Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Биліктің ұйымдастырылуы жəне қызметі. Биліктің легитимдігі



Pdf көрінісі
бет15/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

4.2 Биліктің ұйымдастырылуы жəне қызметі. Биліктің легитимдігі
Билiк саяси жəне мемлекеттiк болып екiге бөлiнедi. Бұл мəселенiң үлкен
астары  бар. Себебi, бұрынғы  кеңестiк  дəуiрде  бұл  ұғымдарды  теңестiрiп,
бiрыңғайлау  саяси  жүйенiң  барлық  құрылымын  мемлекеттендiруiнiң
тəсiлдемелiк негiзi болды.
Саяси  билiк  таптық, топтық  жеке  адамның  саясатта  тұжырымдалған  өз
еркiн жүргiзу мүмкiндiгiн бiлдiредi. Ал мемлекеттiк билiкке барлық адамдарға
мiндеттi зандарды  шығаруға  жеке-дара  құқығы  бар  зандар  мен  ұйымдарды
сақтау үшiн ерекше  күштеу аппаратына  сүйенетiн саяси  билiктiң түрi жатады.
Бұдан  бiз  саяси  билiктiң  мағынасының  мемлекеттiк  билiктен  кең  екендiгiн
байқаймыз. Себебi, бiрiншiден, саяси  билiк  адамзат  тарихының  барлық
кезеңдерiнде  болған. Мысалы, алғашқы  адамдық  қауым  кезiнде  ақсақалдар
кеңесiнiң, веченiң (Ежелгi Русьтегi азаматтар  жиналысының  түрi), вече
соттарының жəне т. б. билiгi болды. Екiншiден, саяси билiк тек мемлекеттiк ап-
парат арқылы ғана  емес, сонымен бiрге  партиялар, кəсiподақтар, халықаралық
ұйымдар (БҰҰ, НАТО  жəне  т. б.) сияқты  саяси  жүйенiң  басқа  элементтерi
арқылы  да  билiгiн  жүргiзедi. Үшiншiден, мемлекеттiк  билiк, жоғарыда
көрсетiлгенiндей, ерекше  күштеу  аппаратына  сүйенедi жəне  оның  билiгiне
қоғамның барлық  мүшелерi тегiс  бағынады. Мемлекеттiк  билiк саяси  билiктiң
ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрi, оның өзегi болып табылады.
Мемлекеттiк  билiктiң  заңдылығы  оның  легитимдiгiнен  бiлiнедi.
Легитимдiк (латын  тiлiнде  заңдылық, шындық  деген  мағынаны  бiлдiредi)
дегенiмiз  халықтың  үстемдiк  етiп  отырган  саяси  билiктi мойындауы, оның
заңдылығы мен шешiмдерiнрастауы.
Демократиялық  жағдайда  мемлекеттiк  билiк  легитимдi болуы  үшiн
мынадай  екi шарт  қажет: 1) ол  халықтың  қалауы  бойынша  қалыптасуы  жəне
көпшiлiктiң  еркiне  қарай  орындалуы  керек. Яғни, мемлекеттiк  билiктiң  тура
немесе  жанама  түрде  белгiлi бiр  мезгiлге  халық  сайлауы  құрылуы  жолымен
оның  жұмысын  бақылап  отыруға  мүмкiндiк  болуы  тиiс; 2) мемлекеттiк  билiк
конституциялық қағидаларға сəйкес жүзеге асырылуы керек.
Немiстiң  көрнектi ғалымы  Макс  Вебер  билiк  басына  келудегi
легитимдiктiң  мiнсiз  түрлерi ретiнде  үш  үлгiсiн  көрсеттi. Ең  бiрiншiсi - əдет
-
ғұрыптықлегитимдiк
.
Ол  сонау  ерте  заманнан  бастап  халықтың  санасына
сiңген, əбден  бойлары  үйренiп, дұрыс  деп  тапқан  салт-дəстүрлерге  сүйендi.
Сондықтан, мысалы, (кейбiр  елдерде  қазiр  де) хан, сұлтан, патша, шах, əмiр


38
жəне  т. б. билiгiн  халық  дұрыс, заңды  деп  түсiндi. Билiк  əкеден  балаға  мирас
болып қалып келдi, оны жұрт атасалтымыз деп мойындап отырды.
Екiншi түрiне  харизматикалық легитимдiк  жатады. Мұнда  өзiнiң ерекше
батырлығымен, адалдылығымен  немесе  басқа  үлгiлi қабiлет, қасиеттерiмен
көзге түскен адамды басшы етiп жариялап, соның соңынан ередi. Халық тек сол
көсемге  берiлiп, соған  ғана  сенедi. Мысалы, Мұхаммед  Пайғамбар, Ганди,
Аятолла  Хомейни жəне  т. б. Ол адамдар жеке басқа  табыну дəрежесiне  жеттi.
Харизма деген  сөздiң өзi де  көсемге, мемлекеттiк басқарушының жеке басына
табыну деген мағынаны бiлдiредi.
Үшiншi түрiне  Вебер  ақыл-парасаттың, құқықтың  легитимдiгiн
жатқызады. Онда саяси билiк салт-дəстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты
емес, қазiргi саяси  құрылым  орнатқан  құқықтық  ережелерге, тəртiптiң  ақыл-
ойға  сыйымдылығына  негiзделедi. Мұндай  легитимдiлiк  саяси  билiктiң  пайда
болуы  жəне  өмiр  сүруi демократиялық  талаптарға  сəйкес  келе  ме, жоқ  па
сонымен анықталады.
Легитимдiктiң алдыңғы  екi түрi құлдық  жəне феодалдық қоғамдарға  тəн
болса, үшiншi түрi қазiргi дамыған  елдерге  тəн. Шығыс  елдерiнiң  саяси
қайраткерлерi билiктiң  легитимдiлiгiне  зор  назар  аударады. Себебi, халық
қазiргi үстемдiк  етiп  тұрған  саяси  тəртiпке  сенуi керек. Сонда  ғана  оны
жұртшылық қолдайды жəне ол тиiмдi қызмет атқарады.
Мемлекеттiк  құқықтық  тəртiптiң  легитимдiгiнiң  ең  биiк  дəрежесiне
конституция  жатады. 1995 жылғы 30 тамызда  Республикалық  референдумда
қабылданған  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Конституциясы  саяси  билiкке
нақтылы  легитимдiк  бердi. Онда  Қазақстан  Республикасын  демократиялық,
зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат
қазынасы - адам  жəне  адамның  өмiрi, құқықтары  мен  бостандықтары.
Қазақстан  Республикасы - президенттiк  басқару  нысанындағы  бiртұтас
мемлекет. Мемлекеттiк  билiктiң  бiрден-бiр  бастауы - халық. Республикада
мемлекеттiк  билiк  бiртұтас, ол  Конституция  мен  зандар  негiзiнде  заң
шығарушы, атқарушы  жəне  сот  тармақтарына  бөлiну, олардың  тежемелiк  əрi
тепе-теңдiк  жүйесiн  пайдалану  арқылы, өзара iс-қимыл  жасау  принципiне
сəйкес жүзеге асырылады. Республика Президентi мемлекет басшысы, оның ең
жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттiк билiк
бiрлiгiнiң, Конституцияның  мызғымастығының, адам  жəне  азамат  құқықтары
мен бостандықтарының рəмiзi əрi кепiлi. Парламент - заң шығару функциясын
жүзеге  асыратын  республиканың  ең  жоғары  өкiлдi органы. Сот  билiгi
азаматтардың  құқықтарын, бостандықтары  мен  заңды  мүдделерiн  қорғауды
жүзеге  асыруға  арналған. Конституциялық  Кеңес  республиканың  бүкiл
аумағында ҚР Конституциясы үстiнен қарауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк
орган болып саналады.
Саяси  билiқ  мəселесiн  сөз  еткенде  оның  принциптерiне  тоқталмауға
болмайды. Олар  қоғамдық  емiрдiң  қолайлы, орнықты  қалпын  қамтамасыз  ету
үшiн қажет. Оған мыналар жатады: легитимдiк принципi (яғни, билiк заңға, заң
шығаруға  сүйенгенде  ғана  өзiн  сенiмдi, еркiн  сезiне  алады), қорғау  принципi
(билiктi сан  түрлi əдiстермен  қолда  ұстай  бiлу  жəне  оны  арттыра  бiлу  керек),


39
ұтымдылық принципi (билiк батымды, өтiмдi, ықпалды, табанды болғаны жөн,
онсыз билiк билiк бола алмайды), сыр бермеу принципi (билiк үшiн ең қауiптi
нəрсешындықты уақытынан бұрын айтып қою).
Қолдағы  билiктi атқара  да  бiлу  керек. Бұл  оңай  шаруа  емес, тiптi ең
қиыны  десе  де  болады. Себебi, кемшiлiктiң  көбi билiктi қолдану  барысында
жiберiледi. Билiктi атқару  тетiгiне  заң  жүзiнде  рұқсат  етiлген  əлеуметтiк iс-
əрекеттер жатады. Оның да өзiндiк принциптерi бар. Оларға жататындар: iштей
ерiксiздiк (əмiршiнiң өз билiгi өзiнде бола бермейдi), сақтық (саяси iс-əрекеттi
алдын  ала  парасатты  түрде  дəлме-дəл  есептеп  алған  дұрыс), қызметтестiк
(билiктiң мықтылығы бiрлесiп iс басқара бiлуде), шыдамдылық (əмiршi төзiмдi,
тiлектес, мейiрбанды  болуға  тиiс), ымыраға  келушiлiк (билiктiң  қисыны
жағдайға  байланысты  болуы  мүмкiн; сондықтан  өкiм  жүргiзушiге  келiсiмге,
ымыраға  келуге, бiрлестiктерге, блоктарға  енуге  немесе  олардан iргенi аулақ
салуға  тура  келедi), жауапкершiлiк (əмiршi шексiз  билiкке  қызықпай,
жауапкершiлiгiн  сезiнгенi абзал), ұлылық (билiк  жүргiзушi өзiнiң iшкi
маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мəдениеттiлiк,
табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық жəне т. с. с. Билiк - дəйектiлiгiмен,
iс-əрекетiнiң  қисындылығымен  қадiрлi. Керек  кезiнде  соңғы  қорытынды  сөздi
айта бiлгеннiң де маңызы зор.
Қоғамдық өмiрдi билiк арқылы реттеп, жөнге келтiрудiң бiрнеше түрi бар.
Мысалы, бұрынғы  Кеңес  өкiметi кезiнде  билiк  түгелдей  топтастырылған
болатын. Əлеуметтiк  бастамалар  шығару, шешiмдер  қабылдау  жəне  т. б. бəрi
қатал орталықтанған едi. Бұл билiк қоғамның прогрестi дамуына жол бермейдi.
Ал  кейбiреулер  билiктiң  қай  түрiне  болмасын  қарсы  шығып, анархизмдi
уағыздайды. Бұл  жолдың  да  болашағы  жоқ. Сондықтан  алдыңғы  қатарлы
дамыған  елдер  билiктiң  орталықтануы  мен  шоғырлануынан  саналы  түрде  бас
тартып, барлық адамдардың өкiмет шешiмдерiн қабылдауға, билiкке қатысуын
қалайды. Содан  да  болар  қоғамның  қарқындап  дамуына  жағдай  жасап,
халықтың  тыныс-тiршiлiгiне  жайлы  саналатын  қазiргi өркениеттi елдер  деп
аталып  жүрген  мемлекеттердегi демократиялық  республика, конституциялық
монархия жəне т. б. сияқты билiктердiң түрлерi дұрыс деп саналуда.
Билiктiң түрлерi.
Билiктiң  жүзеге  асырылу  тəсiлiне  жəне  құрылысына  қарай:басқару  түрi
жəне мемлекеттiк құрылысы болып бөлiнедi.
Басқару  түрi жоғарғы  өкiмет  билiгi кiмнiң  қолында  екендiгiн  керсетедi.
Соған  байланысты  мемлекет  монархиялық  жəне  республикалық  болып  екiге
бөлiнедi.
Монархия  деп  мемлекеттiң  жоғарғы  өкiмет  билiгi жеке-дара, бiр
билеушiнiң  қолында  болып, ол  əкеден  балаға  мұра  ретiнде  қалатын  түрiн
айтады. Оны  хан, патша, император, король  деп  атауы  мүмкiн. (Монарх
мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдiң король, император, ұлы герцог
сияқты құрметтi атағы бiрге берiледi).
Монархия  өз кезегiнде  абсолюттiк (шексiз) жəне  конституциялық  болып
екiге бөлiнедi. Абсолюттiк монархия деп жоғарғы өкiмет билiгi бүтiндей, тұтас,
формальды  түрде  де  шектелместен  бiр  адамның (монархтың) қолында  тұрған


40
қоғамдық  құрылысты  айтады. Ертеде  басқарудың  мұндай  түрi кең  тараған,
соның iшiнде  Ресейде  де (Романовтар  династиясы  басқарған  шақта) болатын.
Қазiргi дамыған  елдердiң  ешқайсысында  басқарудың  мұндай  түрi жоқ.
Конституциялық  монархияда  монархтың  билiгi белгiлi дəрежеде  заң
шығаратын билiк парламентпен шектеледi. Басқарудың мұндай түрi алғаш рет
Англияда  пайда  болды  жəне  қазiрдiң  өзiнде  ойдағыдай  қызмет  етуде. Қазiр
конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания,
Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд  Аравиясы, Швеция,
Жапония жəне т. б. елдерде сақталған.
Республика  деп  мемлекеттiк  билiктiң  барлық  жоғары  органдары  белгiлi
бiр  уақытқа  сайланатын  немесе  өкiлдiк  мекемелер (парламент) арқылы
қалыптасатын мемлекеттiк басқарудың түрiн айтады.
Республика  президенттiк, парламенттiк  жəне  аралас (немесе  жартылай
президенттiк) болып  үшке  бөлiнедi. Президенттiк  басқаруда, əдетте,
мемлекеттiң  де, үкiметтiң  де  басшысы  президент  болып  саналады. Оны
парламент  немесе  халық  сайлауы  мүмкiн. Егер  президенттi парламент  немесе
соның  негiзiнде  құрылған  коллегия  сайласа, оны «парламенттiк  президент»
дейдi. Ол - салтанатты  өкiлдiгi бар  символдық  қайраткер. Конституция
бойынша оған белгiлi бiр құқықтар берiледi. Бiрақ ол құқықтарды жүзеге асыру
үшiн  тиiстi құжатқа  премьер-министр  немесе  министрлердiң  бiреуiнiң
қойылған  қолы  керек. Онсыз  күшi болмайды. Басқа  сөзбен  айтқанда, ондай
президенттiң билiгi шамалы болады. Мысалы, Үндiстанда, Италияда солай. Ал
егер президенттi жалпыға бiрдей, тiкелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа,
ондай  мемлекеттi президенттiк  республика  дейдi. Ондай  президенттiң  билiгi
зор. Мысалы, АҚШ, Франция  т. б. елдерде. Мұнда  атқарушы  билiк  тiкелей
парламентке  бағынбайды. Президент  үкiметтi өзi тағайындап, өзi басқарады.
Мұндай  билiк  алғаш  рет  АҚШ-та  орнады. Бұл  елдiң  басқаруы  президенттiк
демократияның iшiнде  ең  үлгiлiсiне  жататындықтан  оған  толығырақ
тоқталайық. АҚШ-та  президент 4 жылға  сайланады. Онда  премьер-министр
болмайды. Президент  мемлекеттi де, үкiметтi де  басқарады. Ол
департаменттердiң (министерстволардың  аты) басшыларын, министрлер
кабинетiн жəне үкiметтi тағайындайды. Олар тек Президентке ғана есеп бередi.
Оның қылмыскерге кешiрiм жасауға, марапаттауға, халықаралық келiссөздердi
жүргiзуге  құкығы  бар. Атқарушы  билiк  шеңберiндегi шешiмдердiң  бəрiн
президент  қабылдайды. Ол  саясаттың iшкi жəне  сыртқы  басты  бағыттарын
айқындайды, тұрақтылықты  бейнелейдi. Ал  үкiмет  бұл  қезде  күнделiктi
iстермен, елдi басқару мəселелерiмен  айналысады. Президенттiк билiк  төрелiк
ететiн  əдiл  қазы  сияқты  рөлдi атқарады. Мысалы, экономикалық  бағыт
қиыншылықтар  тудырса, үкiмет  алмасуы  мүмкiн. Жаңа  үкiмет  басқа  саясат
жүргiзедi, ал  мемлекеттiң  бастығы  баяғы  орнында  қала  бередi. Бұдан  бiз
президенттiк  басқарудың билiгi зор екенiн көремiз. Бiрақ бұл  билiктiң  де  шегi
бар. Ең  алдымен  президенттiң  заң  шығаруға  өқiлеттiгi жоқ. Ол  бюджеттi де
шеше  алмайды (оны  Конгресс  шешедi). Парламент  президенттiң  қай
тағайындауын  болса  да  бұза  алады (оны «право  вето» деп  атайды). Конгресс
президенттi орнынан ала алады (оны «импичмент» дейдi). Мысалы, АҚШ-тың


41
бұрынғы президентiнiң бiрi Р. Никсон «уотергейт iсi» үшiн («Уотергейт» қонақ
үйiнде  орналасқан  демократтардың  штаб  пəтерiне  жасырын  тыңдау
құрылғысын  қоймақ  болғаны  үшiн) отставкаға  кетуге  мəжбүр  болды. Егер
президент  конституцияны  бұзса, не  мемлекетке  опасыздық  жасаса, Конгресс
оны  жұмыстан  босата  алады. Бiрақ  ол  президенттiң  саясатымен  келiспесе, ол
үшiн  оны  босата  алмайды. Президенттiк  республика  Латын  Америкасы
елдерiнде  кең  тараған. Ондай  билiк  Ресейде, Қазақстан  жəне  ТМД  елдерiнiң
басқа республикаларында да орнауда.
Парламенттiк  тəртiпте  елдiң  жоғарғы  басшысы  парламентке  бағынады.
Онда  заң  шығарушы  билiк  те, атқарушы  билiк  те  парламентке  тəуелдi. Ол
салықты  белгiлейдi, бюджеттi бекiтедi, соттарды  құрады, сауданы  реттейдi,
халықаралық  келiсiм-шарттарды  қабылдайды, соғыс  аша  алады, əскердi
қамтамасыз етедi жəне т. б.
Қазiргi қезде  қөптеген  елдердiң  парламентi екi палатадан  тұрады.
Феодалдық  мемлекеттерде  ол  елдiң  өкiлдiгiн  үйлестiруге  мүмкiндiк  бердi.
АҚШ-та, Францияда  оны  үстемдiк  етушi топтар  заңгерлердi «шектен  тыс
демократияландыруға» жiбермеу  үшiн  парламент iшiнде  қосымша  тежеу
факторы ретiнде пайдаланды.
Төменгi палата  жалпыға  бiрдей  тiкелей  сайлау  арқылы  қалыптасады.
Жоғарғы  палатаның  құрылуы  əр  түрлi болады. Мысалы, Англияда
парламенттiң  жоғарғы  палатасына (Лордтар  палатасы) мұрагерлiкпен  өмiр
бойы болатын сэрлер (жоғарғы аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ сэрлер
жəне  Англия  шiркеуiнiң  жоғарғы  шендiлерi кiредi. АҚШ-та  сенатқа
(Конгрестiң жоғарғы палатасы) əр штаттан (халық санына байланысты емес) екi
өкiлден  сайланады. Германияда  жоғарғы  палатаның  депутаттарын  əр  жердiң
үкiметi тағайындайды.
Көп елдерде белгiлi бiр дəрежедегi адамдарды парламентке сайламау заң
жүзiнде  ескерiлген. Əдетте, бұл  ереже  мемлекеттiк, қарулы  күштер, сот
қызметқерлерiне  қолданылады. Сонымен  қатар  депутаттың  тəуелсiздiгiн
қамтамасыз ету, сыбайлас  жемқорлықты өрбiтпеу үшiн парламент мүшелерiне
олардың  мерзiмi өткенше  мемлекеттiк  жəне  жеке  меншiк  фирмаларда,
компанияларда қызмет етуге тыйым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердiң
қызмет  бабындағы 
мəлiметтердi өздерiнiң 
жеқе 
басының 
бабына
пайдалануларына рұқсат етiлмейдi.
Парламент бiрпартиялық жəне екiпартиялық болуы мүмкiн. Бiрпартиялық
парламент, əдетте, кiшкентай елдерде кездеседi. Мысалы, Финляндияда солай,
iрi жəне  дамыған  елдерде  екiпартиялық  парламент  болып  келедi. Мысалы,
АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда жəне т. б. елдердегi сияқты.
Парламенттiң  мезгiл-мезгiл  үкiметтен  есеп  берудi талап  етуiне, ең
маңызды  саяси  шараларды  бекiтуге, үкiметке  сенiм  бiлдiрмеуге  құқығы  бар.
Мұнда ең маңызды нəрсе - үкiметке сенiм бiлдiрiле ме, жоқ па, ол дауыс беру
арқылы  шешiледi. Сондықтан  күрес  дауысты  көбiрек  алудың  айналасында
болады. Мысалы, Германия, Ұлыбритания  жəне  т. б. елдерде  демократиялық
парламенттiк  тəртiптiң  өмiр  сүруi олардың  парламентте  көпшiлiк  дауыс
алуынан. Егер сенiмсiздiк бiлдiрiлсе, кабинеттiң отставкаға кетуiне тура келедi.


42
Əр елде парламенттi əр түрлi атайды. Мысалы, АҚШ, Филиппинде жəне
Латын  Америкасының  қөптеген  елдерiнде  оны  Конгресс, Польша  мен
Финляндияда - Сейм, Иран  мен  Турцияда - Мəжiлiс, Израильде - Кнессет,
Швецияда - Рихсдаг, Францияда - ұлттық жиналыс дейдi.
Республиканың үшiншi түрiне аралас (оны жартылай президенттiк немесе
президенттiк-парламенттiк 
деп 
атайды) республика 
жатады. Мұнда
президенттiк  те, парламенттiк  те  түрлердiң  белгiлерi кездеседi. Үкiметке  екi
жақты (президенттiң алдында да жəне парламенттiң алдында да) жауапкершiлiк
жүктеледi. Республиканың  классикалық  ондай  түрiне  Франция  жатады.
Сонымен  қатар, оған  Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия
жəне т.б. мемлекеттердi жатқызуға болады.
Билiк  басқару  түрiмен  қатар  құрылысына  қарай  да  ерекшеленедi.
Мемлекет құрылысы орталық өкiмет пен жергiлiктi билiктiң мiндеттер өрiсiнiң
арақатынасын  бiлдiредi. Ол  унитарлық, федеративтiк  жəне  конфедеративтiк
болып үш түрге бөлiнедi.
Унитарлық(латынның  бiртұтас, бiрiккен  деген  сөзiнен) құрылыста  саяси
билiк  бiр  орталыққа  бағынады, мемлекеттiң iшiнде  өз  алдына  билік  басқа
құрылымға  жол  берiлмейдi. Оның  жерi, конституциясы  бiр  болады.
Мемлекеттiк  билiктiң  жоғары  органдар  жүйесi, азаматтығы  ортақ. Мысалы,
ондай  мемлекеттерге  Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия,
Франция, Ұлыбритания, Швеция жəне т. б. жатады.
Федерациядеп  белгiлi бiр  саяси  тəуелсiздiгi бар  бiрнеше  мемлекеттiк
құрылымдардың, бiрiгiп  одақтық  жаңа  бiр  мемлекеттi құруын  айтады.
Федерация  мен  оған  кiретiн  субъектiлердiң  мiндеттерiнiң  арасындағы
айырмашылықтар  жалпымемлекеттiк  конституциямен  реттеледi. Əрбiр
субъектiнiң  өзiнiң  жоғарғы  билеу (заң  шығарушы, атқарушы, сот) органдары
болады. Бiрақ  олар  орталық  институттарға  бағынуы  тиiс. Мысалы, мұндай
федеративтiк  мемлекеттерге  Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия,
Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей жəне т. б. жатады.
Конфедерация  деп  өздерiнiң  кейбiр  амал-əрекеттерiн  үйлестiрiп, белгiлi
бiр  мақсаттарды (əскери, сыртқы  саясаттағы  жəне  т.с.с.) жүзеге  асыру  үшiн
бiрлескен  егемендi елдер  одағын  айтады. Онда  жалпыодақтық  азаматтық
немесе  ол  одаққа  кiрген  мүшелердiң  бəрiне  мiндеттi заң  шығарушы  билiк
болмайды. Оның  алған  шешiмдерi оған  кiрген  мүшелердiң  бекiтуiнен  өтуi
керек. Конфедерация  өмiрде  сирек  кездеседi. Мысалы, ол 1848 жылға  дейiн
Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда  Солтүстiк  Америка  штаттарында, 1981-
1989 жылдары  Сенегамбияда  болды. Қазiр  конфедерацияға  ұқсас  құрылымды
Еуропалық одақ құрмақ ойы бар.


43


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет