Мүмкіндігі шектелген балаларын психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеу принциптері.
1.МШБ-н оқытуда жағдай ұйымдастыруда кешенді, жүйелі түрде қарастыру.
2.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздіксіздігі.
3.Сүйемелдеуді ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
4.Сүйемелдеу әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық тұрғыда
жобалау.
5.Ата-аналарды, мұғалімдердің және балалар ұжымын психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу шарасына қатыстыру.
Мүмкіндігі шектелген балаларға инклюзивті білім беру бағытында
әлеуметтік, медициналық, психологиялық педагогикалық қолдау (сүйемелдеу)
ортасының құрылымы нені құрайды?
Біріншіден, ол балалардың денсаулығы. Яғни, МШБ-ды медициналық емдік
шаралармен қамтамасыз ету, оларға тегін медициналық қызмет көрсету.
2003 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау министрлігінің скринингті ұйымдастыру туралы бұйрығы шықты. Онда
скринингтік қараудың сәби жасындағы кішкентай балаларды қараудың маңызы
зор екендігі айтылды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
министрлігінің скрининг ұйымдастыру туралы бұйрығы бойынша МШБ-ды дер
кезінде, анасы жүкті болып жүрген кезден бастап зерттеу жұмыстарымен
қамтамасыз етілуде.Скринингтік қараудың негізі болып дер кезінде
диагностика жасау, ерте жүйелі көмекті сапалы, тиімді түрде ұйымдастыру,
мүгедектікті, түрлі психикалық дамуының тежелуін, сөйлеу тілінің
бұзылымдарын алдын-ала ескерту, ерте кезден бала денсаулығын екінші
қайтара ауытқулардың көрінуінен сақтандыру.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығы да өздерінің ерекше
қажеттіліктеріне сәйкес және психологиялық-медициналық-педагогикалық
кеңестерде белгіленген білім беру бағдарламасы бойынша арнайы
коррекциялық-педагогикалық, әлеуметтік, медициналық және психологялық
көмек алуы қажет.
Психологилық-медициналық-педагогикалық кеңестерде кешенді түрдегі
тексеріс барысында әр балаға білім берудің түрі мен формасы анықталып,
оңалтудың кешенді бағдарламасы жасалып, жеке білім беру бағытына
нұсқамалар жасалады.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек іштей және мектептің
штатында керек мамандар, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, ЕДШ
бойынша маман жоқ болғанда сырттай болуы мүмкін.
Іштей көмек мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық
консилиумның мамандарымен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты жалпы
типтегі білім беру мекемесінің штаттық кестесіне әлеуметтік қызметкер,
арнайы педагог, медициналық қызметкер бірліктерін еңгізіп, психологиялық
қызметті ұйымдастыру керек.
55
Сырттай көмекті аудандық психологиялық-педагогикалық коррекция
кабинеттері, оңалту орталықтары, арнайы (коррекциялық) білім беру
мекемелерінің мамандары көрсетеді. Әр балаға жеке дара даму құқығы берілу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |