Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу



Pdf көрінісі
бет3/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім

Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу 

маңыздылығы. 

 

Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу баланың оқу 



үдерісінде субъекті болуына жағдай  жасауды көздейді, яғни, бала өзін-өзі 

өзгерту үшін оқиды, педагог үшін де, баланың өзі үшін де негізгі мәселе оның 

дамуы болып  табылады. Осыған байланысты  психологиялық-педагогикалық 

үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар

оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша 

психологиялық-педагогикалық жағдай жасау қажет. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпыға  білім  беру  ортасына  қарай 

бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан елдерінің арасында алғаш 

рет  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық-

педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. 

Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  «Кемтар  балаларды 

әлеуметтiк  және  медициналық-педагогикалық  түзету  арқылы  қолдау  туралы» 

2002  жылғы  11  шілдедегі  №  343-ІІ  Заңында, 

 

кемтар  балаларды  әлеуметтiк, 

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн 

айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн 

жасауға,  оларды  тәрбиелеу,  оқыту,  еңбекке  және  кәсiби  даярлау  iсiмен 

байланысты  проблемаларды  шешуге,  балалар  мүгедектiгiнiң  алдын  алуға 

бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. 

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық- 

педагогикалық  коррекциялық  қолдау,  бірнеше  нормативтік  құқықтық 

құжаттарда  қарастырылып,  білім  беру  саласы    әлеуметтік  ұйымдарын  оқу 

әдістемелік  әдебиетпен,    техникалық  құралдармен  қамтамасыз    ету  және 

балаларды  сауықтыру  туралы»,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әлеуметтік 

педагогикалық  түзету  арқылы  қолдау,  тұрмыс  тәртібіндегі  шектеуді  жою  және 

оның  орнын  толтыру  үшін  жағдай  жасауды  қамтамасыз  ету  және  оларға  басқа 

азаматтармен  бірдей  қоғам  өміріне  қатысу  мүмкіндіктерін  жасау  болып 

табылады. 

Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен 

толық  қамтылуын,  олардың  мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту 

бағдарламаларына  теңдей  қол  жеткізуін  және  «инклюзивті  білім  беру  жүйесін 

жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар 

балалар  саны  артып  отыр.  Оларды  оқыту  жүйесі  кеңейіп,  түзете-дамыту 

технологиялары жетілдірілуде. 



 

Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын 



бөлінген.  Бұл  балаларға  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған  негізгі  міндет-

олардың  әлеуметтік  ақталуы  мен  бейімделуіне,  қоғамдағы  толыққанды  өмірге 

дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. 

Қ.Р Президентінің  07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім 

беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасында  инклюзивті  білім  беру 

жүйесін жетілдіруді қарастырады. 

Осы  заң  аясында  жарымжан  балаларға  ерте  бастан  білім  беру  мәселесіне 

мән берілген. Оларды білім беру ,әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз 

ету қарастырылған. 

Инклюзивті  білім  беру  –мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  тең  жағдайда  бірдей  білім  алуына  қолжетімділігін 

ұйымдастыру.  Мәселен  арбамен  қозғалатын  балалар  үшін  мектептерде  арнайы 

пандустар  өзге  де  мүмкіндіктер  қарастырылуы  керек.  Бұл  индикаторлар  2011-

2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. 

Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалардың  қандай  да  бір  дискриминациясын 

жоққа  шығару,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету, 

сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай 

қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың 

бір бөлігі шығып қалады,өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық 

қажеттілігін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды 

оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптас- 

тырады. 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет