Зерттеулер нәтижелеріне берілген сараптаушының ұсынысы.
Қазақстанда 563 мыңнан астам мүгедек жандар өмір сүріп жатыр, оның
ішінде, 65,8 мың мүгедек балалар. Олардың саны ел тұрғындары жалпы
санының 3,4% құрайды.
ҚР күші бар заңдарына сәйкес, мүгедек жандар еліміздің басқа
азаматтарымен бірдей тең барлық құқықтар мен еркіндікке ие. Республиканың
заңымен мүгедек жандар үшін жеткілікті кең құқық көлемі және әлеуметтік
кепілдеме бекітілген. Сонымен қатар, бірнеше тізім бойынша шешілмеген
мәселелер бар, олар оң шешілген жағдайда, Қазақстандағы мүгедек адамдар
экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерге, саясатқа қатысу және өмірдің
барлық саласына қатысуға тең құқық алмақ.
2008 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы көп халықаралық
құжаттарға қатысушы бола тұра, оның ішінде, азаматтық және саяси құқық
туралы Халықаралық шарт және экономикалық, әлеуметтік және мәдени
құқықтар туралы Халықаралық шарттарды қоса, мүгедектердің құқығы туралы
Конвенция және оның Факультативті хаттамасына қол қойды. Қазіргі уақытта
42
Қазақстан үкіметімен мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны бекітуді
дайындауға белсеңді жұмыс іске асуда, негізгі мақсаты көтермелеу, қорғау,
мүгедек жандар үшін барлық адам құқығы мен негізгі еркіндікті тең етіп толық
іске асырып қамтамасыз ету.
Аталмыш үдерісте Қазақстанға берілген экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар жөніндегі Комитетінің ескертуі маңызды роль атқарды.
Сонымен қатар, комитет «тікелей және жанама кемсітушіліктен әр құқыққа
сәйкес тиімді қорғайтын экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Халықаралық шартта бекітілген кемсітушілікке жол бермеуді
қамтамасыз ету мақсатымен заңнаманы қайта қарастыруды жүргізуді» ұсынды.
Өз кезегінде, балалар құқығы жөніндегі комитет Қазақстанға жағдайларға
қатысты қорытынды ескертпелерде: «барлық кемсітушіліктің түрлеріне қарсы
күресте өз күштерін нығайтуды жалғастыру, оның ішінде, гендірлік теңдік
туралы заңдарды қабылдау жолымен, және қатысушы үкіметті арнайы көмекке
зәру балаларға байланысты белгілі бір стереотиптерді қалыптастыратын
терминдерді қолданудан бас тартуды» айтып шақырады.
Қазақстан Республикасының әмбебап мерзімді шолу бойынша Жұмыс
тобының баяндамасында «мүгедек балаларды стигматизацияға алып келмейтін
лексиканы пайдалануды қамтамасыз ету» туралы ұсыныс жасалды.
Халықаралық бірлестік ролімен қатар мүгедек жандарға байланысты
ұлттық саясатқа әсер ететін азаматтық қоғамның үлкен маңыздылығын атап
өткен жөн. Әсіресе, мүгедек адамдардың қауымдастықтары, сонымен қатар,
олардың одақтары 2000 жылдардың басында нағыз өзгерістің бастуашылары
болды: тәуелсіз Қазақстанның жаңа заңдарын қалыптастыру кезінде олар
мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделген жаңа амалдарды енгізуге
бастамашы болды.
Белгілеп кету керек, бұл ұйымдардың негізгі әрекет жұмыстары мүгедек
жандардың құқығы туралы қоғамның ақпараттандыруын жоғарлатуға, сонымен
қатар, оларға қоғамның көзқарасының өзгеруіне бағытталған болатын.
Мүгедектік саласында азаматтық қоғамның жүріп өткен жолын бақылай
отырып, қоғамның мүгедек жандарға деген сыйламастық пен немқұрайлы
қарым-қатынастарының төзімділікке ауысқанын аңғаруға болады.
Дегенмен, уақыт өте келе, төзімділікке жету мүгедек адамдардың құқығын
дамытуға аздық етеді, сондықтан, бүгін азаматтық қоғам өз алдына қоғамның
құқықты, әрбіреуінің әртүрлілігі және дәрежесі тең екендігін мойындау
бойынша жаңа мақсаттар қойып отыр. Сонымен, мүгедек жандарға Қазақстан
тұрғындарының қарым-қатынасын зерттеу бойынша және мүгедек адамдардың
қоғамдық өмірде белсеңді араласуға дайындық дәрежесін зерттеу туралы
Азаматтық Қоғамды Дамыту Ассоциациясының (АҚДҚ) тапсырысы бойынша
тәуелсіз зерттеу мекемесі - Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығымен (ҚПЗО)
жүргізілген зерттеу қоғамның мүгедек жандарға келгенде жоғары төзімділіктің
бар екендігін көрсетті. Сол уақытта, одан терең зерттеу негізінде, халық мүгедек
адамдарды қоғамның тең әрі белсеңді мүшесі ретінде қабылдауға дайын емес,
43
сондықтан, мүгедек адамдардың құқық жағынан сұрақтарын дағдыландыру
бойынша дәйекті ақпараттық жұмыс жүгізу керектігі және инфрақұрылым
объектілері мен ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету керектігі мәлім.
Мүгедек адамдардың қоғамдық өмірге белсеңді араласуға дайындығын
зерттеу қорытындылары арасында көбінесе мүгедек жандардың өз бағалары мен
сенімділік, өз абыройлық сезімін жоғарлату
қажеттілігі, кедейлік мәселесін шешу, жұмысқа
орналасу кезіндегі кедергілерді жою көбірек
көрінетін мәселелер.
Конвенцияда айтылған мүгедектер құқығы
туралы қағидат көкейкестілігін және оның
Қазақстан Республикасында беку қажеттілігін
тағы бір атап өтеді.
2006 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған
мүгедектердің
құқығы
туралы
Конвенцияға
сәйкес,
мүгедектік
ол
денсаулықтарында сыр бар адамдар мен қоршаған қатынастық және орта
кедергілері арасында олардың толық және тиімді қоғам өміріне басқалармен тең
қатысуға кедергі жасайтын әрекеттің қорытындысы. Сондықтан, Конвенция
мүгедек түсінігіндегі парадигманы дәстүрлі назар фокусын индивидтің
денсаулығының
бұзылуынан
қоғамда
бар
кедергіге
ауыстыратынын
жариялайды.
Орта немесе физикалық кедергілер барынша көз алдында, және қоғамда кең
сөгіледі, сонымен қатар, мүгедек жандар үшін ашық, қол жетімді және тең
құқықты қоғам құру жөніндегі бағдарламалар көбінесе физикалық
инфрақұрылым кедергілерін жою мақсатымен басым жасалады.
Сол уақытта, нақ қарым-қатынастық кедергілері орта, институционалды
және ақпараттық кедергілер салу үшін негізгі кедергі болып саналады, ал, ең
бастысы –қоғамның мүгедек жандарды кемсітетін қарым-қатынасы үшін негіз
болуға туын болып отыр.
Қарым-қатынас кедергісін жою маңыздылығы көбінесе мемлекеттік саясат
пен мүгедектерге қатысты бағдарлама жасағанда ескерілмейді. Сирек кездесетін
ақпараттық кампаниялар және бағдарламалар көбінесе қоғамның көңілін
мүгедектіктері бар адамдардың құқықтары мен қабілеттіліктерінен гөрі
шешілмеген жағдайларына алып келеді, осы арқылы мүгедектерге қатысты
кезекті кері стереотиптер қалыптастырады.
БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары жөнінде Конвенциясы мүгедек түрі
бойынша, кемсітушілікке анықтама береді ол-кез-келген айырмашылық,
ерекшелік немесе мүгедік есебебіне байланысты шектеу, оның мақсаты мен
нәтижесі мойындауды жоққа шығару немесе кеміту, орындау немесе
адамдардың басқа барлық тең құқықтары мен саясат, экономика, әлеумет,
мәдениет, азаматтық және кез-келген ауданда еркіндік негіздерін бірдей
жүзеге асыру болып саналады.
44
Мүгедек жандарға қатынас бойынша, кері стереотиптер және кемсітушілік
әлі күнге дейін дүние жүзінде оның ішінде Қазақстанда да басым. Көптеген кері
түсініктер терең тарихи тамырға ие, кейбіреуі посткеңестік үкіметтен шығады,
солай, мысалы, Кеңес Одақ кезінде «мүгедек» және «жұмысқа жарамсыз»
түсінігі ұқсасып институционализденді, сөйтіп, мүгедек жандардың жұмыспен
қамту және жұмысқа орналасуына кері әсер етіп, кемсітушілік есебіне айналды.
Қоғам әлі күнге дейін мүгедек адамды жұмыскер ретінде қабылдауға дайын
емес, ал, егер ондай мысалдар көрсе, онда оның қызмет жасап жүрген дәлелін
уақыт кеңістігін толтыру немесе бос дем алу уақытының бір түрі ретінде
қабылдайды.
Мүгедек жандардың барлығы әрдайым ауыртпалықты сезінеді және
емделуге мұқтаж деген түсінік көп жылдан бері мүгедек жандарды әлеуметтік
қорғау бағдарламасы бойынша, олардың қоғам өміріне қатысу үшін тең жеке
мүмкіндіктерді жасаудың орнына негізге медициналық модельді алып, адам
ағзасында енді кері айналмайтын өзгерістерді жоюға жиі тиімсіз күш салған.
Мүгедікке жыныссыз тәсілмен келу, мүгедек еркектер мен әйелдердің
мемлекеттік бағдарламалар көбісінен, мысалы, гендірлік теңдікті қамтамасыз
етуге, репродуктивті денсаулықты сақтауға немесе сексуалды немесе тұрмыстық
зорлық көргендер үшін көмектерге байланысты бағдарламалардан тыс қалуына
алып келді. Сонымен қатар, қоғамда басым мүгедек жандардың сексуалды
қатынастары туралы аңыздар мен түсініктер мүгедек әйелдер мен еркектер үшін
олардың ана және әке болу құқықтарына, сонымен қатар, өзімен өзі жеке өміріне
қатысты шешім қабылдау мәселелеріне қиын кедергі тудырып отыр.
Қарым-қатынас кедергілері мен қате түсініктер мүгедектерге қарым-
қатынас қоғамында ғана емес, сонымен қатар, осы арқылы бөліктендіруді
ұлғайта түсетін мүгедек жандардың өздерінде де өздеріне деген көңілдерінде
бар. Оқшалаудың ұзақ тарихы қорқыныш, әлсіздік және сенімсіздікті жасап
мүгедек адамның бөлектену мен өзін өзі кемсіту жағдайын тудырды.
Мүгедек адамдарды арнайы медициналық – әлеуметтік мекемелеріне
(МӘМ) орналастыруда білдіретін институционалді кедергілер, одан ары бұл
адамдарды бөлектенуге алып келеді. МӘМ-де болғандардың көбісі қоғамда өз
еркімен өмір сүре алмайтындықтан оған түскен жоқ, қоғамда бар кедергілер
оларға оны жасатқызбайды. Уақыт өте келе олардың көбісі сенімсіздіктің пайда
болуынан және «өздеріне тән» адамдардың арасында өмір сүру салтына
үйренсіп дағдыланып қалғасын қоғамға қайта оралғысы келмейді.
Ал, олардың қоғамда өмір сүре бастағандары (мысалы, мүгедек балаларға
арналған арнайы интернатта тұрып мектептерді аяқтаған соң) өздерін қоғамда
тауып бір бөлшегі ретінде сезінгенге дейін көптеген психологиялық
кедергілермен күресуге тура келеді.
Қоғамда мүгедек адамдармен қарым-қатынаста қалыптасқан кері
стереотиптер мен қате түсініктерді жою үшін қандай шараларды қолдану керек?
Көбінесе аталмыш сұраққа жауапты БҰҰ-ның мүгедек адамдардың құқықтары
туралы Конвенциядағы 8 бап береді.
45
Біріншіден, ол, мүгедек адамдардың мүгедектік және мүгедек жандардың
құқығы мен намысын сыйлауды күшейту мәселелерін барлық қоғамды
ағартушылық жағынан көтермелеу, оның ішінде, отбасы деңгейінде. Ол үшін
төмендегілер ұсынылады:
• тиімді қоғамдық-ағартушылық кампанияларды ұйымдастырып жүргізу;
• барлық білім жүйесінің деңгейінде тәрбиелеу, оның ішінде, кішкентай
кезінен бастап барлық балаларды мүгедектер құқығына сыйластықпен қарауға
үйрету;
• стереотиптер, қате түсінушіліктер мен мүгедектерге қатысты зиян
дәстүрлермен, оның ішінде, жыныстық қатыстығы мен жас қатыстығына
байланысты, өмірдің барлық жағынан күрес жүргізу қажет.
Осы іспеттес компаниялардың жүргізген тәжірбиесі, сонымен қатар,
Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығының тапсырысы бойынша тәуелсіз
зерттеу мекемесі - Қоғамдық пікірді зерттеу орталығымен (ҚПЗО) жүргізген
«Қазақстан тұрғындарының мүгедек жандарға қарым-қатынасы» зерттеуінің
қорытындысы
ақпараттық
компанияларды
жоспарлағанда
келесідей
факторларды ескеру керектігін көрсетеді:
1.Ақпараттандыру, ең бірінші кезекпен, өскелең ұрпаққа бағытталуы қажет, ал
ақпаратты беру формасы жастардың қызығушылығына сай болуы керек.
2.Жалпы орта білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі бағдарламалар мен
оқулықтарда мүгедек жандардың қарапайым өмірде араласып жүрген бейнелері
мен мысалдарын пайдалану керек, сонымен қатар, кері стереотиптерден өтуге
бағыталған арнайы сабақтарды қамту қажет.
3.Ауылдық және қашық аудандар ақпараттық кампаниялардың жоспарлануында
және жүргізуінде бастапқы болу қажет. Ақпаратты беру тілі түсінікті әрі
қолжетімді болу керек.
4.Ақпараттық компанияларда мүгедек адамдар өз аттарынан сөйлеу үшін өздері
қатысу керек.
5.Ақпараттық кампаниялар мүгедек адамдардың бейнесін аяушылық пен
қайырымдылық немесе әулие /батыр қалпынан алып шығып өздерінің
артықшылықтары мен кемшіліктері бар қарапайым адам бейнесін қолдану
қажет.
6.Ақпараттық бағдарламалардың мүгедек жандар туралы тақырыпқа келгенде
пайда болатын қауырттылық пен ыңғайсыздықты шешу үшін әзілді қолдануы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |