69
көрсеткіш партияны өздерінің негізін қалаушыларымен бірге жоғалып кететін
əдеттегі камарилийлер мен клиентелдерден ерекшелеуге мүмкіндік береді;
б) ұлттық орталықпен (жетекшілікпен) жүйелі байланысты қолдайтын
тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, бұл партияның парламенттік топтан
айырмашылығын
білдіреді;
в) жергілікті жəне орталық жетекшілердің билікке, күреске назар
аударуы. Бұл партияны қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан (кəсіподақ,
жастар жəне т.б. ұйымдары) ерекшелейді;
г) қоғам жағынан бұқаралық қолдаудың болуы. Аталған көрсеткіш
партиялар мен қысым топтарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді,
қысым топтары əдетте сайлаулар мен парламент өміріне қатыспайды: олар
партияларға, үкіметке жəне қоғамдық пікірге жасырын ықпал етеді.
Оның басқа ұйымдардан айырмашылығын көрсететін басты белгі -
мемлекеттік билік үшін ашық күреске бағдарлану.
Саяси партияның қызметтері:
1) саяси - мемлекеттік билікке ұмтылу, саяси құрамды толықтыру,
электоралды;
2) идеологиялық қызмет - партиялық идеологияны дайындау, партиялық
үгіт-насихат;
3) əлеуметтік қызмет - өкілділік, бұқараның мобилизациясы, саяси
əлеуметтену.
Бұл саяси партияның қызметтерінің жалпыланған сипаттамасы.
Саяси партияның қоғамның саяси институты ретіндегі басты
қызметтеріне мыналар жатады:
а) саяси мақсатты анықтау жəне
билікке қол жеткізу;
б) үлкен
əлеуметтік
топтардың
қызығушылықтарын
анықтау,
қанағаттандыру;
в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылар мен
элитаны таңдау, сұрыптау;
г) партиялық идеологияны дайындау, саяси бағдарламаны жасау жəне
жүзеге асыру, үгіт-насихат жүргізу жəне қоғамдық
пікірді қалыптастыру;
д) саяси əлеуметтендіру, азаматтардың билікке қатысудағы қасиеттері
мен
қабілетін қалыптастыру;
е) биліктің жоғарғы жəне жергілікті органдарын қалыптастыру бойынша
сайлау кампанияларын дайындау жəне өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: