6.3 Мемлекеттердің жіктелуі
Əдебиетте мемлекеттердің жіктелуінің жалпы қағидаларын атап
көрсетеді. Оларға дəстүрлі түрде үш басты қағиданы жатқызады:
а) класқа қарсы күрес қағидасы. Мемлекеттердің жеке дара түрлері
ретінде - құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік;
б) саяси өмірдегі либерализм жəне демократизмнің даму қағидасы. Бұл
позиция бойынша мемлекеттер: авторитарлық,тоталитарлық, демократиялық
болып бөлінеді;
в) мемлекеттің нормативтік, құқықтық негізінің дамуқағидасы. Мұндай
көзқарасқа сəйкес мемлекеттер құқықтық мəдениеттің даму деңгейі бойынша:
құқықтық мемлекет, əлеуметтік мемлекет, əскери-полициялық мемлекет деп
бөледі.
Құқықтық мемлекет - ол мемлекеттің өзі, барлық əлеуметтік
қауымдастықтар, жекелеген индивид құқықты құрметтеп, оған бірдей
қатынаста болатын мемлекеттің түрі. Құқық мемлекеттің, қоғамның жəне
индивидтің өзара байланысының əдісі ретінде болады.
Құқықтық мемлекеттің жалпы белгілері:
а) дамыған азаматтық қоғамның болу;
б) құқықтық мемлекеттің əрекетінің саласының тұлғаның құқығы мен
еркін қорғаумен, қоғамдық тəртіппен, шаруашылықтық іс-əрекеті үшін қолайлы
жағдай жасаумен шектелуі;
в) дүниеге көзқарастықтағы индивидуализм;
г) əрбір адамның еркі мен қүқығы басқаның еркін шектеуші ретінде.
Құқықтық мемлекет тұлғаның шексіз тəуелсіздігін қамтамасыз етпейді, əрбір
адамның еркіндігі басқаның еркі бұзылған жерде бітеді.
Əлеуметтік мемлекет теориясы. «Əлеуметтік мемлекет» ұғымының өзі
64
саяси теорияның соғыстан кейінгі кезеңінде салыстырмалы түрдегі дамыған
жəне тұрақты экономика жағдайындағы заманауи демократиялық типтегі
мемлекетті белгілеу үшін пайда болды. Əлеуметтік мемлекет қоғамның əрбір
мүшесінің тіршілік етуінің лайықты жағдайын қамтамасыз ету үшін мемлекет
қолданатын əдіс-тəсілдердің, мақсаттардың жиынтығының призмасы арқылы
түсіндіріледі.
Басқару формасына негізделген мемлекеттердің жіктелуі мынадай
мемлекеттерді бөліп көрсетеді: монархия (шексіз, конституциялық); республика
(президенттік, парламенттік).
Монархияда биліктің формальді көзі болып бір (моно) адам табылады.
Мемлекет басшысы биліктегі өкілетті органдар мен сайлаушыларға тəуелсіз өз
орнына мұрагерлік жолмен ие болады. Қазіргі əлемде монархиялық басқарудың
бірнеше түрлері кездеседі. Мысалы, шексіз (абсолюттік) монархия (Сауд
Аравиясында, Катар, Оман) - мемлекет басшысының шексіз билігі. Осы
түрімен қатар конституциялық монархия да орын алған (Ұлыбритания,
Швеция, Дания, Испания) - монархтың билігі конституциямен шектелетін
мемлекет.
Республика - басқарудың екінші негізгі түрі. Əлемде республиканың үш
басты түрі: президенттік, парламенттік жəне аралас кездеседі.
Парламенттік республиканың басты ерекшелігі болып үкіметтің
парламент негізінде құрылуы мен оның парламент алдындағы жауапкершілігі
табылады. Ол
үкіметке
қатыстыбірқатар
қызметтер
атқарады:оны
қалыптастырады жəне қолдайды; заңдар шығарады; мемлекеттік бюджетті
бекітеді; үкіметке бақылау жасайды жəне қажетті жағдайда оған сенімсіздік
білдіре алады.
Республикалық басқарудың екінші бір кең таралған түрі болып
президеттік республика табылады. Президент парламентке тəуелсіз халық
арқылы немесе сайлаушылар коллегиясы арқылы сайланады жəне бір уақытта
мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы болады. Ол ішкі жəне сыртқы саясатқа
жетекшілік етеді, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Парламент үкіметке
сенімсіздік вотумын шығара алмайды, президенттің парламентті таратуға құқы
жоқ.
Республиканың бір түрі - аралас республика. Ол Австрияда, Ирландияда,
Португалияда, Польшада, Финляндияда, Францияда орын алған. Басқарудың
осы түрінде мықты президенттік билік парламенттің үкіметтің əрекетін тиімді
бақылауымен сəйкес келеді. Оған тəн басты сипат - үкіметтің қос
жауапкершілігі: президент алдындағы жəне парламент алдындағы.
Аралас республиканың (жартылай президенттік) классикалық үлгісі
болып Франция табылады. Онда президент пен парламент бір біріне тəуелсіз
сайлана береді. Парламент президентті орнынан ала алмайды, президент
кезектен тыс парламенттік сайлауды жариялаудың міндетті шарттарымен
парламентті таратуға құқылы. Президент мемлекет басшысы жəне жоғарғы бас
қолбасшы болып табылады, елдің халықаралық аренадағы өкілі болады жəне
парламент шешіміне кейінге қалдыру ветосы құқығына ие.
Мемлекеттер əкімшіліктік-территориялық жағынан былайша жіктеледі:
65
унитарлы мемлекет, федерация, конфедерация. Унитарлы мемлекет дегеніміз
өзіндік жеке биліктік құрылымдары бар əкімшіліктік-территориялық
бірліктерден тұратын бірегей, бөлінбейтін территориясы бар мемлекет.
Унитарлы мемлекетке жергілікті билік органдарының орталыққа қатаң
бағынуы, күшті орталық вертикаль тəн, оның дисперссиясы жоққа тəн. Барлық
мемлекеттік, сонымен қатар соттық органдар бірегей құқықтық нормалар
негізінде əрекет етеді.
Федеративті мемлекет - өзіндік заң шығару, атқару жəне сот органдары,
конституциясы бар мемлекеттердің тұрақты одағы.
Федерация шеңберінде мемлекеттік суверенитеттің субъектілері болып
ірі территориялық түзілулер (штаттар, жерлер, кантондар), сонымен қатар тең
құқылы азаматтардан тұратын барлық халық табылады. Унитарлы мемлекетте
тек бір ғана субъект - халық бар.
Федеративті
мемлекеттік
құрылымға
жергілікті
территориялық
түзілімдердің өзіндік билік құрылымдарымен белгілі бір дəрежедегі жекелік
тəн. Мемлекеттік құрылымның федералды қағидасы этникалық, тарихи-мəдени,
діни, лингвистикалық жəне басқа да ерекшеліктері бар қауымдастықтардың
еркін бірлігі мен тең құқылы өзара əрекетін қамтамасыз етеді.
Конфедеративті мемлекетке жергілікті мемлекеттік - территориялық
түзілімдер мен олардың билік органдарының еркіндігінің жоғары деңгейі тəн.
Конфедерация мүшелері толығымен мемлекеттік егемендікті сақтайды жəне
одақ құзырына тек ең алдымен қорғаныс саласына, сыртқы саясат пен ақша
жүйесіне қатысты мəселелердің шектеулі санын ғана шешуді береді.
Ғалымдардың пікірінше, мемлекеттік құрылымның бұл түрі тұрақты емес жəне
əдетте не федерацияға айналады, немесе тарайды.
Мемлекеттердің эволюциясы тенденциялары. Мемлекеттердің дамуының
заманауи парадигмалары белгілі бір тенденцияларға тəуелді, бұл қазіргі
заманғы жаһандық мəселелердің көрінісі болып табылады. Бəрінен бұрын,
кейбір саясаттанушылардың ойынша, заманауи демократиялық мемлекеттер
экологиялық кезеңге кіреді. Оған бірінші кезекке экологиялық қауіпсіздікті
жəне тұлғаның экзистенциалдық құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл адамзаттың
аман қалуы мəселелерін қою тəн. Жаңа жағдайларда мемлекет азаматтық
қоғаммен одақтаса отырып, ядролық жəне экологиялық катастрофалардың
алдын алуы, аштықтан, эпидемиядан жəне т.б. жапа шегіп отырған əлемдік
аймақтарды материалдық-экономикалық, қаржылай, мəдени көмекпен
қамтамасыз етулері тиіс.
Жоғарыда аталғандармен қатар дəстүрлі түрде заманауи мемлекеттердің
дамуындағы екі басты тенденцияларды атап көрсетеді. Біріншісі - деэтатистік.
Бұл тенденцияның мəні азаматтық қоғамның белсендірілуінде, мемлекетке
бақылау жасауда, өзін өзі басқаруды бастаудың кеңеюінде. Екінші тенденция -
этатистік. Оның көрінуінің негізгі бағыттары - мемлекеттің рөлін арттыру.
Заманауи мемлекет белсенді түрде экономикалық, əлеуметтік, ақпараттық
процестерге араласады, салықтардың, инвестициялық, несиелік саясаттың
көмегімен өндірістің дамуына түрткі болады, шаруашылықтық іс-əрекеттегі диспропорцияны
жояды, жалпы, қоғамдық даму стратегиясын дайындау мəселелерімен айналысады.
|