77
г) адамның белгілі бір айрылмас құқықтарының болуы (өмір сүру
құқығы, еркіндік, меншік құқықтары);
д) жалпыға ортақ консенсус негізінде жəне адамның табиғи құқықтарын
сақтау мен қорғау мақсатында мемлекет құру;
е) мемлекет пен индивид арасындағы қатынастың
келісімдік сипаты;
ж) заңның əлеуметтік бақылаудың құралы ретіндегі үстемдігі жəне
«заңдағы еркіндік» «осы қоғамдағылардың əрбіріне ортақ, тұрақты заңға сəйкес
өмір сүру...жəне басқа адамның ұдайы, белгісіз өзіндік үстем еркіне тəуелді
болмау...» (Локк) құқығы мен мүмкіндігі ретінде;
з) мемлекеттің іс-əрекетінің көлемі мен
саласының шектелуі;
и) қорғаныс - ең алдымен мемлекеттік араласудан — адамның жеке
өмірін жəне қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы оның іс-əрекет еркіндігін
(заң шеңберінде) қорғау;
й) жақсылық пен жамандық, тəртіп пен анархия арасындағы таңдауда
бағдар беруші ролін атқаруға тиісті индивидтің ойларына қолжетімді ақылдың
жоғарғы ақиқатының болуы - Консерватизм. Бұл ұғымды екі мағынада
түсіндіруге болады:
а) қоғамдық өмірдегі дəстүрлі таптаурындарды, мызғымайтын
құндылықтарды қорғауға, төңкерістік өзгерістерді жоққа шығаруға, халықтық
қозғалыстарға сенімсіздікке бағдарланған саяси философия. Бұл жағынан ол
либерализм идеологиясына жауап ретінде XV II I ғасырда рəсімделді жəне
Эдмунд Берк, Ж.де Местра, Л.де Боландалардың
есімдерімен байланысты;
б) үлкен қоғамдық топтар сияқты жекелеген индивидтерге де тəн ақыл-ой
шабыты. Ол салт-дəстүрді ұстанумен, тұрақтылықпен, тəртіппен сипатталады,
төңкерісті жоққа шығарады жəне қоғамдық таптаурындардың реформалануына
күмəнмен қарайды, көбіне ол діни болады. Мұндай ақыл-ой шабыты алдын ала
белгіленген жоспар бойынша ақылды əлеуметтік тəртіптің қалыптасуын теріске
шығарады.
Заманауи консерватизмнің əлеуметтік философиясы келесі ережелерге
келіп тіреледі:
а) дінмен санкцияланатын əмбебап моральдық тəртіптің болуы;
б) өркениетті мінез-құлқының артында күнəһарлық жасырынып жатқан
адамның
табиғаты;
в) ойдың, сондай-ақ дене дамуынан көрінетін адамдардың табиғи
теңсіздігі;
г) қоғамдық класстар мен топтардың қажеттілігі жəне оның салдары
ретіндегі заңның күшімен əлеуметтік теңдікті
жасауға тырысудағы ессіздік;
д) жеке бостандыққа қол жеткізу үшін, əлеуметтік тəртіпті қорғау үшін
жеке
меншіктің маңыздылығы;
е) дəстүрлі нормалар прогрестің басты қозғаушы күші болып табылады.
Саяси ғылымда консерватизмнің үш негізгі түрін көрсетеді: дəстүрлік,
либертаризм, неоконсерватизм.
Дəстүрлік классикалық нарықтық капитализмге тəн адамгершіліктік
дəстүрлер мен əлеуметтік таптаурындарды сақтауға назар аударады.
Либертаризм (буржуазиялық) индивидтің шексіз еркіндігі идеяларын