№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Білім  беру  ұғымын  құндылық  ретінде



Pdf көрінісі
бет6/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293
Байланысты:
педагогика

Білім  беру  ұғымын  құндылық  ретінде
  де  түсіндіруге  болады.  Себебі 
адамзаттың  кез-келген  даму  формациясында  әрбір  мемлекеттің  дамуының 
қозғаушы  күші  білім  беру  мен  ғылымның  дамуы  болды,  сондықтан  да  білім 
беруді құндылық ретінде қарастырады.  


Білім  беру,  өз  кезегінде,  мемлекеттік,  қоғамдық  және  жеке  тұлғалық 
құндылықтарға ие. 
Білім беру ұғымының құндылық ретіндегі сипаттамасын өзара байланысқан 
үш бағыт бойынша түсіндіруге болады:  
1. Білім беру 
мемлекеттік құндылық
 ретінде  
2. Білім беру 
қоғамдық құндылық
 ретінде 
3. Білім беру 
тұлғалық құндылық
 ретінде 
Білім  беру  мемлекеттік  құндылық  ретінде  деген  пікір  дәлелдеуді  қажет 
етпейтін  аксиома  болып  табылады.  Кез-келген  мемлекеттің  адамгершілік, 
интеллектуалдық,  экономикалық  және  мәдени  потенциалы  білім  берудің 
жағдайына  және  оның  прогрессивті  даму  мүмкіндігіне  тікелей  байланысты. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 
тығырыққа тірелері анық», - деп айтқан сөздері бұл ойымызды дәлелдей түседі. 
Білім  беруді  мемлекеттік  құндылық  ретінде  тану  арқылы  дамыған 
мемлекеттердің үлкен табыстырға жетуі ойымызды дәлелдейді.  
Білім  берудің  мемлекеттік  маңыздылығын  түсіну  оның  қоғамдық 
маңыздылығына  талдау  жасауды  талап  етеді.  Мемлекет  пен  қоғам  ұғымдары 
бірдей  ұғым  емес,  олар  өзара  байланыстылықта  болады.  Әрқашанда  мемлекет 
пен қоғамның білім беруге қатысты ұмтылыстары үйлесіп жата бермейді. Қоғам 
мемлекет  анықтаған  басымдылықтарды,  бағдарламаларды,  жоспарлардың 
орындалуын  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Қоғамдағы  қоғамдық  ұйымдардың  өкілдері 
кезек  күттірмейтін  мәселелерін  шешуін  қадағалап,  білім  беру  ісіне  құзыретті 
мамандардың келуін, әр түрлі жоспарлар мен жобалардың орындалуын қадағалап 
отыруы, қамтамасыз етуі тиіс.  
Ұжымдық  бастамалардың  маңыздылығына  қарамастан  білім  берудің  тұлға 
үшін маңыздылығы да жоғары. Білім беру тұлғалық құндылық ретінде тұлға үшін 
жеке  мотивация  мен  ынталық  қатынасын,  сапасы  мен  деңгейін  анықтайды. 
Тұлғалық  құндылық  ретінде  білім  беру  тұлғаға  өзін-өзі  анықтау,  өзін-өзі  іске 
асыру,  өзін-өзі  дамытуына  мүмкіндік  береді.  Тұлғаның  қалыптасуында  білім 
беру маңызды роль атқарады. Тұлғаның мәдениеті, дүниетанымы, көзқарастары, 
өзіндік пікірі, тәжірибесі білім беру арқылы қалыптасады.  
1.
 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  үрдістері  мен  психологиялық 
принциптері. 
Жоғары  білімнің  проблемаларын  зертеушілердің  бірі  А.А.  Вербицкий білім 
берудегі ХХІ ғасырда әртүрлі дәрежелерде көрініс беретін, және қазірдің өзінде 
сезіліп отырған бірнеше үрдістерді анықтаған [5].  
Бірінші үрдіс – білімнің әрбір деңгейін үздіксіз білім жүйесінің органикалық 
құрамдас бөлігі деп түйсіну.  
Бұл  үдеріс  тек  қана  мектеп  пен  жоғары  оқу  орнының  арасындағы 
сабақтастықты  ғана  емес,  сонымен  қатар,  студенттердің  кәсіби  дайындығын 
арттыру  міндетін  ескере  отырып,  жоғары  оқу  орны  мен  студенттердің 


келешектегі өндірістік қызметімен арадағы сабақтастықтың мәселелерін шешуді 
қарастырады. 
Екінші  үрдіс
  –  оқытуды  индустриаландыру,  яғни  компьютерлендіру  және 
сонымен  қатар  технологияландыру,  бұл  өз  кезегінде  қазіргі  қоғамның 
интеллектуалдық қызметін айтарлықтай нығайта түсуге мүмкіндік береді. 
Үшінші  үрдіс
  –  оқытудағы  ақпараттық  нысандардың  басымдылығынан 
оқытудың белсенді әдістері мен нысандарына көшу, бұл ретте мәселелік, ғылыми 
ізденіс элементтерін кіріктіру, оқушылардың өзіндік жұмыстарының резервтерін 
кеңінен пайдалануды ескеру қажет. 
Басқа  айтқанда,  «түлетушілік  мектептен»  «түсіністік  мектебіне», 
«ойлаушылық мектебіне» көшу үдерісі байқала бастады.. 
Төртінші үрдіс
 «оқу-тәрбие үдерісін қатаң регламенттелген бақылаушылық, 
алгоритмделген  түрде  ұйымдастыру  және  осы  үдерістерді  басқарушылық 
әдістерінен  дамытушылық,  белсендірушілік,  сәйкестендірушілік,  ойындық 
әдістерге  көшудің  психологиялық-дидактикалық  жағдайларын...»  іздестіруге 
жатады. 
Бұл, 
оқушылардың 
шығармашылық, 
өзіндік 
жұмысын 
ынталандырушылықты, дамытуды көздейді. 
Бесінші  және  алтыншы  үрдістер 
оқушы  мен  оқытушының  өзара 
әрекеттесуін  ұйымдастыруға  жатқызылған  және  оқытуды  оқушылардың 
ұжымдық,  бірлескен  қызметі  ретінде  ұйымдастыру  қажеттілігіне  баса  назар 
аударады, бұл ретте басты нысана «оқытушының оқыту қызметінен студенттің 
танымдық қызметіне қарай ойысады». 
Осы  көрсетілгендердің  барлығы  да  Қазақстан  Республикасындағы  білім 
берудің  жалпы  жағдайларының  өзгеру  үдерісі  және  реформалаудың  бүкіл 
әлемдегі ортақ принциптеріне сәйкес келетіндігін көрсетеді, олардың ішінде: 
a.
 
қоғамның  барлық  тәрбиелеуші  күштерінің  біріктірілуі,  жеткіншек 
ұрпақтарға  тәрбие  беруді  мақсат  тұта  отырып,  мектеп  пен  өзге  де  арнайы 
институттардың бірлесуі; 
b.
 
гуманизация
 – әрбір балаға оны қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде 
айрықша  көңіл бөлу,  жоғары  интеллектуалды,  моральдық  және  күш-жігерлілік 
тұрғыдағы қасиеттері биік азаматты қалыптастыруды міндет тұту; 
c.
 
дифференциалану және жекелендіру
 - әрбір оқушының жеке қасиеттерінің 
барынша толық ашылуы мен дамуына жағдай жасау; 
d.
 
демократияландыру  - 
оқушылар  мен  оқытушылардың  белсенділігін, 
бастамашылдығын  және  шығармашылығын  дамытуға  алғышарттар  тудыру, 
оқушылар  мен  оқытушылардың  өзара  іс-әрекеттерге  мүдделілігі,  білім  беру 
жүйесін басқарушылыққа жалпы жұртшылықтың кеңінен қатысуы [5-6]. 
Осы  аталған  принциптердің  іске  асырылуы  ұлттық  мектептегі  білім  беру 
жүйесін, оның мазмұны мен  ұйымдастыру нысандарын өзгертуді көздейді, бұл 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да көрініс тапқан. 


2.
 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесінің  мәні  мен 
принциптері. 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесінің  мәні  мен  принциптері 
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы» Заңымен және 
басқа  да  нормативтік  және  концептуалдық,  тұжырымдамалық  құжаттармен 
анықталған [7;8]. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  (30-бап)  былай  деп 
көрсетілген:  «Азаматтардың  мемлекеттік  оқу  орындарында  тегін  орта  білім 
алуына  кепілдік  беріледі.  Орта  білім  алу  міндетті.  Азаматтың  мемлекеттік 
жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін  жоғары білім алуға құқығы бар. 
Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен 
тәртіп  бойынша  жүзеге  асырылады.  Мемлекет  білім  берудің  жалпыға  міндетті 
стандарттарын  белгілейді.  Кез  келген  оқу  орнының  қызметі  осы  стандарттарға 
сай келуі тиіс» [7].  
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері белгіленген: 

 
ҚР-ның барлық азаматтарының білім алуға деген құқықтарының теңдігі; 

 
әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуын, психологиялық-физиологиялық 
және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің барлық деңгейлерінің халық 
үшін қолжетімділігі; 

 
білімнің зайырлы нысаны; 

 
тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту; 

 
білім беру үдерісінің оның сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін 
үздіксіздігі, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығы; 

 
меншік нысаны жағынан, оқыту мен тәрбиелеу нысандары жағынан, білім 
беру бағыттары жағынан білім беру ұйымдарының әралуандылығы; 

 
білім  беру  жүйесін  басқарудың  демократиялық  сипаты,  білім  беру 
ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттіліктерін кеңейту; 

 
білімнің гуманистік және дамытушылық сипаттары; 

 
білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы; 

 
оқушылардың кәсіби бағдары; 

 
білім беру жүйесін ақпараттандыру [8]. 
  Сонымен қоса, Заңда жалпы орта және бастапқы кәсіби білімді тегін алуға, 
конкурстық  негізде  (мемлекеттік  білім  беру  заңына  сәйкес)  егер  азамат  осы 
деңгейлердегі  білімді  алғаш  рет  алып  отырған  болса,  орта  кәсіби  білімді  тегін 
алуға мемлекеттің кепілдігі белгіленген. 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаттары 
мыналар болып табылады:  
 –  оқушылардың  жалпы  ғылыми  және  жалпы  мәдени  дайындығын 
қалыптастыру;  
 – мектеп оқушыларын қоғамдағы өмірге әлеуметтік бейімдеу;  


 – азаматтылық пен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;  
 –  қоғамның  білікті  жұмысшылар  мен  мамандарға  деген  қажеттіліктерін 
қамтамасыз ету, оларды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет