Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 ТАҚЫРЫП. ДЕМОКРАТИЯ  ҚОҒАМНЫҢ  САЯСИ  ӨМІРІН



Pdf көрінісі
бет26/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

8 ТАҚЫРЫП. ДЕМОКРАТИЯ  ҚОҒАМНЫҢ  САЯСИ  ӨМІРІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
8.1 Демократия: түсінігі, мəні
8.2 Демократияның дамуының негізгі кезеңдері жəне теориялары
8.3 Демократия жəне құқық
8.1 Демократия: түсінігі, мəні
«Демократия» ұғымы ежелгі грек сөзінен енген, этимологиялық жағынан
«халық билігі» дегенді білдіреді. Демократияға бұл жағынан толық анықтаманы
американдық  президент  А. Линкольн  берген  болатын: «халықтың  басқаруы,
халық таңдаған жəне халық үшін».
«Демократияның» заманауи түсіндірмесі бірнеше мағынаға ие:
а) оның  мүшелерінің  басқару  мен  шешім  қабылдауға  теңқұқылы
қатысуына негізделген кез келген ұйымның құрылымының түрі;
б) халық  егемендігі, адам  құқығы, теңдік, еркіндік  сияқты
басымдықтарды мойындауға негізделген қоғамдық құрылымның идеалы;
в) халық  билігі  үшін  əлеуметтік-саяси  қозғалыс, демократиялық
мақсаттар мен идеалдарды жүзеге асыру.
Демократия -мемлекет  пен  биліктің, қоғамның  саяси  жəне  əлеуметтік
ұйымдарының  түрлерінің  бірі, тарихта  дамып  келе  жатқан  саяси  тəртіп
(Саясаттану. Энциклопедиялық сөздік).
Заманауи демократияның өзіне тəн белгілері:
а) халық - билік көзі;
б) мемлекеттік биліктің басты органдарының кезеңдік сайлануы;
в) сайлау  құқығының  теңдігі, мемлекетті  басқаруға  қатысу  құқығының
тең болуы;
г) көпшіліктің шешімі азшылықтың құқығын шектейді;
д) демократия үздіксіз жəне қадалған қоғамдық бақылауда болады;
е) мемлекет  пен  қоғам  өмірінің  барлық  салаларындағы  жəне  барлық
деңгейлердегі қақтығыстардың алдын алудың механизмдерін дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет