім сенімді
түсіндіреді, өйткені ол аймақты да, кәсіпорынның өзін де жақсы біледі. Мұндай
жағдайларды талқылау кезінде жергілікті кәсіпкерді немесе кәсіпорын өкілін
сабаққа шақырудың ерекше мүмкіндігі зор. Мысалы, «Rocket Study» кейсін
талдау кезінде Нұр-сұлтан қаласының оқушыларына кейстің бас кейіпкері және
«Rocket Study» ағылшын тілі мектептері желісінің негізін қалаушы Арслан
Даримовтың өзін шақырып сұхбаттасуға болады.
3.
Кейстің ғылымилығы мен күрделілігі статистикалық
материалдармен,
нарықтың
жай-күйі
туралы
ақпаратпен,
кәсіпорынның
әлеуметтік-
экономикалық сипаттамасымен және т.б. қамтамасыз етіледі; сонымен қатар
бұл материалдар жағдаяттарды диагностикалау үшін тікелей құрал ретінде рөл
атқаруы мүмкін және жағдаятты түсіне алатындай маңызды көрсеткіштерді
есептеу материалы ретінде әрекет ете алады. Статистикалық материалдар
кейстің мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады.
4.
Кейске арналған сапалы материалдарды белгілі бір мәселеге арналған
ғылыми мақалаларды, монографиялар мен ғылыми есептерді талдау
арқылы алуға болады. Ғылыми мақала әдетте кез-келген мәселені терең
қарастырумен сипатталады; ғылыми монография зерттеу тақырыбына жүйелі,
жан-жақты сипаттама береді; ғылыми есептің ерекшелігі – материалдың
өзектілігі мен жаңашылдығы.
46
Ғылыми жарияланымдар case-study әдісінде екі функцияны орындай
алады: біріншісі – ғылыми басылымдар мен олардың фрагменттері оларды
мәтін мазмұнына қосу арқылы кейстің құрамдас
бөлігі бола алады, ал екіншісі –
кейсті түсіну үшін қажет әдебиеттер тізіміне енгізілуі мүмкін.
5.
Кейстер үшін материал көзі интернет ресурстары болып табылады. Бұл
дереккөз айтарлықтай ауқымдылығымен, икемділігімен және тиімділігімен
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: