63
Түйені көбіне жүніне бола өсіреді, бірақ негізінен шұбат та алады. Ересек
түйе күніне 12 литр сүт береді, барлығы 35 ересек аналықтан 400 литрден
артық сүт алынады.
Облыс бойынша шұбаттың орташа бағасы – 400 теңге, бірақ Азат шипажай
мен жеке сатып алушыларға 350 теңгеден арзан бағамен сатады.
Мапқсатты аудитория
Мал өсіруші сапаға жұмыс істейді, сондықтан сатып алушылар көп,
фермерге сүтті арзан және үлкен көлемде сату тиімді. Осының арқасында
тұрақты тапсырыс берушілер саны өсуде. Жақында Қожа Ахмет Яссауи
кесенесіне және облыстың басқа да көрікті жерлеріне баратын шетелдік
туристердің сұранысы пайда болды.
Қаржыландыру
Осыдан сегіз жыл бұрын Құрманбековтер отбасында тек он түйе болған.
Сүт көрші ауыл мен көршілерге сату үшін ғана жеткілікті болған. Бірақ Азат
өндіріс көлемін ұлғайтқысы келді, себебі бес баланы өсіру үшін біршама
қаражат керек. Бірақ табиғи өсімнің көмегімен мал басының айтарлықтай
өсуіне көптеген жылдар қажет болар еді. Екінші тәсіл - жас аналықтарды сатып
алу, олардың әрқайсысын 250-ден 750 мың теңгеге дейін сатып алуға фермерде
ақша болған жоқ. Мәселе шешімін KMF микроқаржылық ұйымы тауып берді,
сол ұйымнан 2009 жылы Құрманбеков төлді сатып алуға кредит алды.
Ол көрші шаруашылықтарға барып, 1-2 бастан түйенің боталарын сатып
ала бастады. Оларда сүт беретін ерекше тұқымдық белгілері бар. Мұндай
ерекшеліктерді шаруа тәжірибелі көзбен көріп, ажыратып ала алады.
Осы уақыттан бері Азат 11 рет микронесиелерге жүгініп, әр жолы мал
басы мен қарыз сомасын көбейтіп отырды. Бүгінде Азат Құрманбеков Отырар
ауданындағы ірі түйе шаруашылығымен ғана емес, агроном қызметімен де
айналысатын болды. Сүт сатудан түскен қаражатқа 15 гектар жер сатып алып,
онда жүгері мен жоңышқа мал азығын өсіреді.
Оның отбасылық бизнесі әйел мен балалардың қажырлы еңбегі мен
көмегінің арқасында өсіп келеді. Түйелерді өсіру өнерінің құпияларын
Құрманбеков өз балаларына үйретеді: үш ұл және екі қызы шаруашылық
бойынша әкесіне белсенді көмек көрсетіп, бұл істің мұрагерлікке өздеріне
өтетінін біледі.
Дерек көз:
https://kapital.kz/business/63255/millioner-iz-aula.html
Достарыңызбен бөлісу: