4 ТАҚЫРЫП. БИЛІК САЯСИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ
4.1 Билік тұжырымдамалары. Саяси билік
4.2 Биліктің ұйымдастырылуы жəне қызметі. Биліктің легитимдігі
4.3 Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың құрамы ретінде
4.1 Билік тұжырымдамалары. Саяси билік
Саясаттануда саяси билiк теориясы негiзгi орын алады. Ол саясатпен
тығыз байланысты жəне саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат
əлемiнiң мəнiн түсiнiп-бiлуге мүмкiндiк бередi. Себебi, саясаттың негiзгi
мəселесi - билiк, ал мазмұны - билiк үшiн күрес жəне билiктi жүргiзу.
Шығыстың көрнектi ойшылы Ибн-Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-
жануарлардан ерекшелiгi - ол билiк үшiн күреседi деген екен.
Ағылшынның ең iрi фəлсафашыларының бiрi, қоғам қайраткерi болған
Бертран Рассел (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық
ғылымдарда негiзгi ұғым билiк болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал
Американың əйгiлi əлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979)
экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билiк те
соншалықты орын алады деген.
Билiк жөнiңде ғалымдар арасында əр түрлi анықтамалар мен
тұжырымдамалар бар. Солардың негiзгiлерiне қысқаша тоқтала кетейiк.
1. Теологиялық анықтама билiктi белгiлi бiр мақсатқа, белгiлеген
нəтижеге, қорытындыға жету мүмкiндiгi деп түсiндiредi. Мысалы, ағылшын
фəлсафашысы Т. Гоббс (1588 - 1679) билiк болашақта игiлiкке жетудiң, құралы
жəне өмiрдiң өзi өле-өлгенше билiк үшiн үздiксiз ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористiк анықтама бойынша билiк деп басқа адамдардың жүрiс-
тұрысын, өзiн-өзi ұстауын өзгерту мүмкiндiгiне негiзделген iс-əрекеттiң ерекше
түрi.
3. Инсщументпалистiк анықтама билiктi белгiлi бiр кұралдарды,
амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану
мумкiндiгi деп бiледi. Мəселен, Американың белгiлi саясаттанушысы Р. Даль
(1915 жылы туған) билiк бiр адамға екiншi адамды өз еркiмен жасамайтын iс-
əрекеттi жасауға мəжбүр ету мүмкiндiгiн бередi дейдi.
4. Структуралисті анықтама билiктi басқарушы мен бағынушының
арасындағы қатынастың ерекше түрi деп ұғады. Олар кейбiр адамдарды
туғанынан, табиғатынан əмiршiл, басқарғысы келiп тұратын болады, ал
басқалары көнбiс, көнгiш, басқа бiреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетiп
тұрғанын ұнатады, қалайды дейдi. Солардың арасында, олардың ойынша, билiк
қатынастары туады.
5. Конфликтiлiк анықтама билiктi дау-жанжал жағдайында игiлiктi бөлудi
реттейтiн мүмкiндiк, шиеленiстi шешудiң құралы деп түсiндiредi.
6. Бiраз ғалымдар билiктi кең мағынасында басқаларға тигiзiлетiн жалпы
ықпал
ретiнде қарайды.
32
7. П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келiспей,
билiктi бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жай ғана ықпал, əсер емес, оларды
өзгертуге бағытталған iс-əрекет дейдi.
8. Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк жəне
қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi ретiнде
сипаттайды.
Сонымен, бiз билiк туралы ғалымдардың арасында ортақ пiкiр, анықтама
жоқ екенiн байқадық. Батыстың əлеуметтанушысы Р. Мартин билiк махаббат
сияқты, күнделiктi тiлiмiзде жиi пайдаланылады, iштей сезiледi, бiрақ сирек
анықталады деп бекер айтпаған. Онын себебi, француздың саясаттанушысы
Ж.К. Шевалье
айтқандай, адамдарды
билiктiң
жалпы
ұғымының
айналасындағы айтыс-тартыстан гөрi нақтылы, шын мəнiндегi билiктiң өзi
көбiрек ойландырған, мағынасын тартқан.
Дегенмен, ғылым
болғандықтан
анықтама
берiледi. Мысалы,
«Философиялық энциклопедиялық сөздiкте» билiк туралы былай делiнген:
«Сөздiң жалпы мағынасында билiк очеркiңдi жүзеге асыруға қабiлеттiлiк пен
мүмкiндiк, адамдардың жүрiс-тұрысы, iс-əрекетiне қайсыбiр амал-əдiстер -
бедел, құқық, күштеу арқылы шешушi ықпал жасау». Бiздiңше, билік деп
бiреудiң екiншiлерге əмiрiн жүргiзiп, олардың iс-əрекетi, қызметiне ықпал етуiн
айтады.
Билiк адамзат қоғамымен бiрге пайда болады жөне оның даму барысында
бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндiрiстi ұйымдастыру үшiн керек.
Онсыз барлық қатысушы адамдарды бiртұтас ерiкке бағындыру қиын. Билiк
адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам жəне мемлекеттiк
саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге мiндеттi. Ол қоғамның
тұтастығы мен бiрлiгiн қолдау үшiн керек.
Алғашқы қауымдық қоғамда билiк қоғамдық сипатта болды. Ол кезде
билiктi қауым бастығын сайлайтын ру мен тайпалардың барлық мүшелерi
бiрiгiп iске асыратын. Əлеуметтiк бөлшектену өрiстеп, мемлекеттiң пайда
болуына байланысты ру басшыларының адамгершiлiк беделi төмендеп, оның
орнына ақсүйектер билiгiнiң беделi ұлғайды. Билiктiң аппараты дүниеге келдi,
адамдарды еркiнен тыс, ықтиярсыз еркiне көндiрген мекемелер пайда болды.
Олар мемлекет ретiнде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстiнен
қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билiк пайда болды.
Сондықтан саяси билiктiң пайда болуын қазiргi саясаттануда мемлекеттiң пайда
болуымен байланыстырады.
Əдетте, «билiк» деген сөз əр түрлi мағынада қолданылады. Оны ықпал
ету бағытына, объектiсiне байланысты былай етiп бөледi: ата-аналар билiгi,
мемлекеттiк, экономикалық, саяси, əлеуметтiк, құқықтық, əскери, рухани билiк
жəне т.т. Бiрақ билiктiң толық мағынасы мемлекеттiк-саяси салада ғана
айқындалады. Сондықтан саяси билiк билiктiң ең басты түрiне жатады.
Билiктiң басқа түрлерiмен салыстарғанда саяси билiктiң мынадай
ерекшелiктерi бар: оның өктемдiк сипаты (ол басқа билiктерден жоғары
тұрады, оның шешiмдерiн қалғандары орындайды), оның бүкiл қоғамның
атынан билiк жүргiзуi, басқарумен кəсiби айналысатын адамдардың ерекше
33
тобының болуы, оның көпшiлiк адамдардың мүддесiн қорғауы, басқа
мекемелерге қарағанда билiк органдарының тəуелсiздiгi, қоғам өмiрiнiң жұмыс
тəртiбiн белгiлеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберiнде ашық күш қолдана
алуы жəне т.б.
Саяси билiк бар жерде теңсiздiк бар. Мұнда бiреулер билiк етуге құқықты
да, екiншiлерi оларға бағынуға мiндеттi. Бұл теңсiздiк неден туады? Ол үшiн
саяси билiктiң қарамағында теңсiздiктi қамтамасыз ететiн əдiс-құралдары бар.
Оған жататындар:
1. Экономикалық қор. Қандай саяси билiк болмасын оған қаржы-қаражат
керек. Мысалы, сайлау науқанын өткiзу үшiн ондаған миллион ақша
жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлiнген қаражат жетiспегендiктен шет
елдерде үмiткерлер жеке бай адамдардың, бiрлестiктердiң көмегiне сүйенедi.
Билеушi аппаратты ұстау үшiн қаншама қаржы кетедi. Оның үстiне, əдетте,
билiк басына келген топ өзiнiң экономикалық бағдарламасымен келедi.
Мысалы, АҚШ-тың көрнектi президенттерi: Ф. Рузвельт «Жаңа бағыт»,
Дж. Кеннеди «Жаңа шеп», Л. Джонсон «Кедейлiкке қарсы соғыс» жəне т.с.с.
бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша iздестiруге
тура келедi.
Экономикалық қорға қоғамдық өндiрiс пен тұтынуға керек басқа да
материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба
байлықтары жəне т.б. кiредi.
2. Əлеуметтiк əдiс-құралдар.Үстемдiк етiп отырған билiк өзiн қолдайтын,
оның одан əрi өмiр сүруiне мүдделi адамдар iздейдi. Ондай рөлдi ең алдымен
оның мəртебелi, абыройлы, жалақысы мол қызметтердi атқаратын,
көптегенжеңiлдiктермен пайдаланатын қызметкерлерi орындайды. Қазiргi
Батыс елдерiнде үстемдiк етiп отырған саяси билiктi сақтауға халықтың
көпшiлiгi мүдделi. Себебi, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, саяси
билiк басына келгендер соларға арқа сүйейдi, көпшiлiктi мұқтаждық жағдайға
жiбермейдi, елдерiнде əлеуметтiк əдiлеттiлiк, халықты сақтандыру кең
дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс iстеп жүргенде алған жалақысының 90%-
ға дейiнгiсiн ала алады, неше түрлi қайырымдылық қорлары жұмыс iстейдi
жəне т.с.с.
3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекеттi қорғайды, iшкi тəртiптi
сақтайды, саяси билiктi құлатуға əрекет жасаушыларға мүмкiндiк бермейдi.
Оған жататындар: əскер, полиция, қауiпсiздiк органдары, сот, прокуратура жəне
т.б. Тарихи тəжiрибеге сүйенсек, саяси билiк оларды өз мақсаттарына əсiресе
экономикалық жəне саяси дағдарыстар кезiнде жиi пайдаланады. Оның арнайы
дайындалған адамдары болады.
4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пiкiр тудырып, саяси өмiрге ықпал ету
жағынан оны төртiншi билiк деп те атайды. Кейбiр саяси қайраткерлер кiм
теледидарды бақыласа, сол бүкiл елдi бақылай алады деп санайды. Шынында
да, олардың мүмкiншiлiктерi мол. Əсiресе, əрбiр үйде радио, теледидар бар
кезде адамдар өз елдерiндегi жағдайды ғана емес, дүниежүзiнде не болып, не
қойып жатқанын көрiп-бiлiп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын
34
мəнiнде сөз, баспасөз бостандығы берiлген, оппозициялық партиялар бар
елдерде арта түседi.
5. Ақпарат құралдарымен қатар билiктi жүргiзуде информациялық
қордың да маңызы зор. Бiлiм мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату
бүгiнгi танда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбiр ғалымдардың
(жапондықтардың) айтуынша, информация кiмнiң қолында болса, XXI ғасырда
билiк соның қолында болады дейдi.
Саяси билiк əлеуметтiк институттар арқылы жұмыс iстейдi. Ол ұйымдар,
мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жəйттар, қоғамдық
қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудi қамтамасыз ететiн ережелер арқылы
iске асады.
Билiктiң қайнар көзi, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның
қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм жəне хабарлама мəлiметтер
(информация) жатады.
Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендiру, əдет-ғұрып, дəстүр, амал-
айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты əдiс-амалдар
пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлерiне үстемдiк жүргiзу, басшылық
ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Саяси билiктiң өзiндiк қызметтерi болады. Оған жататындар: қоғамның
саяси жүйесiн қалыптастыру; оның саяси өмiрiн ұйымдастыру (ол мемлекет пен
қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттiк
басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар жəне т.б.
арасындағы қатынастарды қамтиды); əр түрлi деңгейдегi қоғам мен
мемлекеттiң iстерiн басқару; үкiмет органдары, саяси емес процестерге
басшылық жасау; саяси жəне басқа қатынастарды бақылау жəне түптеп
келгенде, белгiлi бiр қоғамға сəйкес басқарудың түрiн, саяси тəртiптi жəне
мемлекеттiк құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа
мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру,
қоғамдық тəртiп пен тұрақтылықты қолдау; даудамай, шиеленiстердi ашып,
оларға шек қою жəне дер кезiнде шешу; қоғамдық келiсiмге, мəмiлеге келу
жəне т. б.
Қоғамда билiк өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып,
жұмыс iстейдi: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттiк мекемелер
мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары
кiретiн өте iрi деңгей; 2) орта буынды аппараттар мен мекемелердi қамтитын
жəне аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегi жергiлiктi əкiмшiлiк билiк
(əртүрлi мекемелер, агенттiктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар жəне
т.б. мекемелер) кiретiн орта деңгей; 3) адамдар, кiшiгiрiм топтар, ұйымдар,
одақтар, өндiрiс жөне басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың
негiзi, арқауы болып табылатын, саяси жəне қоғамдық өзiн-өзi басқару өрiсiн
құрайтын кiшi деңгей.
Билiк мəселесiн қарастырғанда саяси билiктiң «субъектiсi» жəне «иелiк
етушi» деген ұғымдарға назар аударуға тура келедi.
Субъект деп iс-əрекеттi жасаушы, объекттi өзгертушi жеке адам,
əлеуметтiк топ, тап, партия, мемлекеттi айтады. Саяси билiктi жүзеге асыру
35
үшiн арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға кепiлдiк бередi.
Олар билiктi қолданушы, қорғаушы, «иелiк етушi» болып есептеледi. Басқа
сөзбен айтқанда, субъект билiктi «иелiк етушiлер» арқылы жүргiзедi.
Сондықтан мұны түсiнбейтiн адамдар билiкке «иелiк етушiлердi» билiктiң
өзiмен шатастырады немесе «иелiк етушiлердi» билiк субъектiсiнен тəуелсiз
деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунiктi, ұйым немесе
мекеменiң, саяси, əкiмшiлiк, шаруашылық бастықтарын билiк иесi деп ұғады.
Олардың iс-əрекеттерi туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрiнедi.
Мұндай түсiнiк субъектi енжарлыққа, керенаулыққа əкелiп соқтырады,
билiктен шеттетiледi. Олар өз тағдырын белсендi түрде өзi шешетiн
мүмкiншiлiгiне сенiмi азаяды.
Билiктiң субъектiсiне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар жəне т. б.
жатады дедiк. Бiрақ олар бəрi бiрдей билiк жүргiзе алмайды. Сондықтан мұндай
құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгiлi
бiр бөлiгiне ғана берiледi. Бұдан келiп билiк етуге сенiм бiлдiру мəселесi туады.
Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз iсiн атқаруы үшiн, əдетте,
мемлекеттiк билiктi заң шығарушы, атқарушы, сот билiгi етiп үш тармаққа
бөледi. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 - 1704) пен
француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билiк (парламент) заң шығарумен, оны бекiту, өзгерту
немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды,
үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып жəне армияны
қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ұйымдастырады, халықаралық
келiсiм-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды iшкi жəне сыртқы бағытын
айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар
(конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы билiкке үкiмет пен əкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы
өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заң шығарушы билiктiң
бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға
негiзделiп, заң шеңберiнде iс iстеуi керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы
билiкке тəуелдi. Бiрақ iс жүзiнде ол саяси жүйенiң маңызды бөлiгiне айналған
жəне қоғамдық өмiрде зор рөл атқарады. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды
(бiрақ олар конституция шеңберiнде болуы жəне заңға негiзделуi қерек). Ал
əкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.
Соттық билiк адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан
сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық
жарғылардың сəйкестiгiн анықтайды. Оны халық немесе өкiлеттi мекемелер
қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билiкке тəуелсiз. Өз
жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк
органның немесе қызмет адамының шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол
шешiм толығымен күшiн жояды. Соттың маңызды принциптерiне жариялылық,
айыпкердiң өзiн қорғауға жəне сот үкiмiн бұздыру туралы шағым арыз беруге
құқығы жатады.
Бiраз елдерде соттың тəуелсiздiгiн жəне əдiлдiгiн қамтамасыз ету үшiн
ант берген əдiл сот құрылады. Мұндай жағдайда сот процесiнде судьяларға
36
тəуелсiз, арнаулы ант берген азаматтардан тұратын қазылар алқасы қатысады.
Олар айыпкердiң кiнəсі жөнiнде шешiм қабылдайды. Соның негiзiнде судьялар
үкiм шығарады.
Қазiргi кезде билiктiң үш тармағы жөнiнде саясатшы ғалымдардың
арасында əр түрлi көзқарастар бар. Олардың кейбiреуi билiк санын көбейткiсi
келсе, екiншiлерi кемiткiсi келедi.
Билiк санын көбейткiсi келгендер төртiншi билiк деп ақпарат құралдарын
атайды. Олардың қазiргi кезде, өмiрдiң демократияланып жатқан дəуiрiнде алар
орны зор. Əсiресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мəнiнде берiлiп, радио мен
теледидарды пайдалану мүмкiндiгi қамтамасыз етiлген елдерде азаматтардың
өзiндiк санасының өсуiне, қоғамның iсiне белсендi араласуына, адамдардың
басшылығы мен жауапкершiлiгiн тəрбиелеуде ақпарат құралдарының
мүмкiншiлiгi ерекше. Ел басқарушы шенеунiктердiң қылмысты iстерiн қалт
жiбермей əшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын
мұндаса, шынында да, төртiншi билiк емей немене?
Бесiншi деп сайлаушылар билiгiн айтады. Мұнда сайлаушылардың еркi,
талап-тiлектерiмен қатар кейбiр елдерде сайлаушылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билiгiн жатқызады. Қайсыбiр елдерде қарамағында
аппараты бар Бас бақылаушы да болады.
Жетiншi саяси билiк дейдi. Мұнда билiктi жүргiзiп отырған басқарушы
партия туралы сөз болып отыр.
Кейбiреулер билiктiң ерекше түрi деп əскери билiктi атап жүр.
Сонымен қатар, мемлекеттiк билiк санын қысқартқысы келетiндер де бар.
Мысалы, француздың белгiлi саясаткерлерi Р. Арон, Ж. Бюрдо жəне тағы
басқалар мемлекетте екi-ақ билiк, атап айтқанда, заң шығарушы жəне оған
бағынышты əкiмшiлiк билiк болады дейдi. Сот билiгiн жоққа шығармайды,
бiрақ оны əкiмшiлiк билiкке қосады.
Дегенмен, дүниежүзiнiң алдыңғы қатарлы елдерiнде үш тармақты билiк
қалыптасқан. Мемлекеттi басқару ыңғайлы болу үшiн ол билiктер орталық
(жоғары) жəне жергiлiктi билiк болып бөлiнедi.
Билiктiң кейпiн, сырт бейнесiн, қоғамдағы рөлiн, жұмысын жəне
болашағын бағалау үшiн оны жүйелеп, топтастырудың мəнi зор. Əр түрлi билiк
өзара байланысты бiрқатар белгiлермен өзгешеленедi. Атап айтқанда: 1)
институционалданған (өзiнiң басқарушы жəне тəуелдi құрылым деңгейi бар əр
түрлi мекемелер түрiнде ұйымдасқан, төмен шендiлердiң жоғары шендiлерге
бағынышты болып, араларында билеу, бағыну қатынастары орнаған) жəне
институционалданбаған (бейресми, басқарушы жəне атқарушы топтар анық,
ашық көрсетiлмеген) билiктiң түрi (мəселен, саяси ассоциациялардағы билiк,
бейресми топтарды жəне т. б. басқару); 2) жұмыс iстеу саласына байланысты
билiк саяси жəне саяси емес болып бөлiнедi. Мысалы, соңғысына
экономикалық, ата-аналар, корпорациялар жəне т.б. билiгi жатады; 3) құқықтық
шегiне, құдiретiнiң мөлшерi мен саласьша қарай билiк мемлекеттiк,
ассоциативтiк (партиялық, топтық, жергiлiктi əкiмшiлiктiң жəне т.б. билiгi)
болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзiлiкұйымдар мен
одақтардың халықаралық билiгi болып жiктеледi; 4) билiктiң субъектiсi
37
бойынша парламенттiк, үкiметтiк, соттық, дербес (монархиялық - корольдiк,
патшалық жəне т.б. - президенттiк), ұжымдық (партиялық, басқарушы
топтардың алқалық, халықтық, таптық жəне т. б. билiгi) болып топталады; 5)
қолданылатын əдiс, тəсiлiне қарай үстемдiк, озбырлық, басқатүрлердi ерiксiз
көндiру, сендiру, ерiк, бедел жəне т.б. билiгi болып белiнедi; 6) əлеуметтiк
түрiне қарай феодалдық, буржуазиялық жəне т. с. с. билiгi болып жүйеленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |