Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ САЯСИ ОЙЫНЫҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет12/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

3 ТАҚЫРЫП. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ САЯСИ ОЙЫНЫҢ ТАРИХЫ
3.1 Қазақ даласының саяси ой - пікірлері
3.2 XIX ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ
ғұламаларының саяси пікірлері
3.1 Қазақ даласының саяси ой - пікірлері
Қазақ халқы рухани мұрағада саяси ой-пікірлергеде бай. Оның ішінде ең
шоқтығы биігі ислам фəлсафасының негізін салушылардың бірі - біздің қандас
бабамыз ұлы ойшыл Əл-Фараби.
Қазақтың  бірінші  фəлсафашысы, əлеуметтанушысы, математигі, физигі,
астрономы, ботанигі, логика  жəне тіл маманы, музыка зерттеушісі  Əбу  Насыр
Мухаммед  ибн  Тархан  Əл-Фараби 870-950 жылдары  өмір  кешті. Ол  Арыс
өзенінің  Сырдарияға  құяр  жерінде  орналасқан  Фараб (кейінгі  Отырар)
қаласында туды. Жасында сонда оқу-тəрбие алып, кейін Бұхара, Александрия,
Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды. Оны
əріптестері көзі тірісінде-ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын. Бабамыз
ғылымның  сан  саласы  бойынша 160-тан  астам  трактаттар  жазып, артына  мол
мұра  қалдырды. Саясаттануға  байланысты «Рақымды  қала  тұрғындарының
көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат
туралы» деген еңбектері бар.
Ұлы ойшыл «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» деген
саяси  трактатында  мемлекетті  адамдардың  өз  қажетін  бірлесіп  қоғамдық
жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйымы деп білді. Оның пайда
болуына  тіршілік  үшін күрес  айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан адамдарды
бір-біріне  көмектестіріп, барлық  жұрттың  жақсы  тұрмысына  қам  жеп,
қамқорлық  жасаған  мемлекет  қана  өз  міндетін  атқара  алады, Əл-Фараби
басқаруды  қайырлы  жəне  қайырсыз  етіп  екіге  бөледі. Қайырлы, білімді,
мəдениетті  басқару  халықты  бақытқа  бастайды, олардың  іс-əрекетін, ерік-
қасиетін  осы  жолға  бағыттайды. Ол  үшін  басқару  заң  күшіне, игі  тəжірибеге
негізделуі  тиіс. Ал  қайырымсыз, надан  басқаруда  теріс  əрекеттер  мен  жаман
қасиеттер  бой  алады. Сондықтан  ол  надан  адам  басқарған, озбырлыққа
сүйенген, қайырымсыз, қатал  мемлекеттік  тəртіпті  өткір  сынайды. Ол  мінсіз
мемлекетті уағыздайды.
Əл-Фараби  алғашқылардың  бірі  болып  адамды  ардақтап, асқақтатты.
Оның  айтуында, адам  бақытты  болуға  лайықты, сол  бақытын  ол  табуға  тиіс.
Оған  өзінің  іс-əрекетінің, жұмысының, тынымсыз  ізденуі  мен  оқу-үйрену
нəтижесінде  жетуге  болады. Ал  адам  жақсы  да  дұрыс  басқарылатын  қоғамда
ғана шын мəнінде бақытты өмір сүре алады деді.
Ұлы  дана  халықтар  достығын  насихаттады. «Бақытқа  жету  жолында
барлық  халық  бір-біріне  көмектесетін  болса, жер  беті  түгелімен  берекеге
толады» деген сөздері тап бүгінгі күнге сəйкес келіптұрғандайғой.


26
Бабамыздың «Ғылымды  топтастыру  жəне  анықтау  туралы  кітап» деген
еңбегін  дүниежүзі  ғалымдары  жоғары  бағалады. XI-XII ғасырларда  ол  көне
грек, латын жəне т. б. тілдерге аударылып əлемге баян болды. Батыстың кейінгі
зерттеушілері  бұл  трактатты  орта  ғасырдағы  ғылымның  энциклопедиясы  деп
атады.Əл-Фарабидың  бай  мұрасы  Шығыс  халықтарының  саяси  санасын
жетілдіріп, сан  ғасырлар  бойы  ғылымның  əр  түрлі  салаларын  дамытуға  игі
əсерін тигізді.
Қазақ  халқы  ірі ойшылдарының біріне Қожа  Ахмет Йассауи (1093-1157)
жатады. Оның  басты  шығармасы «Диуани  Хикмет». Ол  еңбегінде  əділдікті,
имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті жырлайды.
«Ғаріп  пақыр, жетімдердің  көңілін  көтер, Қамқоршы  бол, жаныңды  да
пида  етер», - деп  қара  халықтың  қамқоршысы  болуға, адамгершілікке
шақырады.
«Көңіл  бөлмей  дүниеге  адамдықтан  кешіңдер, Халықты  сүйген  адал
құлдар  халайықпен  бір  болар», - деп  адал  басшы  халқымен  бір  болып, соның
тілегін тілеу керектігін баса айтады.
Жүсіп  Хасхаджиб  Баласағұни (1021—1075) - аты  əлемге  əйгілі  акын,
фəлсафашы, қоғам  қайраткері  болған. Оның  өмірбаяны  туралы  деректер  аз.
Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі еңбегі «Кұтадғу білік» («Бақытқа
жеткізуші  білік», кейбіреулер «Бақыттылық  жəйлі  ілім» деп  те  аударып  жүр)
дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі - ол сол кездегі ресми араб тілінде
емес, өзінің ана тілі - түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы
тілдерін  жете  білетін  Жүсіптің  өз  еліне, өз  тіліне  деген  сүйіспеншілігін,
ұлтжандылығын  білдірсе, екіншіден, сол  кезде  Орта  Азияда  билік  құрған
қарахандықтар əулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек.
Жүсіп дəуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке
таласып  бастары  қосылмады. Сондықтан «Кұтадғу  білікте» мемлекетті
орталықтандыру, оның  бірлігі, мемлекетті  басқару  мəселелеріне  басым  көңіл
бөлінген. Ол - тек  саяси  трактат  қана  емес, онда  өмірдің  мəн-мағынасына,
адамның  тағдыры, оның  қоғамдағы  орны  мен  рөлі, халықтың  мінез-құлқы,
салт-санасы, əдет-ғұрпы  жəне  т.с.с. туралы  көзқарастар  жинақталған  үлкен
шығарма. Ол  шындыққа, бақытқа  жетудің  адамгершілік  жолдарын  іздейді.
Əділет, ақыл, рақымдылықты  жырлайды. Өмірде  əділ  заңды, еркіндікті
аңсайды.
Қазақ  халқының  тарихында  өшпес  із  қалдырған  хандар  да  бар. Оларға
Қасым, Есім  хандар  жатады. «Қасым  ханның қасқа  жолы», «Есім  ханның ескі
жолы» деп  халық  олар  жасаған  заң, тəртіптерді  көпке  дейін  ұмытпаған. Бірақ
өкінішке  орай, олар  бізге  дейін  жетпеді. Ал  Тəуке  ханның «Жеті  жарғысы»
негізінен  сақталған. Жəңгірдің  баласы  Тəуке  хан 1680 жылы  таққа  отырғанда
қазақхандығының  ішкі  жəне  сыртқы  саяси  жəне  экономикалық  жағдайы  ауыр
еді. Ру  басылар, сұлтандар  өзінше  бөлек  билегісі  келді. Орта  Азия
билеушілерімен 
қарым-қатынас 
тұрақсыз 
еді. Мұның 
бəрі 
қазақ
мемлекеттігілінің  тұтастығына, сыртқы  шапқыншылықтан  қорғануға  нұқсан
келтірді. Сондықтан  хандық  өкімет  билігінің  беделін  көтеріп, ақсүйектердің
бөлініп, оқшаулануынтоқтату, халықты біріктіру үшін Тəуке хан «Жеті жарғы»


27
деп аталған қазақ əдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық
тəртіп  пен  мемлекеттік  құрылымның  негізгі  принциптері  айқындалды. Атап
айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық, айып, жаза,
салық жəне т. б. қаралады. «Жеті жарғы» нормалары  даулағандау-дамайларды
тежеп, рулар арасындағы  тартыстарды  бəсеңдетті, қоғам  ішіндегі  ала  ауыздық
азайып, ел  бейбіт  өмір  сүрді. Тəуке  хан «Халық  кеңесі» мен «Билер  кеңесін»
тұрақты  орнаған  ретінде  қалыптастырып, рөлін  арттырды. Өз  кеңесінде
халықтың  өзекжарды  мəселелерін: көші-қон, ел  тыныштығы  мен  бірлігі,
сыртқы жаудан қорғану жəне т.с.с. жүйелі түрде талқылап отырды.
Сонымен қатар, Тəуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер əкелген ірі
реформатор болды.
Қазақ  халқына  мəңгілік  мұра  қалдырған, аты  аңызға  айналған  ақын,
жырау  Асан  Қайғы  Сəбитұлы  (XIV  ғ.  аяғы  –  XV  ғ.  басы).  Ол  алғашқы  қазақ
хандары  Керей  мен  Жəнібекке  ақылшысы  жəне  саяси  кеңесшісі, жас
мемлекеттің жалынды жаршысы, ұраншысы болды. Хан мен қарапайым халық
арасында  игілік  үшін  талас – тартыс, дау-жанжал  туғанда, оны  ушықтырып,
өрбітпей  реттеудің  жолын, «ымыраға  келу» теориясын  ұсынған. Ол  еліне
мəңгілік азық боларлық жері шүйгін, ырысы мол қоныс, сыртқы жаудан қорған
боларлық қолайлы жер – «Жерұйықты» іздеген, халқының болашағын ойлаған.
Асан  Қайғының  мұндай  жерді  іздеу  əйгілі  утопиялық  социалистер  Томас
Мордың «Утопиясы» мен  Т. Кампанелланың «Күн  қаласындағы» саяси
идеялармен үйлесіп, жымыңдасып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет