Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Демократияның дамуының негізгі кезеңдері жəне теориялары



Pdf көрінісі
бет27/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

8.2 Демократияның дамуының негізгі кезеңдері жəне теориялары
Демократияның  антикалық  теориясы. Демократия  идеясын  алғаш
V ғасырда  Геродот  былайша  ұсынған: ол - теңдік  арқылы  тұрғызылған
мемлекет (грекше-изономия). Мұндай  саяси  құрылымның  басты  белгілері:
қызметтерді  жеребелерге  сəйкес  иелену, мəртебелілердің  өздерінің  үкіметтік,
қаржылық іс- əрекеттері жайлы есеп беру міндеті.
Демократияның  антикалық  теориясын  сол  кездегі  ірі  философтар


72
Аристотель мен Платон жасады.
Аристотельдің ойынша, демократия дегеніміз еркін туғандар мен меншігі
жоқтар  көпшілікті  құрайтын жəне  жоғары билікті  өз  қолдарында  ұстайтындар
есептеледі. Азаматтары  еркін, олар  мемлекеттік  істерді  басқаруға  қатысады
жəне көбісінің пікірі шешуші мəнге ие.
Аристотельдің  көзқарасы  бойынша  ең  нашар  демократия - ол  халық,
тобыр  билеген  демократия. Демократияның  мұндай  түрінде  халық  монарх
рөлінде  жəне  деспот  болады, ал  қоғамдық  құрылыс  тиранияны  еске  түсіреді.
Аталған нұсқа тобырдың пікіріне үстемдік ететін демагогтарға тиімді, заң жоқ -
мемлекет  жоқ. Көпшіліктің  шешімдерімен  заң  ауыстырылады, халық  заңнан
айналып өтіп, шешімдер қабылдайды.
Платон да демократияға теріс көзбен қарады, ол охлократияны (қараның,
тобырдың билігі) демократияның жалғыз түрі ретінде қарастырды. Платон үшін
демократия - ешқандай заңмен санаспайтын, кез келген жағдайда үстірт шешім
қабылдайтын қараның билігі. Оның демократияға берген мынадай анықтамасы
бар: «Демократия - ол  оның  шеңберінде  қалағаныңды  жасауға  болатын
құрылым».
Осылайша, антикалық  демократияның  шеңберінде  тотальді  билік  əрекет
етті.
Жаңа замандағы демократияның  классикалық  теориясы. Демократия деп
азаматтардың  қоғамдық  маңызды  шешімдер  қабылдауға  жалпылай  қатысуы
түсіндірілді. Саяси  шешімдерді  қабылдауға  бірдей  қатысу  мен  жалпыға  ортақ
теңдік  қағидасын  Ж.Ж. Руссо  өзінің «Қоғамдық  келісім-шарт» еңбегінде
неғұрлым  нақты  көрсете  білді. Руссоға  сəйкес, саяси  процеске  тартылған
өзіндік  пікірі  бар, ақылды  индивидтер  жалпыға  ортақ  ерік  негізінде
қалыптасатын жалпыға ортақ игілік идеясын дайындауға қабілетті сапалы жаңа
əлеуметтік құбылысты білдіреді.
Демократияның  классикалық  теориясының  авторлары  адамдағы
рационалды  бастауды  асыра  бағалап  жіберді, адамдардың  кəсіби  саясаткерлер
тарапынан  басқару  мен  бақылауға  оңай  алынатынын (əсіресе, егер
соңғыларының қолында бұқаралық ақпарат құралдары болса) жəне адамдардың
күнделікті  қызығушылықтарына  қатысы  жоқ  процестерге  немқұрайлы
қарайтындарын ескермеді.
Демократияның  шумпетерлік  теориясы. Авторы - И. Шумпетер. Ол
«шумпетерлік» деп  аталатын  демократияның «ревизиондық» теориясының
авторы  болып  табылады. Демократия  мүлдем  халықтың  басқаруы  болып
табылмайды, халық тек өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті
қалыптастыратын  белгілі  бір  аралық  институтты  сайлайды. Осыдан  кейін
бұқара  саясаттан  аластатылады. Осыған  орай, Шумпетерге  сəйкес,
демократиялық əдіс индивидтер халық даусы үшін бəсекелік күрес нəтижесінде
билікке қол жеткізетін институционалдық іс-шаралар жүйесі ретінде болады.
Демократияның қалыпты қызмет атқаруы үшін қажетті шарттар:
а) маңызды  мемлекеттік  қызметтерге  сайлауға  болатын  жеткілікті  түрде
білікті  адамдар  тобының  болуы. Англияда  Шумпетер  үшін  ол  ең  алдымен
аристократия;


73
б) саяси  органдар  халық  толығымен  жақсы  түсінетін  жəне  оған  өз
пікірлерін білдіре алатын шешімдерді қабылдауы керек;
в) жауапкершілік  сезімі  бар  жақсы  даярланған  жəне  ұйымдасқан
бюрократия қажет, ол мемлекетті басқару міндетін кəсіби емес энтузиастардан
жақсы атқарады;
г) саяси  теорияның  ғана  емес  саяси  мəдениеттің  де  элементі  болып
табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау аса қажет.
Демократияның плюралистік теориясы  демократияның аталған теориясы
саяси процеске барлығының тікелей қатысуы идеясынан толығымен бас тартты.
Индивид  жай  ғана  дауыс  беруге  қатысады, өкілдік  демократия  оны  тікелей
шешім  қабылдаудан  шеттетті. Азамат  саяси  процестің  əрекет  етуші  тұлғасы
болудан қалады, саяси процестің өзі жекелеген индивидтердің өзара əрекеттері
ретінде  емес, топтардың  жəне  топтық  қызығушылықтардың  өзара  əрекеттері
ретінде түсіндіріледі.
Демократияның  элитарлық  теориясы. Дəл «шумпетерлік» теория
элитарлық теорияның негізін қалады. Элитистер үшін саяси процесс осы түрлі
қызығушылықтар топтарының күресі ретінде түсіндіріледі.
Элитистердің  плюралистерден  басты  айырмашылығы, екіншілері  саяси
процестің  мəнді  факторы  ретінде  сайлаушылар  бұқарасы  жағынан  қысымға
тиістісін береді. Элитистер болса, бұқараны мүлдем есепке алмайды. Заманауи
батыстық саяси жүйелер элитарлық-плюралистік жүйелерді білдіреді.
Демократияның 
партиципаторлы 
теориясы. Аталған 
теория
рационалистердің  идеяларына  негізделеді, олар  адам - жақсылық  пен
жамандықтың  не  екенін  білетін  рационалды  тіршілік  иесі  деп  санайды. Осы
ілімге  байланысты  адам  саналы  түрде  ақылды  шешім  қабылдауға  қабілетті.
Партиципаторлы  теория  демократияны  тұлғаның  ар  намысын  құрметтеуді
қамтамасыз  ететін  қоғамдық  өмірдің  барлық  аумағын  ұйымдастырудың
əмбебап қағидасы ретінде түсіндіреді. Осы тұрғыда демократия отбасының, мектептің,
университеттің, ұжымның, мемлекеттің жəне т.б. атрибуты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет