52
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері.
• Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын
кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың
конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
• Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу
және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер
негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану
арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
• Қашықтықтан
білім
беру
моделінің
мүгедек-балалардың
даму
ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;
• Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын
қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Мүмкіндігі шектелген балалар сапалы білім алу мүмкіндігінен айырылған.
Бұд балалар мүмкіндіктерінде шектеу болғасын, амалсыздан үйден оқуға тура
келеді. Үйден алған білім сапасына ата- аналардың, балалардың және жалпы
қоғамның көнілдерінен шықпайды. Мектептік психологтардың және
мамандардың сүйемелдеу жұмыстарының жүйесіне үйден оқытуды
жекешелендірілген тәсілмен
сүйемелдеу
технологиясын
еңгізу қажет.
Ата-аналарды және айрықша қажеттілігі бар баланың отбасын
психологиялық сүйемелдеу- ол ерекше жағдай. Оқу үрдісі ата-аналарсыз
жүрмейді. Олар өз балаларына тьютор болып сүйемелдеу тұлға ретінде де
болады.
Үйден оқытудың маңызды психологиялық міндеттерінің бірі, ол-
оқушылардың оқуға мотивациясын жоғарылату.
Үйден оқытуды сүйемелдеу процесінің бағыты ол мұғалімдермен
жұмыс.
Негізгі міндеті балаларға сапалы білім беру қызметін атқару. Мұғалімдер
өздерінің тәжірибелерін тауып жинақтайды. Бұл тәжірибе кәсіптік ұжымда
талдануды қажет етеді, өйткені, «оқушы- оқытушы» түрде жеке жұмыс
денсаулығында ақаулығы бар балаларға білім сапасын, шығармашылық дамуын
және білім берудің психотерапиялық сипаттамасын кіріктіреді.
Бұндай оқыту үрдісі, сыныпта оқытудан көрі диалогты болып келеді.
Сонымен қатар, үнемі арнайы психологиядан және түзету педагогикасынан
әдістемелік жұмыстар қажет.
Жеке оқыту түрімен жұмыс жасайтын педагогтардың қиындықтары – ол
нақты мүмкіндігі шектелген баламен жұмыс емес, оқу бағдарламасымен жұмыс
жасау әдеті қалыптасқан. Жеке үйден оқытумен сүйемелдеу технология түрлері
баланың мүмкіндігімен және шектеу түрлерімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: