АҚҚУМЕН ІСТЕС БОЛСАҢ, КӨҢІЛІҢ ПӘК БОЛАДЫ, ҚАРШЫҒАМЕН ІСТЕС БОЛСАҢ, ТАМАҒЫҢ ТОҚ БОЛАДЫ, ҚАРҒАМЕН ІСТЕС БОЛСАҢ, ШОҚЫҒАНЫҢ БОҚ БОЛАДЫ Тапқырлығы, алғырлығы, әділдігімен ел құрметіне бөленген Мәтжанды ел 20 жасында-
ақ болыс етіп сайлайды. Оншақты жылдан кейін өткен қайта сайлау кезінде бұл мансаптан өзі
бас тартады. Үйезд бастығына «мені сайламаңдар» деп арыз береді. Мұны есіткен ағайындас
байлар:
– Басқа қонған бақты тепкенің қалай? —дейді. Сонда Мәтжан тұрып:
– Мен болыс болсам, халқыма пайдам тие ме деуші едім, оным бекер екен. Анау патша-
ның, шен-шекпенді жандаралдың көңілін табуым керек. Олай етіп болыс болғанша, болмаған-
ның өзі артық емес пе, —депті.
– Аққумен істес болсаң, көңілің пәк болады, қаршығамен істес болсаң, тамағың тоқ
болады, қарғамен істес болсаң, шоқығаның боқ болады. Осыған көзім жетті, —деген екен.
Әңгіме қандай адаммен істес, әріптес болғаныңа байланысты. Адал, пейілі таза адам- мен істес болсаң, көңіл-күйіңе кір түспейді, таза болады дегені. Атақ-дәрежелі, шенді-шек- пенді кісімен істес болсаң, қарның тоқ болады, ал ұры-қары, қарау, ел-жұртты тонаумен айналысатындармен істес болсаң, ішіп-жегенің харам болады дегені.